XVІІ ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙДІҢ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРЫ

XVІІ ҒАСЫРДАҒЫ РЕСЕЙДІҢ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРЫ

XVІІ ғасырдың екінші жартысында Ресей мемлекеттігінің дамуында абсолюттік ағартушылық билік туралы тұжырымдамалар басымдық ала бастады. Еуропамен саяси
және
экономикалық
байланыстардың
орнауы және ондағы болып жатқан мәдени-саяси жаңалықтар Ресей қоғамын айналып өтпеді. Әсіресе, Англиядағы буржуазиялық революция қоғамдық санада, саясатта, экономикалық-әлеуметтік салада үлкен бетбұрыс жасады. Революция нәтижесінде қоғамда жаңа әлеуметтік тап – буржуазия қалыптасты. Бұрын қоғамда өз орнын әлі анықтап үлгермеген буржуазия өкілдеріне революция жаңа мүмкіндіктер берді. Билікке араласа бастаған буржуазия пайда табу мақсатында жаңа ареалдарды игере бастады. Өзгерген қоғамда буржуазияның мүддесін қолдайтын өз идеологтары да қалыптасып үлгерген еді. Батыстағы буржуазиялық идеологтардың әсері Ресей қоғамына да әсерін тигізбей қоймады. Қалыптасқан саясиәлеуметтік тенденциялар «ағарған» абсолюттік монархия туралы саяси оқуларда өз көріністерін тапты. Осындай түрлі доктриналар олардың даму жолдарын көрсете отырып, экономикалық және саяси түрлендірулерді бір түйінге байлады.
Ағарған абсолюттік монархияның құқықтық дәйектемелерімен Самуил Петровский-Ситнианович (1629–1680 жж.) шықты. Полоцк қаласында дүниеге келіп, Киево-Могилевский академиясын тамамдап, 1659 жылы Полоцкідегі православтік Бого-явленск шіркеуінде Семеона атты есімді қабылдады. 1664 жылдан бастап Мәскеуде тұрды. Никольский көшесінде орналасқан Заиконопасс шіркеуіндегі мектепті басқару оның алғашқы атқарған қызметтерінің бірі болды. ХVIІ ғасырдың 60 жылдарының соңында Семеон Полоцкий патша балаларының мұғалімі болды, сонымен қатар, аула маңындағы ақын қызметін атқарып, богословскінің әр түрлі салалары мен ғылыми білімділерінің арқасында танымалдылыққа ие болды. Оның ең танымал деген шығармалары: 1666 жылғы «Жезл правления», 1668 жылғы «Вертоград многоцветный», 1679 жылғы «Рифмологион» атты өлеңдер жинағы. Семеон Полоцкий өз шығармаларында батыстық мәдениет пен білімділіктің жолсерігі ретінде шыққан болатын.
Ойшыл әлеуметтік теңсіздікті жақтаған болатын. Оның ойынша, барлық адамдар өз борыштарын атқару керек, әр адамның бұл өмірдегі өз орны бар. Орыс өміріндегі жаман нәрселердің ішінен Семеон Полоцкий жалқаулықты, мерекелер мен ішімдікті атап көрсетеді. Ойшылдың барлық шығармаларында еңбек сүйгіштік орын алады.
Семеон Полоцкий шығармаларындағы өзекті мәселелердің бірі – жоғарғы билік, оны ұйымдастыру мен оның қызметі. Ол алғашқы болып отандық саяси-құқықтық ойлар тарихында ағартушы монархияны қалыптастыру керектігін айтқан болатын. Семеон Полоцкий патша беделін дәріптеп, оны күнмен теңестіреді. Оның ойынша, патша ең алдымен білімді болуы керек, сонымен қатар өзін ғана емес, бүкіл халықты да білімге жұмылдыруы керек.
Ақын-ойшылдың ойынша, ағартушы монархия мемлекет болуы, ал оның қызметі заң жүзіне сүйенуі керек. Заң барлық адамдарға бірдей, патшаның өзіне және оның баласына. Барлық адамдар заңнан қорқуы керек деп көрсетеді.
«Шындық» терминін Семеон Полоцкий дәстүрлі түрде «заң» ұғымында қолданады. Ол патшадан «шындықты сақтауды» сұрайды. Оның ойынша, сот қызметі шындықты орнатуы керек. Семеон Полоцкий барлығына бірдей сот жүйесі болса екен деп армандайды (үлкен-кішілігі, түр-әлпетіне қарамастан). Оның ойынша, сот жүйесін ұйымдастыру бір түрлі болуы керек, демек барлығы үшін бір сот болуы керек.
Ойшыл Белоруссияның Ресейге қосылуын құптап, барлық славян халықтарының азат болуы туралы ойларын талай рет айтқан болатын. Оның ойынша, орыс патшасы барлық православ халықтарына ортақ жауларынан құтылуына көмектеседі деп ойлаған.
Орыс мемлекетінің сыртқы саяси бағытында Семеон Полоцкий орыс саяси ойларына тән дәстүрлі сыртқы саяси дағдарыстарды бейбіт жолмен шешуді ұстанады. Ол патшаға мемлекеттің бейбіт өмір сүру, жау шапқан кезде ғана соғысу, жеңілгендерге қайырымдылық көрсету керектігін айтқан.
Семеон Полоцкий тірі кезінде танымалдылыққа ие болды. Патша Федор Алексеевичтің сұрауы бойынша оның өліміне жазылған «Эпитафионе» кітабында Семеон мемлекет пен шіркеуге қажетті мейірбан адам ретінде суреттеледі.
Семеон Полоцкийдің ойларын замандасы Юрий Крижанич ары қарай дамытқан болатын.
Юрий Крижанич (1618–1683 жж.) Хорватияда дүниеге келген, Загребтік рухани семинарияны, одан кейін Венадағы Венгерлік рухани Хорватиялық коллегияны және Болоньедегі венгерлік-болгарлық коллегияны бітірді. 1640 жылдан бастап Ю. Крижанович Римде өмір сүр ді, онда ол қасиетті Афанасияның гректік коллегиумын бітірді. 1659 жылы орыс патшасы Алексей Михайловичке қызметке келеді, ал 1661 жылы жалған айыпталып, Тобольскіге жер аударылады. Мәскеуге жаңа патша Федор Алексеевичтің бұйрығы бойынша 1676 жылы қайта келеді. Ол Тобольскіде жер аударылып жүргенде «Саясат» атты еңбегін жазады. Еуропа мемлекеттерінің саяси жүйесімен танысуы, оған салыстырмалы сараптама жасауға және Ресейдің ары қарай дамуын болжауға мүмкіндік береді.
«Саясат» атты еңбегінде Ю. Крижанич көптеген мәселелерді қарастырады: экономикалық (өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, сауда-саттық); әлеуметтік (қоғамның құрылысын ұйымдастыру) және саяси-құқықтық (мемлекеттің пайда болуы және мақсаты, басқару формалардың классификациясы, сыртқы саясат). Оның сараптамасы шұғыл қайта құруды қажет ететін сыни нұсқаулар мен позитивті бағдарламалардан тұрады.
«Саясатта» мемлекеттің пайда болуы, оның мақсаты мен алған бағыттары зерттелген бөлінеді. Ю. Крижанич бойынша, мемлекеттің мақсаты – қоғамның барлық мүшесіне жаппай пайда әкелу. Корольдің парызы әділеттікті, тыныштықты, дінді, сотты, бейбітшілікті қамтамасыз ету.
Аристотель секілді, Ю. Крижаничта үш дұрыс басқару формасын көрсетті: абсолютті монархия, боярлық басқару немесе республика. Осылардың ішіндегі ең жақсысы абсолютті монархия. Дәл осы басқару формасын «эллиндік философтар» және «қасиетті әкелер» қолдады, өйткені бұл басқару формасы мемлекет ішіндегі тыныштықты сақтады. Абсолютті монархия әлемдегі ең көне және ең мықты басқару формасы.
