VII Ғ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС
XV тарау
Кавказға басып кіру. 626 ж. жазында аварлар мен парсылар Константинопольге шабуылды қайта бастайды. Бұл Кат Елхан шығыс түркіттердің атты әскерін бастап, Қытайға басып кірген кезде болған еді,ендеше мұндай сәйкестіктің кездейсоқ болуы неғайбыл. Маусым айында авар атты әскері империя астанасын құрлық жағынан қорғап тұрған ұзын қабырғаға жетеді, ал парсылар Босфордың көкшіл суы жағасынан барып шығады. Бірақ гректер парсылардың европалық жаққа көктей өтуіне жол бермейді де, аварлар шабуылға өздері ғана шығады. 7 тамызда олар ойсырай жеңіліп, терістікке қарай қашады, ал парсы корпусы Сирияға шегініп кетеді. Ираклий қайтадан шабуылға шығуға мүмкіндік табады және бұл жолы көптен күткен көмегін де алады.
Вэй өзені бойындағы бітім Түн-жабғыханның байлаулы қолын босатады. Енді ол өзінің шығыстағы шекарасына алаңдауын қойып, Византияны қолдау үшін қалың әскерінің бір бөлегін батысқа жөнелтеді. Парсылар түркіттерге онша мән бермейді, өйткені Кавказдың арғы бетіне баратын жолға қорған болып тұрған Дербент бекінісінің беріктігіне кәміл сенеді. Ілгеріде Хосрой Ануширван салдырған ерен қабырға таудан Каспий теңізіне дейін 40 шақырымға созылатын және атты жауға өткел бермес бөгет саналатын.
Парсының тұрақты әскери бөлімдері батыстан босамай жатқан, сол себепті де агвандардың жаңа жаудан өз бетімен дербес қорғануына тура келеді. Агван жасақтарының қаруы тым қарапайым еді: олар садақпен, сүңгімен қаруланатын, сауыт тіпті қалқанның өзі бәріне бірдей жете бермейтін. Жаяу алқандылар әскердің айрықша түрі — сүңгілер мен қаруланған апангаларды құрайтын, тек әскербасылары ғана сол кездегі әскери техниканың жетістіктерімен жабдықталған: олар торғауыттың сыртынан қысқа киіз шапан киетін, содан оған жете де, сүнгі де дарымай, «түсіп қалып» жататын. Армяндар мен грузиндер де тап осылай жарақталған еді, әлбетте, түркіттердің көксауытты атты әскерін бұл жасақтар тоқтата алмайтын.
Дербент қабырғасы қашалған үлкен тақтатастардан қаланғанды, оның биіктігі 18—20 метр болатын. Оның теріскейге қараған, бекіністі 30 мұнарасы бартұғын. Үш қақпаның үшеуі де темірмен құрсанғанды, қабырғаның шығыстағы қанаты айналып өте алмайтындай етіліп, Каспий теңізінің терең жеріне дейін тартылғанды. Алайда кез келген бекініс оны тың көңілден қорғауға ұмтылып, қорғай білген күнде ғана алынбас қамалға айналады.
Дербентке жасалған шабуылды Монсей Каганктваци мейлінше көркем суреттеген: «Гайшах» (агван кінәздарынан шыққан парсы уәлиі) ұлы қала Чорды қорғаушыларға, ғажайып қабырға-қамал үстінде тұрған жасақтарға не болғанын өз көзімен көреді, осынау қабырғаны салдыру үшін, архитекторларды жинап, әртүрлі материалдарды іздестіріп, парсы патшалары біздің елімізді әбден тұралатып тастаған еді, ақырында Кавказ тауы мен Шығыстың ұлы теңізі арасынан осынау ұлы құрылысты салып шықты да… Шаштары дудыраған албастылар сияқтанып, өздеріне қарай ұмтылып келе жатқан кірпіктері жоқ, жалпақ бетті, кеспірсіз, жексұрын тобор тарапынан төнген қорқынышты қауыпты сезген қала тұрғындарының жан-иманы қалмай шошынып, түршігіп кетеді. Әсіресе оқтарын бұршақтай боратып, бас көтертпей қойған, сосын ар-ұяттан айрылған жыртқыш қасқырлар секілді, бұларға тап беріп қаланың көшелері демей, алаңдары демей, қанқұйлы қаталдықпен бұларды қырып салған қайратты мергендерді көргенде жанын қоярға жер таппайды. Еркектер мен әйелдер ішінен сұлуы да, сүйкімдісі де, жасы да олардың көзінен ешбір аяушылық көрмеді; тіпті ештеңеге жарамайтындар да, ешбір зиян келтірмейтіндер де, жарымжандар мен қариялар да қан қақсатылды; олар ешкімді де аямады, бауыздалған аналарын құшақтап жылап жатқан балаларды көргенде олардың жүрегі аяушылықтан елжіремеді, қайта бұл кәззаптар олардың кеудесінен сүт орнына қан саулатып кетеді. Қу қамысқа тиген өрттей болып, олар бір есіктен кіріп, екінші есіктен шығып, арттарына жыртқыш аңдар мен құстардың ойранын қалдырып кетіп отырды».
Өткел бермес бекіністің құлағаны күллі Агванияның зәре-құтын қашырады. Агвандықтар әдепкіде қашқаннан қашып, астанасы — Партавқа барады, сосын қаланы қорғап қалатынына сенбей, тау ішіне жаппай сіңіп кетпекші болады. Түркіттер мен хазарлар босқындарға Қатанқатұйық деген қыстақта қуып жетеді де, олардың бір бөлегін құртып, екінші бөлегін тұтқынға алады.
Сосын Грузияның кезегі келеді. Түркіттер мен хазарлар «бапкер, саудагер, ұлы да даңқты шаһар Тиблисті қоршап, қамап алады» Ұзамай оларға өз әскерімен император Ираклий келіп қосылады. Көсемдердің кездесуі керемет сән-салтанатпен өтеді: жабғы императорға барып, оның иығына бетін басып, тағзым етеді, ал анау мұны құшақтап, оны ұлым — деп атап, басына өз тәжін кигізеді. Содан кейін хазарлар көсемдеріне арнап той жасалады, олардың бәрі сый-сияпатқа кенеледі — киім-кешек, сырға-моншақтар алады, ал император жабғыға өзінің қызы Евдокияны әйелдікке беретіні жөнінде уәде етеді.
Алайда, бастаушылардың бір-біріне көрсеткен ынта-ықыласына қарамастан, қаланы қоршаудан пайда шықпайды. Тблисидегі парсы гарнизоны табандап міз бақпайды; ержүрек патша Стефан күн сайын сыртқа шығып, бүйідей тиіп, тыным бермейді, оның өзі жанын пида етсе де, жақтаушылары жауға берілуді ойларына да алмайды. Екі жақтың әскері де бекініске лап қойып, шабуыл жасамайды. Ираклий өз адамдарын қорғаштаса, жабғы өз әскерін аялайды, екі айлық қоршаудан кейін, алдағы күзде келеміз деп, хазар әскері кетіп қалады.
Ираклиймен бірге 40 мың адамы бар қол қалады, жабғы оның басына өз ұлы Бөрішадты қояды. Бірақ олар да «аз-аздап жылыстап кете бастайды да, ақырында оны тастап, бәрі қайтып кетеді».
Тбилисидегілер масайрап, императорға Теке деп ат қойып, қорлай бастайды. Ираклий оны ізгі жақсылық нышаны деп біледі, өйткені Даниилдің кітабында Батыстың серкесі Шығыс қошқарының мүйізін опырады делінген. 627 ж. күзінде ол қаланы қамауын тоқтатып, тыныққан әскерін бастап, жау тылымен бас айналарлық қиын жорыққа шығады. Ол батысқа Ахалдыққа дейін шегініп барады да, оңтүстікке қарай бұрылып, Араксті Двиннің жоғарғы жағынан кесіп өтеді. Сол арадан Урмия көлін айналып, Ниневияның қираған үйіндісі маңында Тигр өзенінен барып шығады да, 12 желтоқсанда қолбасшы Рахзаданың әскерін күйретеді. 628 ж. қаңтарында гректер Ктезифон қасындағы шах сарайларын талқандап, өрт қояды, парсыларда оларды тоқтататын күш қалмайды.
Иранның ішкі резерв-қорлары таусылады да, енді Ираклийдің жеңімпаздықпен алға жылжуына ешбір бөгет болмайды. Бұдан әрі қарсылық көрсетуден ешбір нәтиже шықпайтынына көзі жеткен иран бекзаттары 628 ж. 29 ақпанында төңкеріс жасайды. Олар Хосройды тақтан құлатып, көзін жояды да, таққа оның ұлы Кавад Широені отырғызады, сөйтіп бітімге келуді сұрайды. Ираклий ойламаған жерден оған оп-оңай келісе кетеді. Шын мәнісінде бұл сепараттық бітім болатын, өйткені түрік-хазарлар әлі соғысып жатқан.
Ираклийдің осынау түсініксіз қимылын талдағанда, бір жәйтке — ол ең бастысы, сенімді тылы болмағандықтан да бес жыл бойына жаудың жұлынын үзерлік соққыны бере алмағанына көңіл бөлу керек. Сирия мен Кіші Азияның бір бөлігін парсылар басып алғанды, Кавказдың арғы бетіндегі христиандар не монофизиттер болғандағы, тек сол себептен ғана Хосрой Парвиздің дінді алаламайтын үкіметімен көндігісіп кеткенді, не саясаттың аңлысын аңлап, мәселен, Ивериялық Стефан сияқтанып, Иранмен одақ жасасқан болатын. Тек хазарлардың көмегі ғана Ираклийдің жүгін жеңілдеткенді; Кавказдың арғы бетіндегі парсышыл көзқарасты басып-жаншып тастаған түрік хазарлар болмаса, Ктезифонға жасаған жорықтың сәтті аяқталуы екіталай еді.
Ежелгі дұшпаны талқандалып, енді оны біржолата күйретіп тастау мүмкіндігі туған кезде, Ираклийді осындай аса құнды одақтастарын тастап кетуіне мәжбүр еткен не нәрсе?
Шынында да парсылардың бірден-бір нақты күші — Шахрвараздың Халкидонды қоршап жатқан армиясы 628 ж. бас кезінде Хосройға қарсы шыққан болатын, сөйтіп Ираклийдің баласы Константинмен бітімге келіп, шахиншахқа қарсы күресу үшін отанына қарай беттеген еді. Бұған себеп — Хосройдың, өзіне мойынсұнбағаны үшін, Шахрвараздың көзін құрту жөніндегі бұйрығы болатын. Бұл хат гректердің қолына түседі де, олар оны дереу Шахрваразға береді, ал анау өз жанынан бұйрыққа тағы да қоластындағы офицерлердің 400 фамилиясын қосады да, оны жариялап жібереді, сөйтіп көтерілісті туғызады, осының арқасында ол кейін мемлекет басына келеді. Екінші бір талантты қолбасшы, батыстың падгоспаны Шахин да Хосройға жақпай қалғанды. Шахиншах оны армиядан шақыртып алып, сотқа тартпақшы еді; тек шахтың қазасынан кейін ғана Шахин бір ажалдан құтылады.
Сонымен бітім шартын жасасқанда Ираклийдің асығуына себеп болған нәрсе — батыс оқиғалары емес екенін ашып айтқан жөн. Демек, мұның жауабы біреу ғана. Краклий одақтастағы өзін жалғыз тастап кетіп, осы жеңісінің жемісінен айрылып қалам ба деп қорыққан. Оның бұл қаупы, шамасы, 627 ж. шығыс оқиғаларына байланысты болса керек, ал ол оқиғалардың соңы неге апарып соғатынын болжау мүмкін еместі.
Мазасыз уақытша келісім. Взй өзен бойында жасалған бітімі кейін, ол кезде «қой да тыныш, қожа да тыныш» болады. Түркіт ханының ерлігі жөніндегі хабарды «Ұзын құлақ» бүкіл ұлан далаға жайып жібереді, сол себепті де сеяньто тайпасы 627 ж. аяқ кезінде Батыс қағанаттан бөлініп, Шығыс қағанатына бағынғанды жөн кереді». Бір жағынан алгакла, соңғы үшін бұл зор табыс еді, өйткені енді Кат Елханға бүкіл терістік Жоңғария қарайды да, батыстан келетін қауып өзінен өзі жойылады. Екінші жағынан қарағанда, бұл қосылу Шығыс-түрік мемлекетіндегі телелерді күшесе тінді. Ол татолар ұйғырлармен тіл табысып, 628 ж. Басып келген одақтасып алады да, олардың сұлтандары — сеянтостың Инаны мен ұйғырлардың Пусасы — өзара бірін-бірі қолдап шыға келеді.
Жағдай осылай болып тұрған кезде, түркіттер үшін бәрінен де қауіптісі — наразы бодандар санының көбейгені еді. Қытай мәліметтері бойынша, ұйғырлар саны 100 мың адам болған, оның 50 мыңы (?!) сарбаз екен, ал сеянтолап 70 мың шатыр— деп есептелген яғни аналгрдан да көп. Осындай oрaсан көп және асқан жауынгер бодандарды тек келісуімен ғана басқаруға болатын еді. Елдегі саяси жағдай түркіт билеушісіне мұндай мүмкіндікті жасамайды.
Вэй өзені жағасындағы бітім Кат Елханды қанағаттандырмайды: тан империясының күш-қуаты соншалық бой бермейтіндей деңгейге жеткен жоқтұғын, ал батыс түркіттерінің баса-көктеп кіретін қаупы сейілген, өйткені олар Иранменен бір үлкен соғысқа араласып кеткенді, сөйтіп бар күші Кавхаздың арғы бетінде байланып қалғанды. 627 ж. өзінде Кат Елхан жаңа соғыс жайын ойлай бастайды да ілкі іс ретінде, Түн-жабғының Тан үйі ханшайымына үйленуіне кедергі жасайды және ол мұның жерінен өтер кезде оны міндетті түрде ұстап қалатынын айтып, ескертіп қояды. Түн-жабғы қамыққанымен, қолынан келер қайраны болмайды. Бірақ бұл түркіт ханынан сырт айналған еді. 627 ж. қысында қар қатты жауып, сіресіп қалады: малдан, тіпті жылқыға дейін, тігерге тұяқ қалмайды; елді жұт пен аштық жайлайды. Ханның алым-салығы ауыр болады да, сеянто, ұйғыр мен байырқу тайпалары дүр көтеріледі.
Кат Елхан әуелі ұйғырларды жәукемдеп тастамақ болады. Ол Төлес ханға ұйғырларға шығыс жақтан шабуыл жасауға әмір етеді, ал батыс жақтан оларға қарсы хан баласы Үкішад қалың қолды бастап аттанып кетеді. Ұйғырдың қайратты да талантты* көсемі Пуса тек 5 мың атты әскермен ғана Үкішадқа қарсы шығып, Малишан тауының етегінде оны тас-талқан етіп жеңеді. Тянь-шань өңірінде оларды өкшелей қуып келе жатқанда, Үкішад немере інісі Ашин Шенядің көмектескеніне қарамастан, ұйғырлар көптеген жаралылар мен қалып қойған кісілерді тұтқынға алады.
Төлесханның шығыстан жасаған шабуылы бұдан да сәтсіз аяқталады. Жеңіл атты әскері бар хан ұйғырлар әскерінен әзер қашып құтылады. Кат Елхан, шамасы бұл жеңілісте жаудан гөрі қолбасшы ақылды ма деп қатты күдіктенеді, Төлесханның император Тайцзучмен келіссөз жүргізгені жеке байланыстары ма еді. Кат Елхан тақ мұрагерін қамауға алып, оған дүре соғуға бұйрық береді. Кат Елханды тап осылай ашуландың деп айыптау қиын. Оның немере інісі қытай императоры алдында жалбақтап, көптен бері екі жаққа бірдей қызмет етіп жүрген. Қытайға сәтімен жасалған екі шабуылды бүлдірген де тап соның өзі болатын, оның кәзір жеңіліп қалғаны да жоғарғы ханның қуға-қуатын нығайтқысы келмеген жаман ойының әлегі. Дегенмен де оқиғалардың ендігі дамуыңда оны масқаралап қолдағандық шешуші роль атқарады. Қамаудан босағаннан кейін, Төлесхан көтеріліске шығып, Қытайдан көмек сұрайды. Оған бағынатын қидандар өз бегін қолдап, олар да императордың қол астына өтеді. Бұл оқиға 628 ж. қысында болады, ал 629 ж. көктемінде Сеяньтоның бегі Инан өзін хан деп жариялап, өзінің осынау лауазымын тануды өтініп, Чаньанға елші жібереді. Кат Елханның тағы шайқала бастайды.
Тан сол сәтте төніп келе жатқан қауып-қатер алдынан бір үміт оты жылт етеді, Кат Елханның қолбасшысы Ашин Шени батыс түріктердің Бесбалық бекінісін жаулап алады, ол — Оңтүстік Жоңғарияның кілті болатын, сөйтіп Ертіс бойында тұратын қарлықтарды Түн-жабғыға қарсы айдап салады. Бірақ ол бұл жеңісті жалғай алмайды.
628 ж. көктеміңде Ирахлийге осы оқиғалардың қайсысы белгілі болды екен? Оның түрік-хазар достарының қаһарлы да хас жауы жорыққа аттанды. Енді түрік-хазарлар өздерінің туған қоныс-өрісін қорғауға қайтып кетеді ғой — деп болжам айту орыңды болар еді, егер телелер көтерілісінің сәтімен бітуі және Төлесханның опасыз сатқындығы Шығыс түрік хандығын да, Кат Елханнын өзін де ажал аузына айдап салмағанда, бәрі де солай аяқталуы мүмкін еді. Әлбетте, Ираклий мұның бәрін күнілгері көре алмайды, бітім жасасқанда ол сол сәттегі ақуалға сүйенген және оны қатты адасты деп те айта алмайсың. Мұның үстіне ол, тегі, ез шекараларын бойлай қансыраған Персияның орнына түркіттердің құдыретті күшінің көрші болғанын қаламаса керек. Сол себепті де, оның пікірінше, осынау бітім дал мерзімінде жасалған бітім болып шығады.
Бірақ түркіттер оқиғалардың жай-күйін бәрінен де жетік білетін, сол себепті де ескі жауын жеңбей жібермеуге тырысады. Олар Иранмен соғыста жалғыздан жалғыз жүргізеді.
Бір ме бір. 628 ж. қысында Иран тағына қабылетсіз қарадүрсін Кавад Широе отырады да, Ираклий оған бітім шартын әмір еткендей айтып береді, сол кезде Жабғы қайтадан Кавказдың арғы бетіне өтіп, Тбилисидің қабырғасына тақап барады. Бұл жолы кеп мүдірмейді, қаланы қысқа уақыт қоршағаннан кейін, оған лап қояды. «Семсерлерін сермеп, олар жапа-тармағай дуалға қарай ұмтылады, осынау қыбырлаған қисапсыз көп нөпір, тырысып-тырмысып, бірінен бірі асып, қамалдың үстіне шықты да, қаланың сорлы тұрғындарына зауал күні туды, олар жеңіліп, қамалдан шегініп кетті де, қырғын басталды. Қарсыласар жан қалмаса да, жеңімпаздар ешкімді де аямайды. Тұтқынға түскен нвер кінәзі мен парсы сардары Жабғының алдында азапталып өлтіріледі. Қала жылан жалағандай болып тоналады.
Бір ғажабы, Византия инженерлерінің дуалбұзатын машиналарына төзген қамал, тек айқас қарулары ғана бар түркіттер қысымына шыдамай, берілген еді. Одан сәл ғана бұрын тап осы тәсілмен Чор (Дербент) бекінісі алынғанды. Алайда бұл, тегі, түркіттер әскерінің емес, хазарлардың еңбегі — деп ойлаған дұрыс, өйткені түркіттер Қытайды да, Орта Азияда да бекіністі қалаларды қамаған кезде соғыстың озық сапалы әдістерін көрсете алмаған еді.
Тбилисиді талап-тонағаннан кейін, Жабғы-қаған өз жөнімен еліне қайтып кетеді , ал баласы Бөрішадтың қасына «бас-көз болатын батыр азаматтарды» қалдырып, оған Агванияны жаулап алуды тапсырады.
Жабғының бұл жолғы мақсаты елді жай талапайға салу ғана емес, оны өз иеліктеріне қосып алу тұғын. «Егер сол елдің билеушілері мен бекзаттары менің баламның алдынан шығып қарсы алып, оған өз елін бодан етіп берсе, менің әскеріме қалалары мен бекіністерін, сауда-саттығын ұсынса — онда сендер де олардың тіршілігіне араласпай, маған қызмет көрсетуіне мүмкіндік бересіңдер». Бұл мәлімдемеде түркіттердің соғысты тек сол үшін ғана бастаған бағдарламасының ізі сайрап жатыр: ол — жібекті Константинопольге тек Хорасан арқылы ғана емес, сол сияқты Каспий теңізі мен Кавказ арқылы да алып өтіп, сауда жасау болатын.
Әлбетте Агванияның парсылық билеушісі, Атвания, ол үшін қайдағы бір түрікке бағынуға тұратын ел емес — деген желеумен бұл ультиматумды қабылдамай тастайды. Дегенмен өзінің Тбилисидегі әріптесінің кебін кием бе деп, бүкіл дүние-мүлкін алып, Персияға қашып кетеді.
Бөрішад әкесінің әмірін орындап, агвандарға еріктеріңізбен бағыныңыз — деп ұсыныс жасайды, бірақ католикос Виро, парсы марзбаны — билеушісінің Иранға қашып кеткеніне қарамастан, түркіттер мен парсылардың екеуінен де бірдей қорқады. Сол себепті де не істерін білмей, келіссөзді соза береді де, түркіттердің төзімі таусылады. Күні бұрын жасалған жоспар бойынша олар Агванияны жүйелі түрде талан-таражға салуға кіріседі. «Үйлерден де, көшелерден де жұрттың бәрінің аузынан «ойбай, ойбайдан!» өзге сөз шықпады. Жабайылардың ақырған-зекірген дауыстары бір басылмады. Жауыз дұшпанның тістенген-кіжінген айқайын естімеген жан қалмаған шығар, сірә — осының бәрі бір күнде, бір мезгілде болды. Өйткені жыртқыштар күнілгері шар тастап, біздің облыстарымыз бен қыстақтарымызды бөлісіп алғантұғын… Сөйтіп бәрі белгіленген бір мезгілде құлашты кең жайып, ала-шапқын талапайға кірісті»’50. Католикос Аршак деген таулы жерге қашып тығылады; түркіттер оны сол жерден тауып алып, тағы да тізе бүгуге шақырады. Католикос елдің қызметтегі кісілерін түгел жинап алып, не істеу керек екенін: қарсыласу ма, бағыну — соны шешулерін сұрайды. Бәрі бірауыздан бағынамыз деп баталасады да, католикос, Партавтан жақын жерге қосынын құрып жатқан шадқа алым-салықты өз қолымен апарып тапсырады. Шад оны қабылдап, жадырап отырып тіл қатады: «Сен неге маған мұнша кешігіп келдің; әйтпесе сенің еліңді менің әскерім мұнша күйзеліске ұшыратпас еді41. Католиксстың сұрауы бойынша, шад күллі агван тұтқындарын босатуға әмір етеді, оның нөкерлері тұтқындарды жолымүйлер мен шатырлардан іздейді, «жас жігіттерді әртүрлі заттармен бүркеп тастаған жерлерінен, мал арасынан тауып алып, әкетіп жатады, оларға ешкім қарсы тұра алмайды».
Агванияда түркіттер орнатқан режим ауыр болады. Елдің ойран-топаны шыққаннан кейін, оны аштық жайлағанына қарамастан, «Солтүстік сұлтаны бүкіл ел ішінде үрей тудырады. Ол бақылаушыларды алтын аршудан, күміс пен темір өндіруден, мыс пен жезді өңдеуден хабары бар әртүрлі білікті қолөнершілерді жинауға жұмсайды. Сол сияқты ол тауарларға, ұлы өзендер — Кура мен Аракстан балық аулаушыларға баж салығын салады, сонымен бірге парсы патшалығындағы кәдуелгі хат-хабарға дидрахм төлеуді талап етеді». Осынау жәдігерде түркіттер тарихында тұңғыш рет бағындырылған салыққа алым-салық салудың жүйесі көрсетіледі. Құжаттан көрінетініндей, ол парсының алым-салығынан едәуір ауыр болған, түркіттер мемлекетінде орталықтан қашу ешқашанда семіп көрмегенінің себебі бізге енді бүгін ғана анықтала түскендей.
Бірақ Агвания түркіттердің жұмырына жұқ та болмайды. 630 ж. сәуірінде олар Арменияны бағындыру үшін, оған басып кіреді. Арменияға жіберілген қол саны онша көп болмайды. Ол «Шорпан-Тархан деген бір қандыбалақ жексұрын басқарған» 3 мың адамнан құралады. Иранның іс жүзіндегі әскери диктаторы Шахвараз, «Шорпан-Тарханға қарсы «түрік атты әскерінің» бастығы, қолбасшы Гонагнды 10.000 ержүрек сарбаз беріп жібереді.»
Шорпан-Тархан көшпелілердің үйреншікті әдісін қолданады: әскердің бір бөлігі өтірік қашқан болып, парсыларды тосқауылға апарып арандатады, олар сол жерде түгелдей жусатып салынады. Содан кейін «әрбір жанжалқой және беліндегі қынына семсep салып жүретін әрбір еркек кіндіктің бәрі олар үшін шатшалгрдың үкіметі де; әскербасылардың қажыр-қайраты да түкке тұрмайтынын өз көздерімен көреді».
Армян автсрының түрік мемлекетіне анайы әскери деспотия деп берген сыпаттамасы, біз жоғарыда келтірген, Ян Цзян мен Ли Щиминнің айтқан пікірлерімен де, сол сияқты тарихтың барысымен де үндесіп жатады. Мемлекет найзаға негізделгенді және найзаны тірек етіп тұрғанды; «жердің құнары» сарбаздар болатын, осынау тек жауға ғана емес, өздеріне де қатерлі қаһарлы күшті тек жігерлі, қайратты хандар ғана уысында ұстап тұра алатын. Орталық өкіметті әлсіретудің қандай түрі болса да, Батыс түрік мемлекетін құртқан бүліншілік бар ғой, тап сондай бүліншілікті тудыратын. Жабғы-қағанның жеңімпаз жасағы, қағанаттың өзі сияқты, сомтастай тұтас та берік болмайтын, тайпалар тобының бәсекелес-бақталастығы сарбаздардың көңіл күйіне әсер етпей тұра алмады, ел ішіндегі қайшылықтардың тым шиеленісіп кетуі зауалды оқиғаларды тудырады да, Иранды бір қауыптен құтқарып, Бөрішадтың барша жеңістерінің басына су құяды.
Апат. Айбарлы хан Түн-жабғы өмірбақи өзіне тәж-тақты алып берген нүшеби тайпаларының еркі мен әмірін бұлжытпай орындап отырады. Солардың мүддесін қорғаймын деп, ол Қытаймен, Византиямен достасады да, шығыс түркіттер хандарымен таласып тартысады, Иранмен қаңды соғысқа барып килігеді. Бірақ соғыс үшін әрқашан да, әр жерде де ақша мен адамдар керек. Адамдарды терістіктен, дулы тайпаларынан алуға тура келеді, бірақ дулылар бұл соғыстан өздері үшін не бір пайда, не белгілі бір мән-мағына көрмейді. Хандар әулетінің бұлардың бақталасы — нушебилерді көпе-көрнеу артық санап отырғаны дулыларды оларға адал тілеулес етпейді. Бірде қаражатқа зәруленіп қалған хан бұлардан айып ақшаны еселеп ала бастаған кезде, белдеріндегі семсердің патшалар мен әскербасылардың өкіметінен де құдыретті екенін есіне алады. Түн-жабғы олардың наразылығына онша мән бермейді, бұл оның қайта жөнделмейтін қатесі болады. Шығыс түркіттер олардан Бесбалықты тартып алуы мұң екен, Қара Ертіс бойын жайлайтын қарлықтар көтеріліске шығады, олардың ізін ала дулы одағының басқа тайпалары да бас көтереді. Оларды лақап атпен Батыр султан (Моходу-хоу) деп аталатын ханның ағасы бастайды. Ол ебін тауып, Түн-жабғыны өлтіреді де, одан кейін Куйлуг Сібірхан (Куйлі Сыбихан) лауазымын алады.
Қағанаттың батысындағы шет аймақта тұратын болгар-унно-гундурлар дулыларды жақтайтын, олардың көсемі Кубрат 619 ж. Константинопольге барып, патрикий лауазымын алады да, шоқынудан өзін-өзі ұстап қалады. Болғарлардың дулы партиясына жетелейтін күш — олардың хазарлармен бақталастығы еді. 630 ж. дейін олар қағанаттың батыс шекарасын аварлардың ықтимал шабуылынан қорғап келген, бірақ құтырғырлардың авар ханына қарсы көтерілісі бұл шекараны Доннан Карпатқа дейін жылжытады. Жана жағдайға байланысты, тылда тегеурінді әскерді ұстап тұрудың ешбір мәнісі қалмайды, сол себепті де болгарларды Кавказдың арғы жағына әрекет етіп жүрген армияны толықтыруға жөнелтеді.
Шамасы, Түн-жабғы өз ағасына сенбей, оның енші аймағын інісі Жабғы-қағанға алып бергісі келеді, бірақ оны өзі жеңіліп, қаза табады. Қалай болған күнде де, ордада болған төңкерістен кейін, армия қызметіндегі дулылар да көтеріледі, сөйтіп Бөрішадтың басына қауып төнеді. Алайда ол аман құтылады да, кейін Орта Азиядан, нушеби елінен келіп шығады. Осындай дүрлігістен кейін түркіттер Кавказдың арғы бетінен кетуге мәжбүр болады, олардың орның дереу парсылар басып қалады.
Нушебилер қапелімде сасып қалады, бірақ олар берілуден, бағынудан аулақ болатын. Төңкеріс ішкі соғысты тудырады да, ол Батыс түркіт қағанатының содан былайғы тарихын шүпілдете толтырады. Жаңа үкімет Түн-жабғыхан жаулап алған жердің бәрінен айрылады. Кавказдың арғы жағынан кейін Гибинь мен Тохарстан бөлінеді, ал Жоңғарияның теле тайпалары дүр көтеріліп, түркіттерге қарсы соғыс бастайды. Алайда Сібірхан үшік бәрінен де ауыры — император Тайцзунның оны мейлінше жек көретіндігі болатын, ол Түн-жабғыханды ақ жуып, арулап қоюы үшін аса қымбат ақтық жібереді. Былай қарағанда елеусіз көрінетін осынау факті — Азияның ең құдыретті мемлекетінің төңкеріске қарсы екенін білдіреді.
Осы бір жанжалдан тек болгарлар көсемі Кубрат қана пайда табады. Ол әдепкіде ағасы Сібірханды қолдап, түркіттер мен хазарлардан құтылады. Сосын қағанаттың орталығынан алыс жатқанын пайдаланып, ол дербес билеушіге айналады да, онсыз да ішкі соғыстан мұрындарына су жетпей жатқан түркіттер оны жайына қалдырады. 635 ж. шамасында Кубрат аварларды жеңіп, сонымен бір мезгілде Константинопольге елшілер жібереді. Ираклий оған тарту-таралғы жіберіп, патрикий атағын береді. Құтырғырлардың аварларға қарсы көтерілісі оған Қаратеңіз өңіріндегі даланы сыйлайды. Өйткені Феофанның шежіресінде ол. «Болгария мен котрагтардың (яғни құтырғылардың) билеушісі ретінде» көрінеді.
Аварлардың бүкіл соғыстарына қатысып, белсене көмектескеніне қарамастан, аварлар оларға бағынышты жұрт ретінде, мейлінше нашар қараған. 630 ж. құтырғырлар көтеріліс жасап, жеңіліп қалады.* Олардың Европада тұрғандары Баварияға жөңкіле қашады, бірақ ол жақта франк Драговердің бұйрығымен, опасыз қаталдықпен жусатылады. Шығыстағылардың жолы болады да, олар тайпалас ұтырғырлармен қосылып, солармен бірге болгар халқын құрайды. Жаңа Болгария шығыста түркіттермен жұбын жазбайтын хазарларға батыста — аварларға, оңтүстікте — Византияға қас болады; оның күш-қуаты бәріне де жетеді. Со кезден бастап, авар қағанатының құдырет күші құлдырап кемиді де, авар халқы Ұлы Карлдың сауыттылары семсерінен ажалын табады.
Кубрат негізін қалаған Болгар мемлекеті 679 ж. дейін өмір сүреді де, оның содан кейінгі тағдыр-талайының түрік қағанатына ешбір қатысы болмайды. Сондықтан да Европаны жайына қалдырып, Орталық Азияға қайта айналып соғамыз.
Қытаймен соңғы соғыс. Тан үкіметінің шамына тиіп, маза бермейтін бір нәрсе, түркіт ханының бұрынғы билігін қайтадан қалпына келтіруден әлі де үміттерін үзбеген Суй эмигранттарына жасайтын қамқорлығы еді. Елдің бір қалыпты өмір-тіршілігін орнықтыру барысында кездесетін ауыртпалықтарды игеру үстінде жаңа үкімет көп қиыншылықтарға кездеседі, эмигранттар соны кез келген уақытта пайдаланып кете алар еді. Егер түркі ханы император гвардиясын талқандап, Қытайға «заңды» монархын әкелетін болса, таяуда ғана сөндірілген ішкі соғыс қайтадан лап ете түсер еді. Сол себепті де Шығыс қағанатындағы дағдарысты пайдаланбау Тайцзун үшін көтірілмес жеңілтектік болар еді, ал император ондайдың адамы емес қой. 628 ж. Қытайда соғысқа әзірлік басталады, оның ең бірінші құрбандығына, сол уақытқа дейін Шофан бекінісін ұстап тұрған Лян Ши-ду шалынады.
Түркіт мемлекетінде ырду-дырду бұлғақ басталған кезде, Тайцзу Лян Ши-думен келіссөз жүргізбек болады, бірақ анау одан бас тартады. Содан кейін император оған қарсы шекарадағы дала әскерін аттандырады. Халықты бүлікшіге қарсы қою үшін, Лян Ши-дудың тұтқындалған жақтастары босатылып, Ордосқа жіберіледі. Табгаштың жеңіл атты әскері Шофан төңірегіндегі егіндікті жояды. Сосын онда аштық басталып, Лян Ши-дудың бодандары Қытайға өте бастайды, халық оларды жылы жүзбен қарсы алады. Ляк Ши-дудың серіктері арасында бір-біріне сенбейтін алагөздік басталады, кейбір қолбасшылар астыртын қаскүнемдік жасап, көсемін ұстап алмақшы да болады, бірақ діттегенше жете алмай, қатты жазаланады.
628 ж. Тайцзун Шофанға шабуылға шығуға бұйрық береді. Түркіттер оны қорғамақ болып, жорыққа шығады, бірақ табгаштар оларды тойтарып тастайды. Содан кейін император жасақтары Шофанды қамауға а лады. Аман құтылудан үміт үзген Лян Ши-дудың қарулас серіктері қамаған әскерге көсемінің басын кесіп әкеліп, бас иіп бағынатынын білдіреді. Олардың күнәсі кешіріліп, наградталады. Сонымен Тан әулеті өкіметінің қоластында Қытайды біріктіру ісі аяқталады. Соның ізінше, 629 ж. түркіттер Май бекінісінен қуып шығарылады да, бүкіл Ордос қытай императорының қолына өтеді.
Алғашқы сәтсіздіктің өзі Кат Елханға зауалдай тиеді. Оның бодандары, туған-туысқандары, тіпті қарулас серіктеріне дейін, өздерінің пікірінше, қытай императоры қызметін «Қатар атқарушы» «табғаштың» қарауына қашып кетеді». Әдепкіде өз жасағымен тоғыз командир (сыгендер) беріледі. Сосын бағынғысы келетінін білдіріп, Чанъатта байырқу, бұғы, тонгра, си мен татаптар (хи)* тайпаларының көсемдері келеді. Табгаш армиясы Линьчжоу маңында түрік әскерін күйретісімен Қытайға шапқылап, Төлесхан Шибови мен Кат Елханның немере інісі Үйшешад жетеді, сосын Шибови сатылып кеткеннен кейін, мұрагер болып тағайындалған Иннатегін де екі өкпесін жетіп келеді, ол да енді жеңістен күдерін үзіп үлгерген еді.
Мұның негізі де бар тұғын. Қытайдың алты армиясы тұтас бір майдан болып қанаттасып, Луаньхэ өзенінен Биньчжоуға дейін қарақұрымдай қаптап, шабуыл жасап келе жатты. Оянлин тауы етегіндегі түнгі соғыста Кат Елхан тағы жеңіліп қалады да, 630 ж. бас кезіңде шөлді басып өтіп, терістікке шегінеді. Сол кезде оның жақындары опасыздық жасап , жеңімпазға Суй үйінің ханшасы мен үміткер-ханзаданы береді. Алайда Кат Елханның қарауында әлі де болса, адалдығына кәміл сенуге болатыны ондаған мың әскері» бар еді, сол себепті де ол құрметті бітімге келу жөнінде келіссөз жүргізбек болады.
Император ханның ұсынысын қабылдамақ болып жатқанда, қолқосшы істі шешіп қояды, ол аңламай шабуыл жасап, Түркіттердің қалған әскерін талқандайды. Кат Елхан сытылып кетеді, бірақ жолай ұсталынып, Чанъанға жеткізіледі. Gi art ілесе ханның ең соңғы адал сұлтаны — Ышбара Сүйіншідад беріледі де, Шығыс түрік мемлекеті жойылып кетеді.
Қағанат лезде, сау-тамтығы қалмай күйрейді. Қып-қысқа бір жарым жыл ішінде сайын даланың билеуші мырзаларының түркіттер өздерін көтеріліске шыққан телелер ұстап алмай тұрғанда, қытайлар қолына өз еркімен берілуге асыққан қашқындарға айналады.
Тайцзуннің өкімет билігі енді батыста — Хамиге, солтүстікте — Сібір тайпасының шетіне дейін жайылып барады, бірақ байқамай кетуге болмайтын бір жәйт, жеңістегі шешуші нәрсе — қарудың күші емес, көшпелілердің императорды өз еркімен хан деп мойындауында жатыр. Шын мәнісінде, Ұлы Далаға қарағанда, табғаттарға қытайлар қасарысып көп қарсылық көрсеткен, енді бұл олардың бір мемлекеттің қанаты астында бірлесуі, қоластына мәдениеті әртүрлі жан дүниесінің, құрылымы әрқилы халықтардың басын қосқан шығыс-азиялық империяны құруының ілкі қадамы болатын. Бұл империяның басында қолбасшылар Ли Юань мен Ли Ши-миннің қарулас серіктері тұрғанды, олардың арасында тек қытайлар ғана емес, ұйғырлар мен түріктер де, корейлер мен соғдылар да бартұғын. Осынау 630 ж. бастап біз оларды, Тан империясы қайтадан таза қытай патшалығына айналғанға дейін, империялықтар деп атаймыз.
Дәуір ырғақтары. Шығыс түрік қағанаты құлап, оның қираған үйінділері орнына Тан империясының құрылғанын қарастырғанымызда, біз өзімізге өзіміз: бұл құбылыс тарихи заңдылықтан туды ма, әлде белгілі бір сәттің хал-ақуалына сәйкес, кездейсоқтық рөлі басым түсті ме?— деген сауалдарды қоймай тұра алмаймыз.
Бұл мәселе тарихи әдебиетте өте аз жазылған. Тек орхон жазуларының авторы иоллық-тегін ғана өз уақыты үшін аса дәлелді-дәйекті түсінік береді. Ол хандарды «ақылсыз да қорқақ» болғаны үшін, бектер мен халықты — хандарға адал болмағаны үшін, табғаштарды — алдамыштығы және інілерін ағаларына қарсы әзәзілдікпен айдап салғаны үшін айыптайды және ең мәндісі, ол түрік халқын нәуетек еткен қытайдың жиһаз-мүлкін кінәлайды. Бірақ Иоллық-тегін жеңілуді болмай қалмайтын нәрсе деп есептемеген. Бұған керісінше, бүкіл жазу болашақтағыны сақтандыру ретінде жазылған. Иоллық-тегін, егер Қытайдан көп жер қашық тұрса, табғаштармен қоян-қолтық араласып кетпесе, онда бәрі де оңға басатынына кәміл сенген. Сонымен, Иоллық-тегіннің пікірінше, 630 ж. жеңіліс — қате саясаттың салдарынан яғни тарихи кездейсоқтық болған. Ол дұрыс айтқан ба — қарастырып көрелік.
Қытай тарихшылары, Тан әулетінің көне және жаңа құннамаларын құрастырушылар бұған қарама-қарсы көзқарасты мақұлдайды. Олар үшін жабайыларды жеңу түсіндіруді қажет етпейтін табиғи құбылыс. Ал, егер түркіттер жеңсе, онда мұны әдет-ғұрыптың бұзылуы әлегінен, императордың дарынсыздығынан болды — деп түсіндіруге тура келер еді. Осыған сүйене отырып, олар оқиғалар мәнін ой елегінен өткізбей, оларды мөлдіретіп тізе береді. Сол себепті де, ғылыми ыңғай тұрғысынан қарағанда, олар тіпті Иоллық-тегіннен де төмен тұрады.
Енді мәселені шешу ісіне бүгінгі ғылым жетістігі негізінен қарап, тексеріп көрелік. VII ғ. қытайлар мен көшпелілерде тек жай тауар шаруашылығы ғана болған және олардың арасындағы айырбас та тым аз болады. Қытайдың өзінде ақша орнына жібек пен астық жүрген, ал өз еңбектерінің жемісі шетелге кетіп қалмауына мүдделі болған, әрине, қытай шаруалары болмаса керек. Тап осы сияқты, қатардағы жай көшпелі сүт пен етті — ас, тері мен жүнді — киім-кешек, киізді — үй етіп жүре берген, жат елдік қытайлармен тығыз қарым-қатынас жасау оларға қажет болмаған.
Бірақ хандар мен уандар, бектер мен гүндер бутан мүлде басқаша қараған. Түркіт хандары үшін сән-салтанаттың заты жібек — өкіметті қолына алып беретін байлық болған. Қытай императорлары үшін, аттар мен жалдамалы атқыштар күштің-зорлықтың құралы, өкіметті ұстап тұрудың құралы болған. Бұл екі жәйтта да билеуші ұлықтардың мүддесі халық бұқарасының тілек-талабынан жоғары қойылған. Ал, VII ғ. Қытай мен Ұлы даланың халықтары, өзіміз жоғарыда көргендей-ақ, өз бетімен бөлек тыныш әмір сүргісі келеді. Сондықтан да мәдениеті мен экономикасы жағынан мүлде бөтен екі халықты тікелей зорлық- зомбылық жолымен біріктіруді тарихи процесс жүрісін уақытша бұзу яғни тарихи кездейсоқтықтың көрінуі — деп таныған абзал. Осы тұрғыдан қарағанда, Тан империясының тұтастығын сақтап қалуға бағытталған алапат күш-жігерді де, оның сұмдық қорқынышты ақыр-аяғын да анық түсінуге болады. Өзіміз қабылдаған осынау шартқа сүйенсек, біз ұдайы болып жататын бүліншіліктер мен қасыгөйліктің, қанішерлік пен опасыздықтың, көне әулет тұсындағымен салыстырғанда, әлдеқайда жақсы тұрған қытай халқының, сол сияқты бай тарту-таралғылармен ауыздары майланып отырған көшпелі халықтар наразылығының себептерін нақты түсіндіре аламыз. Александр Македонскийдің Эллада мен Шығысты бірге қосып жібергісі келгені секілді, Тайцзун — Ли Ши-минь Қытай мен көшпелі әлемді бітістірмек болады. Осынау екі ой-талаптың екеуі де сәтсіз аяқталғанына қарамастан, олар өздерінен кейін, бірінші жәйтте — Эллинизмді қалдырса, екінші жәйтте — адамзатқа көркем өнердің әдебиет пен ғылыми ойдың айтаңсық жауһарларын сыйға тартып кеткен Танның таңғажайып мәдениетін қалдырады.
Ал, бірақ оқиғалар желісіне қайта оралайық та, Ли Ши-миннің өз жеңісін қалай тиянақтап, империясын қалай нығайтқанына көз тастайық.
Мейрімділіктің күш-қуаты. Жеңілген түріктер қатал жазаны күткен, бірақ онысы болмайды. Тұтқынға түскен Кат Елхан император алдына әкелінеді, анау оны бірнеше аморалдық істері үшін: Суй үйі жақсылығының қарымын қайтармағаны үшін — ол үшін ақырына дейін алысуы керекті; бітім шарттарын бұзғаны үшін; халық талабына қарамай соғысқаны үшін, қытай шаруаларын тонағаны үшін; келіссөздер кезінде қашып кеткені үшін, кінәлап, айыбын бетіне басады да, Кат Елханды кешіреді, өзімен бірге ұсталған үй-орманын түгел қайтарып береді. Кейінірек император өз тұтқынын гвардия қатарына қосып, оған жер-су кесіп береді, бірақ анау қалың ойға шомып, сары уайымнан арылмайды, бір мұңлы әндерді айтып, егіліп жылай беретін болады. 634 ж. Кат Елхан ақыры сары уайымнан қайтыс болады, оны түркіт әдет-ғұрпымен жерлейді.
Телестердің ханы Шибоби де сый-сияпатқа бөленеді. «Ол патша дастарқанына шақырылатын болады, әскери шен-шекпен алады, бек дәрежесіне не болып, қарауына отан қызмет ететін 700 шаңырақ береді». Түркіттердің өзге ханзадалары мен көсемдері император гвардиясына тіркеледі.
Императордың жеңілгендер мен берілгендерге қалай қарап жатқаны жөніндегі хабарды «Ұзын құлақ» ұлан далаға таратып әкеткеннен кейін, қарсылық жасайтын ошақтар бірден өшеді. Сол кездері Ордостың соғыс жағын қоныс еткен суниттер тайпасының шады ішбара да мойын ұсынады. Өз енші жұртымен бірге Тұрфан мен Хами арасында көшіп жүрген, Кат Елханның ұлы Үкішад та бағынатынын білдіреді. Тайпалар мен көгалды аймақтарға дербес тәуелсіздікті беріп, сый-сияпат көрсеткеннен кейін, Тайцзунның даладағы абырой-Зеделі өлшеусіз артады да, бұл империяның, Шығыс қағанаты құлағаннан соң бірден пайда болған қиындықтар мен одан кейінгі жарты ғасырда туған ауыртпалықтардың бәрін де ойдағыдай шешуіне көмектеседі. Жеңгендер үшін түркіттердің қоныс-өрістерінде жасырынып жүрген қытайлықтарды, Суй әулетін өкіметке қайта әкелуді жақтайтындарды ұстап алу — аса маңызды міндет болатын. Тайцзун оның да жолын табады: ол әкеліп тапсырылатын әрбір қытай үшін алтын мен жібектен сыйлық беретінін айтып жар салады, сол-ақ екен, ұзамай түркіттер оған еркек- әйелі аралас 80 мың адамды жеткізіп береді. Оларға да патша шарапаты тиеді: үйлеріне қайтып келісімен, олардың Қытайдан кетіп қалған күнәсі кешіріледі де, алым-салық төлейтін қауым қатарына жатқызылады.
Жеңіс император үкіметінің алдына тағы бір кейінге қалдыруға болмайтын аса маңызды: «Бағынған түркіттерге не істеу керек?»— деген сұрауды қояды. Сонда біреулері: оларды қытай заңы бойынша құлдыққа салып, ел ішіңдегі егін шаруашылығы жұмыстарына жету керек деседі. Екіншілері тұрып, бұларды қуаң даласына қайта жөнелтіп, біріне-бірі тәуелсіз, уақ иеліктерге бөлген жөн дейді. Ал, үшіншілері, түріктерді Ордос пен Алашань далаларындағы шекараны бойлай қоныстандырып, оларды алыс жорықтар үшін көмекші әскер ретінде пайдаланып, бейбіт кезде оларға шекара күзетін тапсырған мақұл деп есептейді. Император соңғы пікірді қабылдап, жаңадан екі әскери губернаторлықты: шығыста — Динсян, ал батыста — Юньчжунды құрып, екеуін өзі қойған бір кісіге басқартады.
Империяның шекарасы қайтадан Гоби шөлі болып қалады, ал оның солтүстік жағындағы Алтаин-нүру қыратынан Байкал мен Үлкен Ханганға дейінгі жерді ешкімнің қарсылығын кездестірмей, сеянтолар султаны қан басып алады. Көптеген түркіттер сеянтоларға қосылады.
Император Тайцзунға бағынған түркіттер саны 190 мың адамға жетеді. Оларға ешкім де өздерінің тұрмыс салты мен әдет-ғұрпын сақтауға тиым салмайды, бірақ Қытайдың жақындығы түркіттерге әсер етпей тура алмайды, оның ықпалды күшін олар бірден байқайды: «Алтынды, күмісті, дақылды, жібекті соншама шексіз беріп жатқан табғаш халқының сөзі тәтті, бұйымы асыл еді. (Олар) тәтті сөз, асыл қазынасын беріп, жырақтағы халықты (өзіне) сонша жақындатар еді. Жақын қонып, сосын (олардан) әдепсіз қылықты үйренуші еді». «Түркі бектері түркі атын жоғалтып, табғаш бектердің табғаш атын тұтынып, табғаш қағанына бағынды, елу жыл іс-күшік берді».
530 жылдан 679 ж. аяғына дейін, арада өткен 50 жылда, Ордосты мекендеген көшпелілердің өзгеріп кеткені сондай, олар түркіттерден, өздерінің теріскейдегі туыстары — телелерге, сол сияқты арғы аталары түркіттерге ұқсамайтын кек түріктерге айналады. Бірақ бұл туралы сөз әлі алда.