VIII ҒАСЫРДАҒЫ ТИБЕТ
XXIX тарау
767-781 жж. соғыс. Әрбір жеке дәуірді зерттеу үшін ерекше кілт қажет. Егер VIII ғ-дың бірінші жартысындағы Азияның саяси тарихын айқындайтын сәт Тан империясының алды-артын орап алатын негізгі ой-мақсатына түрік қағанатының қарсы шығуы болды десек, түріктердің апатқа ұшырауы мен Ань Лушань көтерілісінен кейін Тибеттің арта түскен белсенділігі саяси басымдылыққа жетті.
Империя армиясы Хэбэй мен Хэнань далаларында жер жастанып, түрік ордасы ыдырап кеткеннен кейін тибет әскерлері өздеріне қарсы қытай шаруаларының әскерге жұмылдырылған тобыры да, ұйғырлардың көп санды отрядтары да төтеп бере алмаған ең айбатты күш болып шықты. Оның үстіне 765 ж. уақытша бітім жасасқаннан кейін Қытай мен ұйғырия тіпті де бір-бірлеріне адал одақтастар бола қойған жоқ.
Осындай хал-ахуалды талантты әрі жігерлі цэнпо Тисрондедан өз мақсатына пайдаланып, батыс өлкесін жаулап алуын қайтадан бастады. Табысқа жеткен жағдайда ол керуен жолдарын өз қолына алып, Шығыс пен Батыстың бүкіл саудасының қожасы болатындығына үміт артты. Бұл пайдалы жағдайдан түсетін материалдық мүмкіндіктер Тибетті бұрын түрік қағанаты кеш жеткізгеніндей, Орталық Азияның гегемоны болуға жеткізер еді.
Тибеттіктер оңтүстікке де бұдан кем соқпайтын белсенділікпен ұмтылды. Ол жақтан бұлар өздерімен қандас және Қытайдан өзінің тәуелсіздігін сақтап қалуға талпынған Наньч-жао патшалығынан қолдау тауып отырды. Бұл онша үлкен емес, бірақ мықты мемлекет болатын және оның басқарушыларының ұстанған бағыты не тибеттіктердің табысты түрде алға жылжуын, не оңтүстік-қытайлық провинциялардың толық тыныштықта сақталуын қамтамасыз етер еді. Бұл арада бар мәселе дипломатияға байланысты болды.
767 ж-дың күзінде тибеттің жиырма мың адамдық армиясы Хуанхэ өзенінің ағысымен төмен қарай солтүстікке бет алып, Линчжоу бекінісін қоршады. 30 мың іріктелген әскері бар Го Цзы-и тибеттіктерді серпіп тастады. Алайда тибеттіктер болмашы шығынмен шегініп, келесі жылы Линчжоуды қоршап қамауын қайтадан бастады. Тек тибет бас қолбасшысының «кәрілігіне байланысты» отставкаға жіберілуі ғана қытайлықтарды сақтап қалды. Бұл жағдайда бас қолбасшының кәрілігі тек сылтау еді деп ойлауға болады, ал мұңда шешуші роль атқарған Тисрондедан сарайы маңындағы партиялардың өзара күресі еді. Бірақ, қалай болғанда да жаңа бас қолбасшы шабуыл бағытын өзгертіп жіберді. Даламен орағытып өтудің орнына, ол майданның орталық бөлігіне, яғни Шэньси провинциясына (Хачжоу, Лунси, Биньчжоу және Нинчжоу) барып килікті. Алайда ондағы халық шекаралық қытайлықтардан, тибеттіктердің қас жауы Цинь патшалығы баскесерлерінің ұрпақтарынан құралды. Солардың көмегімен қытай тұрақты әскерлері халық арасында сүйеніші болмаған тибеттіктерді екі рет талқандады. Тибеттің он мыңдық армиясының Оңтүстік Қытайға басып кіруі де сәтсіз болды. Қақ маңдайдан соғу стратегиясы өзін ақтамады.
773 ж. тибеттің 60 мың атты әскері солтүстік Ганьсуга басып кіріп, егіндіктердегі астықты таптап тастады. Сонан соң олар қайтадан орталық майданға лап қойды. Қытайдың екі армиясының қатты дал-далы шығарылғанымен, тез оңалып кетті әрі қарсы шабуыл ұйымдастырып, тибеттіктерді ығыстырып тастады. Сол шегіну кезінде тибеттіктер қолға түсірген өртенген орнынан зор болашағы бар тәжік халқы құрала бастады. Батыс далалары қыпшақ пен қарлұқ семсерлерінің жарқылы алдында бас иді, ал Еділде батыстүрік хандарының ұрпақтары қуатты Хазар патшалығын құрды. Көшпелілік дәстүрлерін сақтай отырып, хазарлар мен қарлұқтар ісләмнің тегеурінін тоқтатты.
Мансурдың күшті қолымен сығымдалған халифат жаңа күшке ие болды; арабтардың тайпалық көсемдерінің озбырлығы аяқталды, сөйтіп, үстемдікке қолы жеткен парсылар Бағдат халифатының мәдениетін дамыту үшін жаңа көкжиектер ашты. 756 ж. бөлініп шыққан Испаниядан басқа орталықтандырылған жүйе Гибралтардан Памирге дейінгі жерлерді біріктірді және оның болашақтағы ыдыраушылығын ешкім де алдын ала болжай алмады.
Жеңімпаз Византия арабтар мен болгарлардың тегеурінін тоқтатып, иканға табынушылыққа қарсы күреспен тынышы кетушілікке душар болды. Кішіазиялық мәдениет пен әскери дәстүрлерге сүйеніп, Константин Копроним эллиндіктің соңғы іздерін қырып-жойды және оған ешнәрсе қарсы тұра алмайтын сияқты болып көрінді.
Батыс Европа даму жолына түсті: оңда рим папасымен бірлесіп франктық король гегемон болды. Халықтардың ұлы қоныс аударушылығының жұрнақтары — лангобардтар, аварлар мен сакстар құр бекер қарсыласты; олардың күндері бітіп қалған еді, сондықтан Ұлы Карл 768 ж. таққа отырғаннан кейін өзіне дейінгі 140 ж. бұрын Тайцзун Ли Ши-минь әрекеттенгеніндей түрлі тайпалы империя құруға қам жасады. Ұлы Карлдың бұл әрекеті жеміссіз-ақ болсын, бірақ ол Европаның тағылықтан — соны мәдениеттің кең жолына шығуын белгіледі. Ал Лабтан Днепр мен Окаға дейінгі мүлгіген ормандарда дабылды күндері әлі алда тұрған славян тайпалары күштерін жинақтап жатты. Гүлденіп келе жатқан Ұйғырияны қоршаған дүниежүзілік жағдай, міне осындай болды.
Сол шегіну кезінде тибеттіктер ығыстырып тас-тұтқындарын қоса барлық олжаларынан айрылды. Өткен азаматтық соғыстан сілесі қатқан Қытай бітім жасағысы келді. 774 ж. соғысушы жақтар бір-бірлеріне елшіліктер жіберісті, мұның өзі әскери қимылдарды уақытша тоқтатты. Алайда келіссөздер табыссыз аяқталып, 775 ж. соғыс қайтадан басталды.
Қытайлықтар мен тибеттіктер бес жыл бойы бір-бірлеріне қатты соққы берумен болды, әйтсе де жеңістер мен жеңілістердің өзара тепе-теңдігі сол бойы сақталып қалы. Наньчжао кінәздігі алғашында қытайды қолдады, бірақ 778 ж. Тибет жағына шығып кетті. 779 ж. қытайлықтар оңтүстікте тибеттіктерді талқандады, сөйтіп, олардың шабуылының берекесін қашырды. Дегенмен, қытайдың Ұйғыриямен дауласуы тибеттіктерге солтүстіктегі шабуылдарын өрістетуге мүмкіндік берді. Ұйғырлар Солтүстік Қытайға басып кіріп, қытай армиясын бөгеп қалған кезде тибеттіктер Наньшанның солтүстік баурайы бойымен батысқа өтіп, Дуньхуанды қоршап қамады. Ұйғырлар кері қайтты, ал тибеттіктер сонда қалды, сөйтіп 780 ж. Дуньхуан тізе бүкті.
Шын мәнісіңде Қытай соғыста ұтылыс тапты, міне осыны жаңа император Дэцзун жақсы түсінді. Ол тибет тұтқындарын, турасын айтқанда әскери тұтқындарды емес, ал елшіліктің ұсталып қалған мүшелерін жинап алып, оларға киім-кешектен сый тартқаннан кейін, бәрін үйлеріне қайтарды. Солардың қасына қосылып жіберілген шенеунік Тисрондеданға императордың бітім жасасу жөніндегі ұсынысын жеткізді.
Тибет үкіметі әуелінде бастарына қона қалған мұндай бақытқа сене қоймады, әйтсе де соңынан бітім шарттарын алға тартты. Тибеттіктердің талабы территориясына жер қосып алуды және Тибет Қытаймен тең екендігін оған мойындаттыруды көздеді. Бітім шарттары Қытай үшін масқаралық болды, бірақ Дэцзун оларды қабылдады. Иә, ол басқаша ешнәрсе істей де алмас еді: 780 ж. шекара шенеуніктерінің бірінің ұйғыр саудагерлерін сабауы бүкіл Ұйғырияны атқа қондырды. Хан соғыс ашамын деп қорқытты, ал батыс шекара жақ жалмап жатқандықтан солтүстік шекарада әскер жетіспеді. Ол аз дегендей 781 ж-ғы ақпанда Хэбэде көтеріліс бұрқ ете қалды. Оны жасаған өз ұрпақтарына лауазымдарын бекітіп беруді талап етуші шенеуніктер болатын. Тақ тағы да шайқала түсті, әне сондықтан түптеп келгенде жеңілмейтін тибеттіктермен бітімнің қандай шартын болса да қабылдау әбден дұрыс еді.
Бітім шарты Цин өзенінің жағалауында жасасылды. Ол құрбандыққа шалынған иттердің, шошқалардың және қойлардың қанымен, сонан соң құрбан шалатын жердің қасынан салынған будда ғибадатханасында ант берумен жалғанды. Шартты император Чаньаньдағы «Батыс өлкесінің Ұлы Храмында» бекітті. Бұл тек бітім ғана емес, сонымен бірге одақтасу еді.
Тибеттің жеңісі шын мәнісінде де зор болды: керуен жолының маңызды бөлігі және Хотан мен Құша жаққа қарай кеңеюдің бар мүмкіндіктері тибеттіктердің қолында қалған болып шықты. Қытай мен Ұйғырия арасындағы жауластық бұл екі елді де әлсіздендіре түсті, ал хэбейлік көтеріліс пен Наньчжаоның берілгендігі Тисрондецанға шекарасын одан әрі кеңейте беру болашағын ашты. Тибеттің күш-қуаты өзінің шырқау биігіне жетті.
Ұйғырия. Моянчурдың жорықтары арқасында Ұйғырия мейлінше қолайлы жағдайда болып шықты: оның төңірегіңде күшті жаулары болмады. Шығыста қидандар, солтүстікте қырғыздар ұйғыр ханына бағынды. Батыста 766 ж-дан бастап қарлұқтар күшейді, бірақ олар өздерінің бүкіл назарын оңтүстік-батысқа аударды, сөйтіп Тарбағатайдың табиғаттық шекарасынан өтпеді. Оңтүстікте қаусаған Қытай жатты, әйтсе де сонысына қарамастан қытай гарнизондары Құшада, Қарашарда, Хотанда, Қашғарда және Бәйтінде тұрды. Бұл бекіністер ұйғырлар мен 755-760 жж. қытайдың солтүстік-батыс бұрышын (Ганьсу мен Шэньсу провинцияларын) басып алған, енді батыс өлкесін жаулауға кіріскен тибеттіктер арасындағы буфер (аралық мемлекет) болған еді.
Қытайлықтар мен тибеттіктер бір-бірлерімен қас дұшпандар болатын, сондықтан ұйғырларға осылардың біреуін таңдау керек еді. Ұйғырлар Қытайға бейнебір сауын сиырдай қарап, олардан қажеттісін мүмкіндігінше көбірек сорып алуға тырысатын, бірақ Тибетпен ешқашанда одақтаспады. Себебі желіге әуестенушілік пен буддизм арасындағы идеологиялық қарама-қайшылық мейлінше зор болды; олардың манихейлік ұстаздарының сөзімен айтсақ, тибеттіктердің «сайтанды будда деуі» тегіннен-тегін емес.
Кезектегі соғыстарда екі жақтың да ақылға сыймастықтай қаталдық танытуларының тамыры тереңде жатыр. Орталық Азиядағы діни соғыстардың діни күреске айналған әлеуметтік-саяси қозғалыспен емес, ал шіркеулердің жарыла бөлініп, сонан кейінгі крест жорықтары дәуірімен ұқсастығы бар. Ол тұста латындықтар, гректер, қарматтар және мұсылмандар, кейде тіпті саяси одақтар құра отырып, психологиялық жағынан бір-бірлеріне жат әрі өзара жаулас болғандығы соншалық, дәуір сипатын ешбір айқындай алмайтын жекелеген сатылушылық оқиғаларын айтпағанда, тіпті олардың арасында ешқандай да бір ымыраға келушілік мүмкін болмады. Кейбір жағынан алғанда Азия Европадан 300 жылға озып кетті: Тибет VII ғ-дың өзінде-ақ саяси өкімет дін басыларының қолында содан мемлекет болды, ал Ұйғырия сондай мемлекетке VIII ғ-дың екінші жартысында айналды.
Желіге әуестенушілік насихатшыларының белсенділігіне қарамастан Ұйғырия жаңа саяси бағытты бірден ала қойған жоқ. Ұйғыр мемлекетін құрушы алғашқы хандар Пэйло (744-745), Моянчур (745-759) және Идигань (759-780) өз тайпаларына сүйеніп, көк түріктердің хандарына еліктеуге тырысты. Азаматтық соғыс уақытында Қытайды тонап, олар оңда солардың қожаларындай өздерін жоғары ұстады. Чаньаньға келіп, олар базардағы қыздарды аулады, қазына аттарын тартып алумен болды және басқа ойларына келген бұзақылықтарын жасады. 762 ж-ғы келісім бойынша ұйғырлар бүркемеленген алым-салықтар алып тұрды: мұнда айдап әкелінген әрбір жылқы үшін 40 кез жібек мата төленді. Бірде ұйғырлар 6 мың жақсы жылқыларының орнына 10 мың көтерем аттарын алып келді, бірақ қытайлықтар оларға құн телеуден бас тартты. 775 ж. ұйғыр саудагерлері қытайлықтардың шыдам шегінен асып кетті. Ұйғырлар базарда бір шенеунікті өлтірді: қытайлықтар оларды ұстап алып, өмір бойы түрмеде отыруға соттады; сол-ақ екен ұйғыр агаманы әскермен келіп, түрмеге лап қойған бойда өз отандастарын босатып алды, ал түрме күзетшілерін ұрып-соғып, жарақаттап тастады. Тек астана халқына ғана емес, сонымен бірге қытай үкіметіне де енді бұлайша созыла беруі тиісті еместігі айдан анық нәрсеге айналды.
778 ж. Қытайда Дэцзун таққа отырды. Бұл баяғыда ұйғыр ханына тағзым етуден бас тартқаны үшін хан мұның жанындағы екі кеңесшісін таяққа жықтырғанына шыдап баққан Дэцзун еді. Оның ұйғырларға ықыласты еместігі түсінікті болатын. Осыны білетін Илиганьхан жаңа императорды тіл алғыштыққа күштеп көндіргісі келіп, 778 ж. Солтүстік Қытайға шабуыл жасады. Ян-кюй түбіндегі бірінші шайқаста ұйғырлар жеңді. Қытайлықтар өлідей 10 мың адамынан айрылды. Дегенмен, Дайчжоудың (Шэньсидегі) уәлиі оларды талқандап, шегінуге мәжбүр етті. Ұйғырлар бар болғаны «жол бойында түгел қырылған бірнеше он мың қойды» ғана айдап әкетті. Хан қытайдың нығайып қалғанын, онымен бұрынғы болып келген жағдайын сақтау үшін үлкен соғысқа әзірленуі керектігін түсінді. Шынында да 764-тен 780 ж-ға дейін Қытайдың халқы жарты миллион жанға көбейді (дәлірек айтқанда 85 мың семьяға — 485 мың адамға)», бұл оған 768 мың адамдық жаңа армия құруға мүмкіндік берді.
Өзінің күш-қуаты өсе түскенін ескеріп, Дэцзун тағы бір ауыр міндеттемесінен құтылды. Тоғыз-оғуздар астанада меймандар ретінде қазына есебінен тұрып жататын. Осының өзінен олар тым байып кеткен-ді. 780 ж. Дэцзун оларды Қытайдан жер аударды. Шекарада олардың қытай қыздарын жүк қаптарына салып әкетіп бара жатқандығы байқалып қалды. Шекарадағы әскери бастық тінту жүргізуге құқы болмағандықтан бір шенеунікті солардың біреуін балағаттауға жіберді. Ол ашуланып, әдепсізді қамшымен сабай бастады. Қытайлыққа осы жетіп жатыр еді. Әскерлер тоғыз-оғуздардың көшін қоршауға алып, тінту жүргізді, қыздарды тауып, «меймандардың» бәрін сөзге келтірмей, сол арада өлтірді.
Осы жөнінде білген император шекара бастығын басқа лауазымға ауыстырумен шектелді, сөйтіп, ұйғыр ханына істің мәнін түсіндіруге елші жіберді. Өз туыстарының қаны үшін ұйғырлар қытай қанын талап ететінін ол тамаша түсінді; олардың қытай үшін қорлықты саналатын сауда шарты берген пайдалардан бас тартпайтындығын білді. Бірақ сонда да Дэцзун сірә, қарсылық көрсетуге күшім жетеді деп есептеп, осы қадамға барды.
Бұл уақыт ішіңде Ұйғырияда төтенше елеулі өзгерістер болып өтті. 779 ж. Қытаймен арадағы қарым-қатынастары ушыққан кезде, олардың алдағы болатын соғыс жөніндегі пікірлері екіге жарылды. Олжаның көп бөлігі өздеріне тиетін болғандықтан тоғыз-оғуздардың соғысқылары келді. Одақтас тайпалар болса соғыс өздері үшін пайда келтірмейтінін, ал тек қауіп-қатер төндіретінін білді. Хан кетапіліктің пікірін қуаттамағандықтан ақсүйек Дуньмага-тархан көтеріліс ұйымдастырды. Хан, оның кеңесшілері және тоғыз-оғуз ақсүйектерінің 2 мың адамы көтерілісшілермен шайқаста қаза тапты, сөйтіп хан правосын заңсыз тартып алушы Кат Құтлуғ Білгі-хан деген құрметті атақпен таққа отырды. Аудармасында бұл атақ «өте бақытты кемеңгер хан» дегенді білдіреді.
Әрине, бұл оқиға қытай дипломатиясының араласуынсыз өткен жоқ. Хан орнын заңсыз иеленуші көтеріліс шығару үшін қытай елшісінен ақша алды. Бірақ осымен бірге ұйғырлардың қалың бұқарасы арасында хан сарайының сән-салтанаттылығына, кәдімгі киіз үйлердің орнына, хан әйелдері үшін гарем сарайларының салынуына және бөтеннің тамаша тұруы үшін алым-салық төлеудің қажеттілігіне наразылықтар күшейе түскен еді. Тоғыз-оғуздардың гегемондығына деген наразылық нағыз кескілесуге ұласты; сондықтан қытайлықтардың «меймандарға» көрсеткен зәбірі де ескерілусіз қалды.
Жаңа ханның Қытаймен берік түрде бітім жасасқысы келді. «Меймандардың» өлтірілгені үшін ол 781 ж. төлем алды. 783 ж. мынадай шартпен бейбітшілік бітімі жасалды: 1) хан Қытайдың вассалы (тәуелдісі) деп аталды; 2) ұйғырлар елшілігінің құрамы 200 адамнан аспайтын болып келісілді; 3) ықтиярсыз сауда үшін бір мыңнан аспайтын жылқы әкелуіне рұқсат етілді; 4) қытайлықтарды шет елге алып кетуге тыйым салынды. Келісім шарт 788 ж. некелесу жолымен және Тибетке қарсы одақ құру арқылы бекітілді. Жағдай тұрақтанды6.
Дуньмаға ел ішін берік те қатал басқарды. Оның әмірімен бұрынғы әулет ханзадаларының бірінің екі ұлы бірдей өлтірілді. Жазу Дуньмағаны ержүрек адам ретінде сипаттайды. Сірә, ол өз елінде әйгілі болған болуы керек, өйткені 789 ж. ол қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Долосы мұрагерлік тәртібінсіз-ақ таққа көтерілді. Жаңа ханды таққа ақсүйектер отырғызған болатын және ол солардан «Айдынлық улуг Куч-мунмыш Кучлук Білгі-хан», яғни «тамаша, еңселі, күші кемеліне келген қуатты данышпан хан» деген құрметті атақ алды. Ұйғырия сайланып қойылатын монархия болды.
Соғыстың қайтадан басталуы. Тез арада-ақ басып-жаншылғанымен хэбэй феодалдарының көтерілісі Қытайды сыртқы соғыстардан да гөрі қатты қалжыратты. Өкіметке ешкімнің де бағынғысы келмеді, соңдықтан 783 ж. Дэцзун Чаньаньнен қашуға мәжбүр болды.
Тисрондецан мұндай абыржушылықты ел ісіне қол сұғу үшін пайдаланып, қытай императорына көмек көрсетуге әскер жіберді. 784 ж. үкіметтік және тибеттік әскерлердің біріккен күштері Утинчуани маңында көтерілісшілер күштерін күл-талқан етіп, астанаға оралуға әзірлене бастаған еді, бірақ соры қайнаған Қытайда бұрқ ете қалған оба індетінің эпидемиясы тибеттіктердің табысты баянды етпей кері қайтып кетулеріне сылтау болды. Ал Қытайдағылар тибеттіктер көтерілісшілермен сөз байласты деп есептеді.
Императордың бақытына орай көтеріліске шыққан феодалдардың басшысын 786 ж. өзінің дәрігері у беріп өлтіргендіктен бүліншілік өзінен өзі басылды.
Әуел бастапқы келісім бойынша астананы қайтартып берген жағдайда көрсеткен көмектері үшін тибеттіктерге жаңа территориялар сыйға тартылатындығына уәде берілген болатын. Қытай үкіметі олардың уақытынан бұрын кетіп қалуын уәделерін орындаудан бас тартқандық деп қарады, ал тибеттіктер Утинчуани маңында көтерілісшілерді қиратып, жеткілікті еңбек сіңірдік деп есептеді. Қытайлықтардың уәделерінен айнығандығын олар өздерін алдағандық деп қабылдады және осыған ашуланып, солардың шекаралық облыстарына лап қойды, адамдары мен малдарын алып кетіп, егіндерін таптап тастады. Кенеттен бассалу арқасында бұл жолы оларға өздерінің қас жаулары — шекаралық қытайлықтардың үлкен бөлігін жойып жіберудің, сондай-ақ сол уақытқа дейін тибеттің солтүстік пен батысқа ұмтылуына кедергі болып келген Янчжоу, Линчжоу және Сячжоу бекіністерін басып алуларының сәті түсті.
Өздеріне қажетті нәрсесін алып, тибеттіктер қайтадан бітім жасасуды ұсынды. Тибет қолбасшысы пара беріп өзіне тартқан қытай генералы Ma Суй бітім жасасуға келісіп, баяндамамен астанаға жол тартты. Тибеттің бас командашысы Шан Гецзан бұл аралықтағы уақыттан ұтуды титықтаған бөлімдерін тылға жіберіп, олардың орнына жаңа күштерін әкеп қою үшін пайдаланды.
Чаньаньдегілер келіссөздер жүргізуге келісті, сөйтіп бітімнің өздеріне қолайлы шарттарын саудаласып алу үшін және тибеттіктердің басып алған жерлерін қайтаруына қол жеткізу үшін ең ірі шенеуніктер мен қолбасшылардан комиссия жіберді. Осы комиссияның мүшелері арасында бүлікті жуасытқан әскер басы Хуань Сянь де болған-ды: шарттың бұзылғаны үшін тибеттіктер дәл соны кінәлаған еді тағылармен келіссөздер жүргізуге олардың жеке жауын жіберу император тарапынан кешірілмес қате болды, міне осының өзі оқиғалардың барысына күшті ықпал жасады.
Өш алуға тырысып. Шан Гецзан опасыздыққа барды: атты әскерлер торылуы қытай депутатциясына тиісіп, оларды тұтқынға алды.Алайда Хуань Сянь жүгенделмеген бір атты ұстап алып, бекемделген лагерьге қашып жетіп үлгерді; оны соңынан қуды, бірақ бір де бір жебе оның денесіне дарымады. Осыдан кейін бітім жайында сөздің болуы да мүмкін емес еді.
Шан Гецзан талантты қолбасшы болды. Қол жеткен табыстарын ол енді Қытайға шабуыл жасауын барлық майдан бойынша кеңінен өрістету үшін пайдаланды. Қытай әскерлері тек шегінумен немесе тұтқынға берілумен болды, ал тибет атты әскерлері барлық жерде де тонаушылықпен айналысты. Шэньсидің батыс шеткейінің тұрғындары түгел дерлік жойылып жіберілді немесе Тибетке айдалып әкетілді, ал сол уақытқа дейін дәл солар тибет шапқыншылығына тосқауыл жасап келген болатын.
Қытайдың соғыста тағы да ұтылғандығы айқын еді. Бірақ осы арада қытай дипломатиясы іске кірісті. 788 ж. Қытай Тибеттің күшейгенінен және оның солтүстік-батысқа көз алартуынан өздері сияқты қауіптенген Ұйғыриямен қорғаныстық одақ құрды. Оңтүстіктегі Сычуаньда екі майданда күрес жүріп жатты: батыстан тибеттіктер жабылды, оңтүстіктен Тибетпен одақтас Наньчжао әскерлерін қарсы қойды. Одақтастар осылай қысқан қытай қолбасшысы Вэй Гао жауға теріс хабар тарату тәсілін қолданды. Ол Наньчжао патшасына оның «адал іш тартқандығына» алғыс айтқан хат жазып, оны тибеттіктердің қолына түсетіндей есеппен сонда жөнелтті. Олар өз одақтастары сатқындық жасаған екен ғой деп күдіктене бастады және оның Сычуаньға баратын жолын кесіп тастау үшін әскер корпусын жіберді. Бұл одақтастар арасына араздық ұрығын септі. Наньчжао әскерлері кері қайтты, ал тибеттіктер жалғыз өздері ғана қалып, 789 ж. жеңіліске ұшырады. Сычуань аман сақталды.
Вэй Гао мұнымен тынған жоқ: кіші-гірім бекіністерді қоршап қамаудан тұратын шағын соғыстарды жалғастыра отырып, ол Наньчжао патшасы Имосунға елші жіберді. Елші Имосунды Қытай жағына шығуға және оңтүстікте қимыл жасап жүрген тибет армиясының тылынан соққы беруге көндірді. Жон арқасынан соққы берулерін күтпеген тибеттіктер 793 ж. күйрей жеңілді әрі келесі жылы жаңа сәтсіздіктерден соң өз территорияларына шегініп кетті. Ұйғырияның соғысқа кірісуі солтүстіктегі оқиғаларға да жаңа сипат берді.
Соғыстың қызған кезі. Ұйғырия өзінің бағыныштылық жағдайын мойындаудан ұтылыс тапқаннан гөрі әлдеқайда көп ұтысқа жетті. Іс жүзінде қытайлықтарға ұйғырлар емес, ал ұйғырларға қытайлықтар тәуелді болды. Батыс өлке иеліктерінің Қытай астанасымен хат-хабарлар алысуы тибет әскерлерін орағытып, ұйғыр жерлері арқылы өтті. Батыстағы соғыс үшін Қытайдың атты әскерлері жеткілікті болмады. Міне, бұл жағдайдан тек ұйғырлар ғана құтқара алар еді және олар көмектесуге дайын тұрды, бірақ соның бәріне төлем берулерін талап етті. «Көшпелілердің талабында шек болмады». Әскерлеріне қытай төлем бергеннен кейін ұйғырлар тибеттіктермен соғысқа кірісті. Бірақ тибет дипломатиясы да неғұрлым белсенді болып шықты: тибеттіктер одақтастар тапты. Олардың жағында ұйғырлардың ежелгі бақталастары қарлұқтар, сондай-ақ Оңтүстік Жоңғарияда көшіп-қонып жүретін, ауыр алым-салықтардан азап шеккен шато тайпасы соғысуға шықты.
Ұйғырлар жаулап алған түріктер, шығыс қарлұқтары және баянь тайпасы бұдан да бетер азапты болды; бұлардың бәрі де тибеттіктерді құтқарушылар ретінде күтті. Ақырында тибетшілдік ой-мақсаттар хан Моянчур жаулап алған, бірақ жігерлері жасымаған қырғыздар арасында да өрбіп жатты. Ұйғыр езгісін серпіп тастауға ұмтылып олар да қарлұқтармен және арабтармен достық қатынас орнатуды көздеді. Бірақ, арабтар алыста, қарлұқтар әлсіз болатын. Сондықтан тек тибетке бағыт ұстау ғана ұйғыр езгісін төңкеріп тастауға сенім туғызды. Тибет эмиссарлары Енесейге қарлұқ жерлері арқылы өтті.
Осымен бірге тибеттіктер өздеріне Гибинь мен эфталиттерді бағындырып, Памирдің батыс беткейлерінде гегемондығын орнатқан еді. Олардың тибеттіктерге төлейтін алым-салығы дәрі-дәрмектерден және азық-түлік қорынан тұрды және бұлар, сірә, тибет армиясын жабдықтауға жұмсалған болуы керек.
Оңтүстік-батысында тибеттіктер өздерінің діндестеріне айналған Кашмир патшасымен достық қатынас орнатты. Бұл уақытта Кашмир Солтүстік Үндіде жаулап алушылық белсенді саясат жүргізіп жатты, мұның өзі Тибет тылының тыныштықта болуын қамтамасыз етті.
789 ж-дың аяғында тибет әскерлері Бесбалыққа (Бәйтін) бет алды. «Гйегяньгяс» деген құрметті атағы бар ұйғыр әскер басы қаланы құтқаруға келіп, толық жеңіліске ұшырады, бұл оқиғада шатолықтардың опасыздық жасауы шешуші роль атқарды. Бәйтін 790 ж. тізе бүкті. Бұл — қытайлықтар жергілікті халықтармен бірлесіп кеткен Құшаның, Қарашардың, Хотанның және Қашғардың тағдырын шешті. Арасы кесіліп тасталған аталмыш иеліктерден Қытайда бұдан былай ешбір хабар-ошар болмады, сірә, олар өздерін өздері қорғауды ұйымдастыра алған сияқты, әне содан тибеттіктер оңтүстік Тянь-шань маңының қожасы бола алмай қалған шығар. Мұның есесіне Турфан көгалды алқабын өзіне қосатын Сичжоу облысы метрополиеге (орталыққа) өзінің адалдығын сақтап қалды. Бұл — қытайлықтар V ғ-дан Турфанға қоныстанып, жергілікті халықты қытайландырып жібергендігімен оп-оңай түсіндіріледі. Әйтсе де, Сичжоу көшпелілердің буырқанған теңізіндегі шағын арал болды, сөйтіп, ондағы қытай гарнизонының шешуші маңызы жоқ еді.
Келесі жылы тибеттіктер өздерінің қатынас жолдарын қамтамасыз етуге тырысып, Хуанхэ өзені бойымен төмен қарай солтүстік-шығыс бағытта шабуылдауын жалғастырды, бірақ Лин-чжоу маңында оларды ұйғыр әскерлері талқандап жіберді. Ұйғырлар кеткеннен кейін тибеттіктер соғыс науқанын қайтадан бастады, Шүйкеучжай бекінісін жаулап алып, төңірегін тонағандығы соншалық, тіпті ол бұдан әрі қарсы шабуылға шығу үшін плацдарм ретінде қытайлықтарға қызмет етуден қалды. Шекаралық соғыс шапқыншылыққа тойтарыс берумен және талқандалған бекіністерді қалпына келтірумен тұйықталды.
Құрбандыққа ұшырағандардың арасында Гэсэр ұрпақтарының патшалығы да болды, неге екені белгісіз, тибеттік түпкі материалдар оны түріктік деп атайды. «Тибеттің қызылбетті пері тәрізді әскерлері түріктік өш патшалыққа басып кіріп, өздерінің қара шатырларын соның жеріне тікті. Жұрдай болған тұрғындарды мондардың еліне алып кетіп, сонда оларға үй-жай берді». Осыдан кейін Батыс Тибетте өздерінің шығу тегін Гэсэрден бастаған кінәздердің әулеттері пайда болды.
Сол 791 ж. тибеттің басқа армиясы Хотанды бағындырды, осы арқылы Жоңғарияда қимыл жасап жүрген әскерлердің тылда қамтамасыз етті. Сол кезде қытайлықтар өз күштеріне сенуден қалып, арабтардан көмек сұрады. Харун-ар-Рашид мейлінше күшейіп бара жатқан тибеттіктерге қарсы соғыс қимылдарын бастауға келісім берді, сөйтіп, оның әскерлері тибет күштерінің жартысынан астамын тұсап тастады. Ал мұның өзі оқиғалардың одан әрі өрбуіне барынша ықпал жасады.
Солтүстіктегі соғыс.Сол шақта Жоңғарияның кілті — Бәйтін бекінісі үшін кескілескен соғыс қайтадан басталды. 790 ж. талқандалған қытай генералы әрі Бәйтіннің уәлиі Ян Си-гу өз жерімен Чичжоуға (?! — мүмкін бұл Ыстықкөл маңындағы Тянь-Шань тауларына орын тепкен «Қызыл алқап»— Чигу шығар) қашты. Гйегянь-гэс Ян Си-гуге күш біріктіріп, тибеттіктерді қуып шығуға ұсыныс жасады, бірақ тибеттіктер толық жеңіске жетті.
Ұйғыр-қытай әскерлерінің үштен екі бөлігі шайқас даласында жер жастанды. Гйегяньгэс басқа әскерін жинап алып Сичжоудағы қытай бекінісін тонамақ болды, ал қытай уәлиіне Қытайға кетуді ұсынды. Адал ниетті шенеунік Ян Сигу жағдайдың түзелмейтінін көріп, өзін-өзі өлтірді, ал тибеттіктердің одақтастары — шығыс қарлұқтары жоңғарияны жаулап алды. Ұйғырлар қытайдың «төрт бекінісі» әлі де тізе бүге қоймаған оңтүстікке шегіндіріліп тасталды. Соларға сүйеніп, ұйғырлардың саңдақ отрядтары тибет армиясының тылдарына соққы беріп отырды және үш жыл бойына олардың солтүстікке шабуыл жасауына кедергі келтірумен болды. Бугур маңында олар тибет армиясының атты әскер құрамын толықтыруға арналған жылқы үйірлерін барымталап алды, ал соның артынша Циктам мен Чонга түбінде тибет отрядтарын талқандады. Хотан бағытындағы сәтті диверсиясымен тибеттіктердің оңтүстіктен қосымша күш жеткізуіне бөгет жасады. Ақырында 795 ж. қатары толықтырылған ұйғыр әскерлері Бәйтін маңында тибеттіктерді жеңіліске ұшыратып, осы арқылы тибеттің шабуылдауын бұратала тоқтатты».
Туған далалары кеңістігіне шыққан ұйғырлар өз қағанат құрамына кіретін қарлұқтар мен түркештер арасындағы тибеттік көңіл-күйді басып-жаншу қажеттігімен кезікті. Тибеттің басып кіруі бұл тайпаларға бостандық әкелген еді, сондықтан ұйғыр әскерлерінің қайтып оралғанын олардың қуанышпен қарсы ала қоюы мүмкін емес-ті. Сірә, олар тибеттіктерге қолдау көрсетуге тырысып-ақ баққан, бірақ солар сияқты бұлар да Болчу өзені маңында талқандалған. Ұйғырлар үш жылдық соғыс науқанында ұтысқа жетті.
Тіпті соғысушы екі мемлекетте болған өзгерістердің өзі де соғысты тоқтата алмады. Тибетте 796 ж. ұлы қолбасшы Шан Гецзан және 797 ж. Тисрондедан қайтыс болды; Ұйғырияда Иологэ әулеті қиылды, сөйтіп 795 ж. ақсүйектер талантты қолбасшы Құтлуғты, билігін шектеуге оның келісімін ала отырып, хан көтерді. Таққа отырысымен ол жеңіп шығу оңайға соқпайтын қиыншылықтарға тап болды.
Тибет дипломатиясы өзінің көздегенін жүзеге асырды: ұйғырлардың тылында 758 ж. оған бағынған кезде автономиясын сақтап қалған қырғыздар көтеріліс жасады. «Құтлуғ қырғыздарды басып-жаншып алды, олардың елін талқандады, сөйтіп олардың мемлекеттік істері доғарылды, олардың жерінде тірі адамдар қалған жоқ». Мұның соңғысы, сірә, көп асыра айтылғандық болар , бірақ қалай дегенмен сол талқандаудан кейін тұтас 20 жыл бойына, яғни, жаңа ұрпақ өсіп жетілгенше, қырғыздар жөнінде ешнәрсе есітілмеді. Қазір Минусинск музейінде 22-нөмірмен сақтаулы тұрған құлыптастың Тувада орнатылуы үшін кезінде міне, осы оқиға себепші болмады ма екен? Бұл құлыптас ұзындығы 3,4 метрлік құмтастан қашалып жасалған төрт қырлы бағана. Оның жалпақ қырының біріне тікеден-тік түсіріле үш қатар етіліп руна жазуы жазылған. Солардың астынан ұшы төмен қарай түсірілген доға тәрізді имек сызық тартылған да, оның орта шенінен жоғары жақтан крест жанастырылған (С. В. Киселевтің суреттеуі). Жазудың мазмұны мынадай:
«Сіздерден, менің жүз таныс жамағайындарым, менің халқымның алты руынан, Сіздерден мен бөліндім [яғни, өлдім]. Менің батырлық есімім Акбаш-ат-ых. Мен жетпіс жастағы Ынал-огя.
Менің ерлік айбыным зор! Менің белдігімнің әшекей-қапсырмасы болды. Жауларымның арасынан мен 30 батырды өлтірдім!»
Және де құлыптастың бір бүйірінен осы жазуға мынадай қосымша жазылған:
«Менің халқымның алты руының күшімен ол осында тас орнатты…» Егер төменде ұсынылып отырған болжамды қабылдасақ, онда ескерткіштің мазмұны айқын бола түседі. Алты-бағ-будун, яғни, алты бектің халқы — бұл 780 ж. кейінгі ұйғырлар. Ак-баш-атык, сірә, жүз басы болып, ұрыста қаза тапқан тәрізді, ал алты бек халқының жеңіске жеткен ханы, яғни ұйғырлардың ханы оны мәңгі есте қалдырған. Жеңіске жеткен жағдайда ғана осылай болар еді, ал IX ғ-да қырғыздар ұйғырларды жеңіп отырды. Біздің болжамымызға құлыптастағы крес те қайшы келмейді, себебі желіге әуестенушілер (манихейлер) Христі еске түсіріп құрметтейтін, тіпті манидің өзі де көріп шегеленіп тасталған болатын. Жазу жолдарының тікеден-тік түсуі де осыған тән нәрсе, өйткені кейінгі уақыттардағы (Х-ХІ ғғ.) ұйғырлардың манихейлік жазуы дәл осылай болған. «Ескерткіш әріптерінің орхондық емес екендігі кәдімгідей білініп тұр». Егер жоғарыда баяндалған көзқарасты қабылдасақ, онда орнынан алынып минуетин музейіне әкелінбеген жағдайда құлыптас бізге шайқас орнын көрсете алар еді.
Мұнан соң әскерлер қайтадан тибеттіктер мен шығыс қарлұқтары әрекет жасап жүрген Бәйтіннің төңірегіне өтті. Жазу тым бұлыңғыр баяндайтын ұзақ әрі қиын ұрыстардан кейін ұйғырлар жеңіске жетті және Бәйтін бекінісінің қалдықтары солардың қолына көшті, ол қайтадан Бесбалық қаласы болды. Шабуылға шығу үшін тірек тауып, ұйғыр ханы сол кезде тибеттіктер қамап қоршаған Құшаны құтқаруға аттанды. Ұйғырлар жауды алдап торуыл қойылған жерге әкеліп, бүкіл корпусты тас-талқан етті. Бірақ, құтқарылған құшалық қытайлықтар жақсылық істегенді білмейтіндер болып шықты, сөйтіп, айбынды құтқарушы өздерінен талап еткен алым-салықтың мөлшері жөнінде олармен саудаласа бастады. Мұндай сараң одақтастарына қарсы әскери экспедицияны ханның жеке өзі басқарды. Олар қарсыласып көрген еді, бірақ талқандалып, батысқа қарай тура Ферғананың өзіне дейін қашты. Онда, Нарын жағалауыңда қашқындарды ұйғырлар қуып жетіп, түгін қалдырмай тонап алды. Осыдан соң аман қалғандары өздерінен алым-салық қабылдауды «көз «жастарын төге, жалбарынып» сұрады, ұйғыр ханы бұған қайырымдылықпен келісті. Осылайша батыстағы қытай иеліктерінің қалдықтары Ұйғыр хандығының құрамына енді.
Көп кешікпей оған батыс қарлұқтарымен қақтығысуға тура келді , әйтсе де ол қақтығысу ұйғырлардың пайдасына шешілді. Құтлуғ ханның соңғы ерлігіне шығыс қарлұқтарын жуасытуы және оларды қолдаған тибет армиясын талқандауы жатады. Шығыс қарлұқтарының жабғысы билік жүргізуден шеттетіліп, елінен қуылды. Бұл шайқастар Тянь-Шаньнің оңтүстігінде өтті, себебі қашқандардың соңынан қуып, ханның Ферғанаға жеткендігі керсетілген7.
Бұл оқиғалардың бәрі 795-805 жж. аралығындағы бір он жылдықтың ішіңде өтті. Жазу толық хронология үшін деректер бермейді, ал қытай хабарлары бұл фактілер жөнінде үндемей қалған. Жазу тарихтың ақтаңдақ беттерін толықтырады58, сөйтіп, енді бізге ұйғырлар тибеттіктердің батысқа шабуылын тек тоқтатып қана қоймай, сонымен бірге оларды Жоңғариядан ығыстырып шығара алғандығы да айқын бола түсуде. Тибеттіктер шегініп бара жатып одақтастары шато түріктерін бірге ала кетті, сөйтіп, оларды Ганьчжоу облысындағы Наньшань тауы бөктерлеріне қоныстандырды. Бұл — шатолықтарды қырып-жоюдан сақтап қалды, өйткені ұйғырлар Бәйтіннің құлауын әділетті түрде солардың сатқындығынан көрді.
Сонымен, қантөгісті соғыстар мен жан қинар жорықтардың нәтижесінде жауластардың күштері тепе-тең екендігі: ұйғырлар Құша мен Қарашарды сақтап, ал тибеттіктер Хотан мен Қашғарды ұстап қалғандығы айқындалды60.
Шығыс пен батыстағы соғыс. Тибеттіктердің едәуір күші батыста байланып қалғандығын пайдаланып, қытайлықтар олардың жаңа патшасы Муни Дзенбоның бітім жасасу жөніндегі ұсынысын қабылдамай, бүкіл майдан бойынша қарсы шабуыл бастады.
798 ж. тибеттіктер солтүстікте, Яньчжоудағы Хуамачи түбінде, ал 800 ж.— Линчжоуда жеңіліске ұшырады. Оңтүстіктегі Сычуаниде Вэй Гао тибеттің екі бекінісін басып алды. Тибеттіктер бұған 801 ж. қиратарлық шабуылмен жауап қайтарып, соның нәтижесінде Линчжоу бекінісін басып алды, сөйтіп қытайлықтар шабуыл жасайтын базасынан айрылды.
Жаудың ел ішіне ендеп кіріп кетуінен қорыққан қытай үкіметі Вэй Гаога Оңтүстік Тибетке диверсия жасау жөнінде бұйрық берді; бұл операцияның бір ғана мақсаты болды, ол — жаудың күшін шешуші бағыттан аударып әкету еді. Вэй Гао жиырма мыңдық армиясымен Тибеттің Сычуаньдағы иеліктеріне басып кіріп, тосқауылын талқандады, сөйтіп жеті қаласы мен бес бекіністі жаулап алды, бірақ Вэйчжоу мен Куньмин қамалдары оларды ілгері бастырмады. Тибет қолбасшысы Мединдэ жеңілгені үшін қуғындалатынынан қорқып қытайлықтарға сатылып кетті, ал Лунь-манжо шығыс армиясының командашысы кызметіндегі оның орнын басқан Мулун-си-симе қытайлықтар қойған торуылға түсіп қалып толық жеңіліске ұшырады әрі тұтқынға алыңды. Әйткенмен бекіністер жаудың қоршап қамағанына төтеп беріп, содан қытайдың оңтүстіктегі шабуылы сәтсіздікке ұшырады.
Соған қарамастан 802 ж-дан бастап тибеттіктер Қытаймен бітім жасасуға барынша тырысты. 806 ж., тіпті, тұтқындар алмасылды. Әңгіме мынада: тибеттіктердің арабтармен қарым- қатынасы бұзылды. Егер 777 ж. тибет патшасы халифті таныған болса, 785 ж-дан бастап Орта Азияда араб-тибет шекаралық соғысы жүріп жатты, ал 806 ж. тибеттіктер мен қарлұқтар Самарқандтағы Рафи ибн-Ляйстің көтерілісін әскери күшпен қолдады.
Осыдан әрі не болғаны айқын емес, бірақ 811 ж. Мамун азамат соғысы басталар алдында өзінің ағасы Аминмен ашына шағымдасты: «Қарлұқ жабғысы бағынудан кетті, дәл осындай бағынбаушылықты Тибет қожасы хакан да танытуда; Кабул патшасы шапқыншылық әзірлеуде; Отырар патшасы алым-салық төлеуден бас тартуда». Қарлұқ жабғысы, ұйғыр ханы, тибет патшасы және қытай императоры сияқты құрметтілерге қатысты «бас июшілік» термині арқылы жай ғана дипломатиялық қатынастардың орнатылғандығы түсінілген болса, онда «бас имеушілік» термині бойынша әлгіндей қатынастардың үзілгендігін және соғыстың әзірленіп жатқандығын түсіну қажет. Келтірілген текст тибеттің сыртқы саясатының құлаш сілтемі жөнінде түсінік береді, өйткені мұнда арабқа қарсы бірлестік мүшелері атап көрсетілген. Алайда, шығыстағы оқиғалар тибет экспансиясының (жаңа территорияларды басып алуға ұмтылушылығы) қайтадан басталуын мүмкін емес етіп тастады.
806 ж. шамасында ұйғырлар шабуылдарын жалғастыра отырып, Ляньчжоу бекінісін алды және осы арқылы тибеттіктерді матап қойды. Тибеттіктер өздері сүйенген шатолықтардың бұларға адал емес екендіктеріне секем алып, бұл тайпаны Цайдам таулы өлкесіне ауыстырмақшы болған еді. Шато өзінің бір кездері Қытайға қызмет еткендерін, онда өздері құрметті болғандарын естеріне түсіріп, басқыншыларға қарсы көтерілді. 808 ж. бүкіл халық — 30 мың киіз үй иелері Наныпань тауының солтүстік бөктері және онан соң Таошуй өзені бойымен Қытайға қарай ағылды. Тибеттіктер оларға килігіп, тура қытай шекарасына жеткенше соңдарынан қалмай қойды. Әр күн сайын аяусыз шайқастар жүріп жатты. Қытайға бар-жоғы 2 мың ғана салтатты мен аздаған мал аман жетті. Қытайлықтар сау қалған батырларды қабылдап, оларды азық-түлікпен және малмен жабдықтады, сөйтіп олардан ерекше шекаралық корпус жасақтады.
Шатоның қолдауынан айрылып, тибеттіктер өзінің агрессиясын доғарды. Сол аралықта ұйғырлар Қытаймен жанжалдасып үлгерді. Соғыс өрті өзінен өзі сөнді.
Ұйғырлар мен қытайлықтардың арасына от жаққан татаптар еді. 788 ж. олар татарлармен (шивэйліктермен) бірге Қытайға шапқыншылық жасады. 795 ж. қытайлықтар «60 мыңдай адамын» қырып-жойып, олармен есеп айырысты. Бұл жағдай татаптарды ұйғырлардың құшағына итерді, сөйтіп, 806 ж-ғы келесі шапқыншылықтарын олар енді солармен бірлесіп жасады. Татаптардың ұйғырлар қол астына қарауы 830 ж. дейін созылды. Сол жылы татаптар кезекті шапқыншылығын жасаған кезде, қытай әскерлері оларды тас-талқан етіп, көсемін қолға түсірді. Император тұтқынға қалпақ, белдік және әскери шен сыйлады. Осы арқылы тұтқыннан босатылған көсем қытайдың тәуелдісіне айналды. Ұйғырлар мұны қалай болса солай парықсыз қабылдады, өйткені олардың назары бүтіндей ішкі істеріне ауған еді.
809 ж. тибет-қытай келіссөздері қайтадан басталды. Алайда тибеттіктер Ұйғыриямен де бітімге келуді қалап, жортуыл ұйымдастырды, яғни Қытайда ұсталып отырған ұйғырларды олардан тартып алып, сол босатылғандарды туған отанына қайтарды. Ұйғырлар тибеттіктерге алғыс айтып, 813 ж. Батыс қорған маңындағы «Үйеңкі алқабына диверсия жасады, мұның өзі ұзаққа созылып кеткен келіссөздер кезінде Қытайды тым көнгіш етіп, жіберді. Сол жолы Қытай шекарада айырбас сауда жасасу жөніндегі Тибет ұсынысын қабылдады. Айырбас сауда тибеттіктерге пайдалы еді. Өйткені, олар енді өздеріне қажетті товарларды қытай шенеуніктері арқылы емес, ал тікелей халықтың өзінен, яғни арзан бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Әйтсе де қытайлықтар үшін бұдан да ұнамсыз жағдай — Шофан маңында тибеттіктердің Хуанхэ өзенінен өтетін көпір салып алуы еді. Олар бұл көпірді үймектермен нығайтып, сол арқылы кез келген уақытта Ордосқа, ал одан Қытайдың қорғансыз облыстарына өтуге мүмкіндік алды. Алайда қытайлықтарға бұған көнуге тура келді, өйткені провинциялық губернаторлардың жылдан-жылға жиілеп кеткен көтерілістері олардан әскерге адам шақырудың да, соғысты жалғастыра берудің де мүмкіндіктерінен айырды.
Соғыстың соңы. Тибет армиясы ұйғыр-қытай бірлігін күйрете алмады, бірақ тибет дипломатиясы көмектесті: ол жауласушы екі мемлекетті бөліп, Тибетке оларды бір-бірлеп соғуға мүмкіндік әперді. Тибеттіктер өздерін шығыс жақтан қауіптенбейтін етіп және ұйғырлардың көмегімен Қытайды бітім жасасуға көндіріп, 816 ж. солтүстікке, тұпа-тура ұйғырлар астанасы Қарақорымға тап берді. Дәл сол уақытта ұйғырлар тылында қырғыздардың жаңа көтерілісі бұрқ ете қалды және ол жолы сәтті болды. Одақтастардың іс-қимылдары үйлестірілмеді деуге келмейді.
Жорық тек ойда болмаған жағдай салдарынан ғана толық табысты аяқталмады: 816 ж. тибеттің «есімсіз гамбосы» қайтыс болды, сондықтан қолбасшы Шан Шацзанның таққа өзіне ұнамды ханзаданы отырғызуға қатысу үшін Тибетке қайтып оралуына тура келді. Алайда, ұйғырлар бұл жағдайды өз мақсаттарына пайдалана алмады, себебі олар қырғыздармен соғысып жатқан еді, ал ол соғыс 20 жылға созылды.
Қытайдағылар Ұйғырияның кемсітілуін онымен одақ құрудағы ауыртпалықты зардаптардан құтылу үшін пайдаланып қалды. 806 ж. Чаньаньға бірінші рет ұйғырлардың жай адамдардан емес, ал желіге әуестенушілер діндарларынан құралған елшілігі келді. Бұл дінге және оның «жетілгендерінің» уағыздаушылық қызметіне теріс көзқараста болғандарына қарамастан қытайлықтар Ұйғыриямен қарым-қатынасын бұзбау үшін олардың астанада жүріп-тұруына амалсыз шыдауға мәжбүр болды. Ал ұйғырлар қуатының әлсірегені, Тибетпен бітім жасалғаны анықталысымен қытай үкіметі желіге әуестенушілерді ұйғыр саудагерлерінің қолтығына су бүркесіңдер және сауда-саттықта қиянатшылыққа жол бересіңдер деп айыптап, 817 ж. оларды елдеріне қуып жіберді. Тіпті ойдан шығарылмағанның мұндай айыптау істің нақты жағдайын бейнелей алмас еді. Конфуциандықтар мистикаға да және көшпелілер мәдениетіне де қарсы белсенді күрес жүргізді, ал бұл арада осы екеуінің өзара үйлесуі көзге бадырая көрініп тұрған еді. Елшілікті кері қайтару қытай-ұйғыр одағының ажырағанын дәйекті етті.
Тибеттіктер тек осыны ғана күтті. Сол жылы тіпті Чаньаньнан өздерінің елшілігі оралып үлгерместен, олар Қытайға тарпа бас салды. Қайтадан бүкіл шекара бойынша шайқастар қыза түсті, бірақ қытай әскерлері тибеттіктердің шабуылын тежей алды. Қытай мен ұйғыр басқарушылары қатерлі жау алдында бірлесу керек деген ұйғарымға келді. 821 ж. екі елдің одағы қайтадан қалпына келтіріліп, некелесу арқылы бекітілді. Тибет қолбасшысы Шан Цисир Орхон алқабына шабуыл бастағанымен, ол нәтижесіз аяқталды, себебі тибеттің одақтасы — қарлұқтар бұл уақыттары Ферғанада арабтармен соғысып жатқан еді, сондықтан ұйғырлар тибет шабуылын тойтара алды.
Бұдан әрі соғысудың мәні болмады, сондықтан тибеттіктер жаңадан жаулап алған барлық территорияларды өздерінде қалдыру шартымен Қытайға бітім жасасуды ұсынды. Атты әскерлері болмауы себепті қарсы шабуылға шығуы үшін ешбір мүмкіндігі қалмағандықтан Қытай мұндай шартты қабылдап, 821 ж. соңында соғыс аяқталды.
821 жылғы Тибет Қытай бейбітшілік келісімі. Бұл келісім Лхастағы ескерткіш құлыптас жазуында сақталып қалған. Соның мазмұнын келтірейік. «Оқымысты, жауынгер әрі әке сыйлаушы Ұлы-Тхан императоры, асқан дана әрі құдай берген Ұлы Тибет кябу, екі патша; нағашысы мен жиені екі елді қосу туралы ойлап, ұлы әрі мәңгі бейбітшілік жөнінде ант-су ішкен келісімге келді.
Рухтар мен адамдар осы ісіміздің куәсі болды, болашақ ұрпақтар оны мадақтап әкетеді. Сондықтан да мұны келешек ұрпақтарымызға жеткізу үшін міне, осы жазуы бар құлыптасты орнаттық. Оқымысты, жауынгер әрі әке сыйлаушы император, асқан дана әрі құдай берген кябу, осы екі патша өздерінің шынайы көрегендік және ақылдылық қасиеттерімен халықтардың берік ынтымақтастығын басқарады; өкініш сезімін таратып, барлық елдерге қайырымдылық рухын шашады, халықтарға тыныштық пен бақыт беруге бір пікірлестікпен келісіп, көрсететін осы жақсылығымен ұзақ мерзімді береке-рахатқа негіз қалайтындарына сенеді. Көршілестік достықты орнықтыруға деген бұл ынтымақты талпыныс оларды шынайы даңққа бөлейді. Осыдан келіп, алдағы уақытта екі мемлекет — Қытай мен Тибеттің тиісті шептеріңде Тхаочжеу мен Миньчжеу қалаларынан шығысқа қарайғы жерлер Ұлы-Тхан патшалығына, сол шекарадан батысқа қарайғы жерлер — Ұлы Тибет еліне жатуға тиіс.
Бұл екі мемлекет қантөгісті жауластықты тоқтатуға, қару көтермеуге, бір-бірлеріне шабуыл жасамауға міндеттенеді. Егер қандай бір жағдаймен біреу өзгенің аймағында болып қалса, ондай адамды тірідей тұтқындап, жауап алып біткенше оны киіммен және тамақпен жабдықтау керек, және өз елінің тыныштығын бұзбау үшін рухтарға құрмет, адамдарға сүйіспеншіліқ көрсетіп, оны өз отанына қайтару қажет. Нағашысы мен жиені арасында осындай өзара достық қалыптасқандықтан қиыншылықты жағдай кездескен сәтте олар бір-бірлеріне қол ұшын беріп (қарайласып — Л. Г.), көмек көрсетуге тиіс. Екі мемлекеттің арасында әрдайым тұрақты байланыс болуы ескеріліп, екі жақтан да жөнелтілетін елшілердің Цзянцзюньчу алқабында аттарын алмастырып отыруларына жағдай туғызу керек. Тхаочжеу мен Миньчжеуден шығысқа қарай Ұлы-Тхан сарайы, батысқа қарай Ұлы-Тибет сарайы почта ұстауға міндетті. Шекараларда от пен шаң аспанға көтерілмеуі үшін, екі жақтың да (патшалардың) қайырымдылығын ардақтап, елдегі тыныштық жайында үнемі қам жеуі үшін; саяхатшылар сақтанымпаздықтан арылып, тұрғындар тыныштықпен рахаттанып, өзара шапқыншылық болмауы үшін нағашы мен жиен арасындағы жақындасушылықты толық дәрежеде көре білген жөн. Осындай жақсылықтарды болашақ ұрпақ құлағына құйғандықтан бұл даңқтың үні күн мен ай жарық сәуле түсірген жердің бәріне тарайды. Тибеттік Тибетте тыныштық дәмін татсын қытайлық көңілділік желігіне бөленсін; осы ант-су ішіліп жасалған келісімді сақтап, әркім оны мәңгілікке үзбеуге тиіс. Осы антымызды құдайлар мен ақылмандар алдында, күннің, айдың және жұлдыздардың нұр сәулелері астында, құрбандыққа шалынған малдың үстінде тұрып бекітеміз.
Бұл келісімді сақтамағанды ант ұрсын, соның әкелер апаты оны күйрететін болсын. Тибет патшасы мен қытай елшілері бастарын жерге дейін иіп, осында дәлме-дәл бейнеленген келісімді бекітеді. Екі патшаның бұл рақымшыл ізгілікті істері ұрпақтар арасына кеңінен жайылып, даңқы мәңгіге кетеді, сөйтіп олардың қол астындағылар өз бастарына төгілген игілікті шексіз дәріптейтін болады».
821 ж. Қашғарда қытай өкіметі қайта қалпына келтіріліп, онда генерал-губернатор тағайындалғаны туралы қысқа хабар келісім мазмұнына аса маңызды қосымша болып табылады. Бұл Тибеттің батыс шекарасында орын алған оқиғаларды білуге жарық сәуле түсіреді. Ол уақыттары қытайлықтардың өз күшімен болсын, қырғыздардың көтеріліс жасауына байланысты бар назары солтүстікке ауған ұйғырлардың көмегі арқылы да Қашғарды жаулап алуы мүмкін болмағандығы барынша айқын. Соған қарамастан тибеттіктерге ту сыртынан әрі қатты соққы берілгендігі соншалық, олар Қашғарда өз үстемдігін қайта қалпына келтіре алмады. Бұл арада жағдайды түсіндіретін бір ғана мүмкіндік сол — тибеттіктерді қашғарлықтардың өздері қуып шығып, ұйғыр жері арқылы Қытаймен байланыс орнатқан. Мұнда бұрындары ұйғыр ханынан қашқан Батыс өлкесіндегі қытай колонистері аз роль атқармаған шығар деп те ойлауға болады. 821 ж-ғы Хотанның жағдайы да мүлде белгісіз, бірақ тибеттіктер онда да бекіне алмады. Сірә, Хотан соғысушы жақтардың аралығында амалдай жүріп, сол арқылы өзінің тәуелсіздігін сақтап қалған тәрізді. Әйтсе де азын-аулақ мұңдай шығындар Тибет үшін бейбітшілік бітімінің маңызын кеміте қойған жоқ.
Бұл бітімге буддалық-бағыттағы тибет тарихшысы қысқа болса да толық баға береді. «Қиянға созылған ақ пердеге ұқсас тау тізбегі қоршаған жер ортасы нүктесінде жадап-жүдеген қытайлықтар тізерлеп тұрып бітім жасасуды сұрады, сөйтіп, сол жерге ескерткіш құлыптас орнатуға асықты әрі онда тасты қашап жазу жазды. Оңтүстікте Тибеттің күш-қуатына Үнді (Бихар мен Бенгалия) бағынды, солтүстікте бүкіл моңғол мемлекеттері тізе бүктіріліп жеңіп алынды» (бұл арада оңтүстік моңғолдар — хорлар сөз болып отыр.— Л. Г.).
Шынында да осынау орасан зор соғыста жеңіс Тибеттің үлесіне тиген еді. Керуен жолы, түпкілікті жаулап алынды, бұрынғы Цинь кінәздігінің шекаралық жаугершіл қытайлықтары түгел құртылды, ал одан әрі қытайдың ішкі жағына қарай шабуылдаудың мәні болмады, себебі Қытаймен күресуші елге қытайлық элементтерді енгізу тек оның ішкі күш-қуатын әлсіретуі мүмкін еді. Қырғыздармен соғысудан Ұйғырияның қол-аяғы байлаулы болды. Қырғыздардың көсемі Ажо өзін хан жариялап, өз жеңістеріне масаттанған ол менмендікпен ұйғыр ханына былай деп мәлімдеген: «Сенің тағдырың бітті. Жуық арада мен сенің алтын ордаңды жаулап аламын, оның алдына өзімнің атымды байлап, ордаңның төбесінен өз туымды желбіретем. Егер менімен «жекпе-жекке шыға алатын болсаң, онда тез арада жет, егер шыға алмайтын болсаң, онда тез арада тайып тұр». Тибет патшасының екінші одақтасы — қарлұқ жабғысы арабтарды ығыстырып, исләмнің далаға тарауын тоқтатты. Тибет өзі арқылы Шығыс пен Батысты бөлді, сөйтіп, солардың арасынан тең дәрежедегі үшінші болып орнығып қалды. Оның төңірегіңде енді қауіпті жау қалмады, әйтсе де шынайы қауіп-қатер елдің өз ішіңде жасырынып жатты.
Бон және буддизм. Тисрондецан мен оның ұрпақтары басқарған уақыттары Тибетте не болып өткеніне көз жүгіртейікші. Әлсіз басқарушылар (Цэнпо) өз қол астындағыларға қарсы күресу үшін өздерінен басқа ешкім де ұнатпаған әрі сыйламаған буддалық қауымнан көмек іздестіргенін еске түсірейік. Соғыс кезінде күш қашанда жеңімпаз қолбасшылардың қолында болады, ал армия қатарында монахтар емес, тек бон дінін ұстанған қаруланған халық жаумен шайқасты емес пе. Цэнпо Мэагцом тірі болған кезде ол будда монахтарының қауіпсіздігін сақтап қала алды және оларға бірқатар қолдаушылық көрсете білді. Бірақ 755 ж. ол қайтыс болғаннан соң, таққа жасөспірім Тисрондецан отырған кезде, нақты өкімет билігін ақсүйек Мажан тікелей өз қолына алды. Ал ол буддизмнің ымыраға келмейтін нағыз қас жауы болатын.
Мажан буддалық әдебиеттердің таратылуына дәйекті түрде кедергі жасап бақты және патша негізін қалаған екі монастырьді таратып жіберді. Ұлы Лавран кумириясы қырғын орнына айналдырылды. Сол кезде буддалық ақсүйектер астыртын сөз байласып, оған патшаның өзі қатысты; Мажан ұстап алынып, діншіл буддашылар ешкімді өлтірмеуге тиісті болғандықтан да ол жер асты лақытына салынып қамауға алынды, ал мұндай шара жағдайында Мажан өзінен өзі өлді. Патша билікті қайтадан өз қолына алды, сөйтіп Тибетте буддизмнің гүлденуі қайтадан басталды. Пұтқа табыну орындары қайтадан ашылды, Лхас алаңында қара дін (бон) мен буддизм жақтастарының араларында айтыс ұйымдастырылды және де соңғылары, әрине, жеңіп шықты. Бірақ жеңілгендердің тағдыры тым қайырымдылықпен шешілді: бон кітаптарының бір бөлігі ғана отқа жағылды, ал екінші бөлігін буддашылар өздеріне қабылдады.
Қол жеткен келісім Тисрондецанға бір жағынан шығысқа, солтүстік пен батысқа қарай кеңею ісін өрістетуіне, екінші жағынан — енді қауіпсіз болатындарына кепілдік беріп, будда насихатшыларының жаңа тобын шақыруына мүмкіндік берді.
Көп кешікпей әр түрлі қауымға жататын будда монахтарының өздері басымдыққа жету үшін күрес бастап, соның нәтижесінде қытайлық үнділіктен жеңіліп, Тибетті тастап кетуге мәжбүр болды. Алайда, содан бірнеше жылдан кейін жеңімпазды жеңілгеннің шәкірттері өлтірді.
Ральпачан ценпоның (816-839) тұсындағы ұзаққа созылған күрестің нәтижесінде сарвастивадиндердің хинаянилік қауымы жеңіп шықты210. Бұл жеңістің толық болғандығы соншалық, тіпті патша өзге діни қауымдар шығармаларының аударылуына және махаяндық немесе тантриктік буддизмнің уағыздалуына тиым салды. Мұндай саясаттың салдары айтарлықтай болды.
Тибетте басымдыққа жету үшін күрескен үш діни қауымнан сарвастивадиндер онша әйгілі емес еді. Ашулы рухтар мен дуалаудың күшіне сену барлық жерде орын алғандықтан тибеттіктер ашулы рухтарды қуушы тантриктік дуалаушылар пайдалы болуы мүмкін екендігімен келісті. Махаяндықтардың тездеп құтқару деп аталатын ілімінің мәні мүлде әрекетсіздікке —»ешнәрсе істемеуге» бағышталатын. Тибеттік үшін мұндай монахтар зарарсыз саналды, өйткені тақуаны асырау түкке тұрмайтын еді. Сарвастивадиндер мән-мағынасы «игілікті істерді» атқарудан тұратын «баяу құтқаруды» уағыздады. Яғни, бұл — храмдар, монастырьлер, пұтқа табынатын орындар салу және заңды уағыздау деген сөз еді. Әрине, оларға кететін шығындар халық бұқарасының мойнына салынып, жаңа діннің гүлденуінен олар кедейленіп, қайыршылана түсті. Тибеттіктер бұған күңкілдей бастады. «Біздің кедейленуіміз бен қаналуымыздан кімдер пайда түсіреді?»— деген сұрақтарын алға тартып, «Міне, мыналар» деп ламаларды көрсетті. Патша дін адамдарына жек көрініштілікпен қарауға және оларды саусағымен нұсқап көрсетуге тиым салды; бұл үшін ондайлардың көздерін ағызу және сұқ саусақтарын кесу жазасы қолданылды, әйтсе де бұл шара көмектеспеді. Ал патша өзінің әйелімен байланысты болды деп айыпталған бірінші министрін өлтіруге бұйрық бергенде тіпті сарай маңындағылар да шыдай алмай, патшаның ұйықтайтын бөлмесіне кіріп барып, оның мойын омыртқасын үзіп жіберді.
Өлтірілгеннің таққа отырған інісі Лангдарма буддизмнің жауы болды. Елге келген аштықты, малдың өлім-жітімге ұшырауын және басқа апаттарды пайдаланған ол осы бақытсыздықтардың бәріне деген кінаны Будда дініне жауып, оған қуғын ұйымдастыра бастады. Пұтқа табынатын орыңдар қиратылды, кітаптар мен икондар не отқа жағылды, не суға таралды, ламалар аңшыларға және қасапшыларға айналдырылды, ал мұндай бақытсыз кәсіптен бас тартқандар өліммен жазаланды. Осылайша Тибеттегі буддизм қысқа мерзімнің ішінде жойылды.
842 ж. Лангдарманы буддалық дәруіш өлтірді. Ұрыс-таластар мен көтерілістер туды, ішкі соғыстың 20 жылға созылып, оның елді толық титықтатып аяқталғаны соншалық, Тіпті қытайлықтар тибет істеріне көңіл бөлуін доғарды. Осының салдарынан Тибеттің Х-ХІ ғғ-дағы тарихы жөніндегі мәліметтер мейлінше жартымсыз болып қалды. Бірақ, қалай дегенде де жалпы нұсқа айқын: патша өкіметі жойылып жіберілді, ал тайпа көсемдері майда кінәздіктер құрып, олар үнемі өзара соғыс жағдайыңда өмір сүрді211.