Патша тағында Ю. Крижанич король-философты көргісі келеді. Корольдерге білім аса қажет, өйткені олар өз қателіктерінде үйренуге болмайды, олардың қателігі тек өзіне ғана емес, сонымен қатар халыққа да ауыр қиыншылықтар әкеледі деген.
Ю. Крижанич Платонға, Аристотельге және Цицеронға сүйене отырып, тирандарды және тирандық билеуді қатты сынға алады. «Тиран – ол қарақшы… Тиран билік басында болса, ол халық жағдайын ойламайды, мемлекет қойған мақсатына жетпейді, ол өзінің жеке мүддесін қудалайды, табиғи заңдарды бұзады. Мұндай басқарушыны халық емес, тек құдай жазалай алады», деп айтқан болатын.
Ю. Крижанич монархияның тиранияға айналмауының кейбір қырларын көрсетеді: біріншіден, тақта монарх-философ отыруы керек; екіншіден, жақсы заңдар қабылданып, оның орындалуын бақылау, үшіншісі, мемлекеттегі барлық сословиелердің нормативті регламентациясы (осыған байланысты қоғамға қатынасты әрбір сословиенің міндеті белгіленеді).
Ю. Крижанич әділеттілікті заң арқылы ғана орнатуға болады деп есептейді. Ол заң шығарушыларға үлкен талаптар қояды. Оның ойынша, заң шығару үшін мемлекеттегі бар заңды білу аз, ұзақ өмір сүрген мемлекеттердің заңдарын зерттеп, солардан тәжірибе алу қажет.
XVII ғасырдың екінші жартысында мемлекеттік құрылымда абсолютистік тенденциялар басымдық ала бастады, ол мемлекет экономикасының алдында тұрған өзекті мәселелерге түрткі болған.
Ондай теориялардың бірімен XVII ғасырдың ортасында Псков дворяны Афанасий Лаврентьевич ОрдинНащокин (1605–1680 жж.) шыққан болатын. Ол көрнекті саяси қызметкер және дипломат.
А.Л. Ордин-Нащокин бірінші болып орыс саяси ойларында Батыс Еуропада кең таралған «меркантилизм» идеясын жүзеге асырған болатын. Сонымен қатар әскери сұрақтарға да жауап іздеген болатын. Оның ойынша, Балтық және Каспий теңіздерінде отандық флот құрылысын жүргізу керек.
Сыртқы саяси көзқарастарында А.Л. Ордин-Нащокин көршілес мемлекеттермен достастық қарым-қатынас орнату керек деп есептейді, солардың ішінен ол славян халықтарын бөліп көрсетеді. Оның ойынша, Ресей бастаған экономикалық және әскери одаққа қосылу керек. Мұндай одақ славян мемлекеттерінің бірігуі мен дамуына өз үлесін қосады.
XVIII ғасырдың басында бюрократиялық аппараттың құрылуы мен жоғарғы биліктің іске асуы іс жүзінде сословиелік монархияның абсолютті монархия болу тенденциясы анықтаушы болды. Мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен басқару жүйесі түрлі өзгерістерге ұшырады: Боярлық дума өмір сүруін тоқтатты және оны Үкіметтік сенат алмастырды, қалаларда қалалық өзін-өзі басқару органдары – магистраттар пайда болды.
Петр І түрленуі мен мемлекеттің құрылу процессінің қарқындылығы саяси теорияларда көрініс табады. Кейбіреулері қоғамдық пікірді қалыптастыру керек деп ұсынса, басқалары мемлекеттік құрылымның жаңа мүмкіндіктерін қарастыру керек деп ұсынған болатын.
Сондай реформалардың жақтастарының бірі – архиепископ Феофан Прокопович (1681–1736 жж.) болды.
Феофан Прокопович украиндық сатушы отбасында дүниеге келген. Жас кезінде жан-жақты білім алады: Киево-Могиляндік діни академияда, одан кейін Польша, Рим және Германияның оқу орындарында дәріс алған. Отанына оралғаннан кейін ол ұстаздық қызметке бет бұрып, Киево-Могилянск академиясында математика, физика, астрономия, логика және риторика сынды пәндерден сабақ береді.
Феофан Прокопович Киево-Могилянск академиясының ректоры, Псковтік епископ, Новгородтік архиепископ және Әулие Синодтің вице-президенті болып қызмет атқарады.
Архиепископ қылқаламына мынадай шығармалар жатады: «Слово о власти и чести царской», «Духовный регламент», «Владимир» трагикомедиясы, «Поэтика»,
«Риторика» және бірнеше поэмалар.
Ф. Прокопович өз дәуіріндегі ең үлкен кітапхана иегері ретінде ең білімді адамдардың бірі болды. Өз концепциясын құруда ол антикалық және қазіргі заманғы батыс еуропалық ойшылдардың еңбектерін оқып, қолданған болатын. Өз ойларында Ф. Прокопович жаратылыстық-құқықтық теориялардың аргументтерін діни догматтармен ұштастыра білген.
Орыстың саяси-құқықтық ойлар тарихында ол бірінші болып мемлекеттің шығу үдерісін зерттеуге көңіл бөлген. Оның ойынша, қоғамдағы жоғарғы билік келіссөздер арқылы пайда болған, осының негізінде халық толықтай тәуелсіздігінен бас тартып, оны жоғары билікке табыс еткен болатын. Бірақ халық өзіне қалаған басқару түрін таңдауына мүмкіндігі бар. Солардың арасынан Ф. Прокопович монархия, аристократия, демократия және «аралас» басқару түрлерін бөліп көрсетеді. Ф. Прокоповичтің ойынша, аристократия мен демократия ел басқару үшін жағымсыз. Сонымен қатар, республика кішкентай территорияда орналасқан аз ғана елді мекенді басқару үшін керек.
Билікті ұйымдастыру формасы ретінде монархияны қарастыра отырып Ф. Прокопович екі түрлі нұсқаны зерттейді: шектелген және абсолютті. Шектелген монархияда мемлекет түрлі міндеттемелермен байланысқан, оларды бұзу биліктен айырылумен теңеседі. Ресей үшін ең тиімді басқару формасы болып абсолютті монархия табылады. Абсолютті монархия «ішкі және сыртқы» қауіптерден қорғайтын, адамдар үшін ең тиімді басқару түрі деп біледі.

Тақырыпқа қатысты ұғымдар мен түсініктер: монархия, ағартушы меркантилизм, сенат, уақытша үкімет, либерализм, диктатор, радикализм.


Тақырыпқа қатысты сұрақтар мен тапсырмалар:
1. XVII ғасырдағы Ресейдегі саяси ілімдердің даму ерекшелігін атап өтіңіз.
2. Батыс саяси ойшылдарының Ресейге тигізген әсері қандай?
3. Абсолюттік монархия идеясының Ресейде нақты мемлекеттік идеологияға айналуын түсіндіріп беріңіз.

Әдебиеттер:
1. Вопросы государства и права в общественной мысли России 16-19 вв. – М., 1979.
2. Золотухина Н.М. Развитие русской средневековой политико-правовой мысли. – М., 1985.
3. Грацианский П.С. Политическая и правовая мысль России второй половины 18 в. – М., 1984.
4. Покровский С.А. Государственно-правовые взгляды Радищева. – М., 1956.
5. Посошков И.Т. Книга о скудости и богатстве и другие сочинения. – М., 1951.

Реферат тақырыптары:
1. XVII ғасырда Ресейдегі саяси және құқықтық ойлардың қалыптасуындағы негізгі ерекшелік.
2. Семеон Полоцкий шығармаларындағы жоғарғы билік және оны ұйымдастыру мәселесі.
3. Юрий Крижанич «Саясат» еңбегіндегі мемлекетті басқару формасы мен түрлері және патшаға қойылатын талаптар туралы.
4. А.Л.Ордин-Нащокин
орыс
саяси
ой
тарихында
«меркантилизм» идеясын таратушы.
5. Феофан Прокопович Ресейдегі абсолюттік монархия идеясын қалыптастырушы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *