«1С: Кәсіпорын» программасында конфигурациялау режимінде технологиялық құралдары.
«1С: Кәсіпорын» программасында конфигурациялау режимінде интерфейс құруды және ақпараттарды өңдеудің спецификалық алгоритмдерін сипаттау үшін келесі арнайы технологиялық құралдар бар болады:
- Кіріктірілген программалық тіл. Кіріктірілген тілдің қажеттілігі жүйенің өспелі концепциясымен анықталған.
Кіріктірілген тілдің синтаксисы жоғары дәрежелі тілдердің стандартарына толығымен жауап береді.
Тіл пәндік-бағытталған болып табылады. Ол жүйенің конфигурациясымен анықталған пәндік мәліметтердің мамандандырылған типтерін камтиды. Мұндай типтер мәліметтерімен жұмыс тілде объектілік техниканың қолданысымен ұйымдастырылған. Тіл қолданылушылардың біреше түлеріне бағытталған. Атап айтқанда, мәліметтердің нәзік типтедірілуі және қателіктер мүмкіндігін азайтатын синтаксистік құрылымдарына қатаң тәртіппен ерекшеленеді.
Жүйе өз құрамында көрнекті (визуалды) және тілдік конфигурациялау құралдарын иемденгендіктен, жүйедегі кіріктірілген тілдің қолданылуы белгілі жағдайлар мен тікелей байланысты болды, яғни тіл модельдері конфигурацияларлар үдерісінде орнатылатын жеке алгаритмдерді өндеу үшін нақты жағдайларда қолданылады. Осылайша, мысалға, құжатқа қатысты жаңа құжатты енгізу кезінде реквизиттердің автоматты түрде толтыру алгоритмін бейнелеуге болады. Бұл процедура жүйемен қажетті уақытта шақырылып отырады.
- Сұраныстар механизмі. Күрделі құрылымды есеп берулерді алу үшін жүйеде пәндік-бағытталған сұраныстар механизмі қарастырылған. Бұл құрал жүйенің ақпараттық базаның шартты-ауыстырылмалы құрылымына негізделеді, бұл жеткілікті қиындатылған сұраныстарды салыстырмалы түрде жеңіл бейнелеуге көмектеседі.