Авторлық құқықтық қолданылу мерзімі.

  1. Авторлық құқықтық қолданылу мерзімі.

 

         Автор – шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға. Туындыны жариялау – яғни, автордың келісімімен жариялау, көпшілік алдында орындау, қандай да болмасын өзге бір әдіспен эфирге беру арқылы туындыны жалпы көпшілікке алғаш рет жеткізетін іс-әрекетті жүзеге асыру, эфирге беру – туындыны эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымның хабарларын радио немесе теледидардан беру арқылы жалпы көпшілікке тарату.

         Авторлық құқықтық қолданылу мерзімі – автордың бүкіл өмір бойы және қайтыс болғаннан кейін елу жыл бойы күшін сақтайды. Автор құқын, оның есімінің құқын және автордың беделін қорғауға шек қойылмайды. Өсиетті орындаушы тағайындайтын тәртіп бойынша автор өзі қайтыс болғаннан кейін өзінің авторлық құқын, есімнің құқын және өзінің беделін сақтайтын құқын қорғауды жүктейтін адамды көрсетуге құқылы. Ол адам өз өкілеттігін өмір бойы атқарады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *