Өндірістердің тіркеу-журналы

Қолданушылар интерфейсінің жүйелік күйге келтіру жүйесі.
Жүйенің нақты конфигурация интерфейсі толығымен мәліметтер құрылымын күйге келтірілуін көрсетуі үшін, «1С Кәсіпорын» жүйесінде кестелік құжаттармен нысандардың  диалогтық редакторларынан басқа, жалпы интерфейстік жүйе компоненттерін күйге келтіру мүмкіндіктері қарастырылған: меню, саймандар тақтасы, пернелер комбинациясы.

Конфигурациялау сатысында әр түрлі қолданушыларға  арналған бірнеше қолданушылар интерфейсі құрылуы мүмкін (басқарушылар, меннеджерлер, қоймашылар және т.б.).

  1. Қолданушылар құқықтары мен мәліметтерді авторизациялау. Құқықтар құрылымы жүйенің нақты конфигурациясымен анықталады. Мысалы, келесідей құқықтар жиынтығы енгізілуі мүмкін: «бас бухгалтер», «қойма жұмыскері», «менеджер», «бөлім бастығы». Қолданушылардың тізімі нақты ұйымдарға арналып жасалады. Әрбір қолданушылар итерфейсі тағайындалады.
  2. Дұрыстаушы. Жүйедегі конфигурацияларды құрастыруды жеңілдету үшін дұрыстаушы қарастырылған. Дұрыстаушы көмегімен конфигурациялар модельдерінің бағдарламалық орындалуын камтамасыз етеді, орындалудың салыстырмалы уақытын өлшеп, ауысушылық құрамды қарастырады.
  3. Қолданушылардың ұйымдастырушылық жұмыстары. Жұмысшылардың ағымдағы жағдайы бақылау үшін жүйеде қолданушылар мониторы қолданылады. Ол нақты уақытта қай қолданушы қандай нақты ақпараттық базада, қандай режимде жұмыс істеп отырғанын көруге мүмкіндік береді.
  4. Өндірістердің тіркеу-журналы жүйемен автоматты түрде жүргізіледі. Онда қолданушылардың мәліметтерінің өзгеріс фактілерінің барлығы көрсетіледі.

Қолданушыларды ақпараттық базамен жұмысы «1С:Кәсіпорын» режиміндегі жүйені іске қосқан кезден басталады. Осының көмегімен жүйенің келесі пәндік аумақтарда іске асырылады: құжаттармен операцияларды енгізу, сұраныстар толтыру, әртүрлі есеп берулерді құру, әр түрлі регламенттік есеп айырысуларды орындау және т.б. қолданушыларға конфигурациялау кезеңінде құрылған алгоритмдерді қолдана отырып конфигурациялар құрылымында бейнеленген ақпараттады енгізу мен өңдеуге мүмкідік береді. Конфигурацияларға байланысты нақты режимдермен (құжаттар, операциялар, анықтама, есеп берулер) жұмыс істеу ерекшеліктерін түсініктеме конфигурацияның өзінің сипаттамасында баяндалуы мүмкін. Бұл жағдайда оларды қолданушылық бейнелеу режимінен алуға болады. Нақты конфигурациялармен анықталатын «1С:Кәсіпорын» жүйесінің негізгі ерекшеліктерін атап өтейік:

  • константалар жиыны;
  • анықтама құрылымы, құрамы және қасиеттері;
  • анықтама элементтерін енгізу және тізімдерін қарастыру нысандары;
  • жіктемелердің мағыналарының жиыны мен құрамы.;
  • құжаттар мен операцияларды енгізу нысандары;
  • құжаттар, операциялар мен өткізгіштер журналдарының нысандары;
  • шот жоспарының жиыны және олардың қасиеттері;
  • шоттар тізімінің және шоттар енгізу нысаны;
  • бухгалтерлік шоттар (конфигурацияда көрсетілгендері ғана);
  • есеп берулер мен өңдеу алгоритмдері мен нысандары;
  • қолданушылар интерфейсі (бас меню, саймандар тақтасының жиыны);
  • қолданушылардың әр түрлі объектілер мен программалар режимдеріне рұқсат алуға құқығы.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *