ҚАҒАНАТ ЖӘНЕ ИМПЕРИЯ (Л. Гумилев)

ҚАҒАНАТ ЖӘНЕ ИМПЕРИЯ
XXVI тapay
Барынша тырысып бағу. Жылдар жылжып өтіп жатты, ал Чаньаньдағылар Империя Қағанатпен қатар өмір сүре алмайтындығын барған сайын айқын түсінді. Қағанаттың болуы Тан империясы идеясының өзін өлтіре берді. Жалпыазиялық империямен бірге тек қорған сыртындағы иеліктері бар қытай империясы өмір сүрді. Солтүстік далалары тамаша әскери күштің қоймасынан императордың барлық жауларын өзіне тартатын өріске айналды. Түріктер мен ұйғырларды тибеттіктер мен арабтарға қарсы соғысуға жіберудің орнына, сол түріктер мен ұйғырларға қарсы күресу үшін қытайлықтардан армия құруға тура келді.
Жігерлі Сюаньцзун шешімге келді. 742 ж. императордың жарлығымен армияны қайта құру жүргізілді. Бұл Империя шырмалып қалған торды семсермен кескілеп тастау үшін керек болды. Шекаралық әскерлер жөніндегі жаңа жарлық бойынша он цзеду — шекаралық әскери округ құрылды. Егер картаға көз салсақ, олардың орналасуының өте түсінікті болғандығы соншалық мен тек солардың тізімін толық келтірейін: 1. Аньси цзеду; Батыс өлкені күзету үшін құрылған; штабы Құшада. 2. Бэйтин цзе-ду; түркештер мен хакастарға қарсы құрылған; штабы Іленің орта сағасындағы Бесбалықта (Жоңғария). 3. Хэси цзе-ду; Тибет пен түріктердің өзара қарым-қатынасын тыю үшін құрылған; штабы Лянчжоуфуда (Нинся провинциясы). 4. Шофан цзе-ду; түріктерге қарсы; штабы Линчжоуда (Ганьсу провинциясы), Хуанхэнің солтүстік жағалауында. 5. Хэдун цзе-ду — Шофандағы шекаралық әскери округты күшейту үшін; штабы Тайюань-фуде (Ордос). 6. Фаньян цзе-ду — хи мен қидандарды ауыздықтау үшін; штабы Ордостың орталығындағы Ючжоуда. 7. Пинлу цзе-ду — шивэй және мохэлерді жібермей тұру үшін; штабы Оңтүстік Маньчжуриядағы Иньчжоуда. 8. Лунью цзе-ду; Тибетке қарсы; штабы Шаньчжоуда. 9. Гинънань цзе-ду; батыста — Тибетке қарсы; оңтүстікте — мандар мен лаоны тыныштандыру үшін; штабы Юньнань провинциясындағы Инчжоуда. 10. Линнандегі бес фудың жеке корпусы Лаосты бейбіттендіру үшін әскер, яғни далалық әскер көп те емес.
Он цзе-дудан басқа үш бақылау отряды құрылған болатын. Шекаралық күзет әскерлерінде (чжень-бин) барлығы 490 мың адам және 80 мың мініс аты болды. 713 ж. дейін шекаралық әскерлерді жыл бойы ұстап тұруға кететін шығындар салыстырмалы түрде алғанда онша көп болған жоқ, ал 742 ж. бастап ол жыл сайын 10200 мың кесек жібек мата және 690 мың ху нан босатылуын талап етті. Осыншама зор көлемді шығындар халықты қалай да титықтатар еді. Бірақ империя үкіметі Азиядағы гегмондығын сақтап қалуы үшін және бірінші кезекті Қағанатты құрту үшін бәріне де барды. Жағдай Империяға қолайлы келді: Қағанаттың ішіндегі хал-жағдай жақсы болмады.
Түріктер. Тіпті басқалармен салыстырғанда шүкіршілік жағдайдың өзінде де наразылық білдірушілер табылады. Түріктер ордасында бір-бірлерімен билікке және бақталастарын жазалау мүмкіндігі үшін таласушы сарай маңының сыбайластар топтары болды. Білгіхан мен оның ұлы Иоллығ ақсүйектердің өз бетімен кетушілігін басып отырды, бірақ Тәңіріхан кезінде билік жүргізуді ханша-ана, Тоныкөктің қызы По-бек өз қолына алып алды. Орда әдеттегі түріктік принцип бойынша құрылды: хан орталыққа басшылық жасайды, ал шығыс және батыс шадтары — екі қанатқа әмірлерін жүргізеді. Шадтар қандас ханзадалар болды және таңдаулы әскерлерді басқарды: Ханша басқару ісін өзінің сүйкімдісіне, қарапайым тарханға тапсырды, міне бұл жоғары қолбасшылық адамдары арасында күңкіл туғызды. Наразылықтың бетін қайтару үшін ханша батыс шадын өлтіруге өз ұлының көзін жеткізді. ІІІығыс шады Панкүл өзінің әскерлерімен хан қосынына шабуыл жасап, ханды өлтірді, сонан соң таққа марқұмның ұлын отырғызды. Алайда Панкүлдің қарсыласы жабғы Құт (қыт. Гуду) жана ханды өлтіріп, орнына соның інісін қойды. Әулет қауіп-қатердің астында қалды. Құт өзінің бас-көз болуға қойған адамын өлтіріп, тақты заңсыз иемденіп алды (741 ж.). Тақты заңсыз иемдену іште сақталған барлық өкпе-зәбірдің бұрқ ете қалуына түрткі болып, дала көгалдарында қан судай ақты.
Қытай хабарларында бұл кезеңнің оқиғалары толық жазылмай, барынша қысқа қайырылған. Алайда, бұл ақтандақ беттерін ұйғыр ханы Мояншурдың ерлігін мәңгі есте қалдырған «Селенгі тасының» жазуы толықтырады. Нашар сақталғанына қарамастан, сол кездегі оқиғаларға ұйғыр көзқарасын білдіруі себепті бұл маңызы аса зор түп нұсқа материал. Ұйғыр ханының айтуы бойынша ол түріктермен бірге азаттыққа жету соғысын бастаған, мұның өзі шындыққа да келеді. Түріктердің ұйғырларға үстемдік жасауы 50 жылдан астам уақытпен (688 ж. 741 ж. дейін) айқындалады. Ұйғырлар көсемі өз әкесінен шад құрметті атағын алып, 742 ж. өзінің тоғыз-оғуз халқын жинаған және біріктірген.
742 ж. бір мезгілде ұйғырлар, басмалдар және қарлұқтар көтеріліс шығарды. Қытай түпкі материалдарының сараң мәліметтеріне қарағанда олар тақты заңсыз иемденушіге шабуыл жасап, ұрыс кезінде оны өлтірді. Ол солай болды да, бірақ тұтас бір халықтың апатқа ұшырау сәтінің бүкіл трагедиялық шиеленісушілігін түсіну үшін осы жеткілікті ме? Бақытымызға орай, түрік жазуының үзіндісі қытай хабаршысы соншалықты салқын қандылықпен айтқан ол апатты түсінуге мүмкіндік береді Қағанаттың батыс шекарасын тардуш-бектердің басшысы, әскер басы Күлншур қорғап тұрды. Ол 80-ге толған еді. Ол Құтлуғ Ілтерісханның серігі болды, ал кейіннен оның ұлдарының жасаған жорықтарында оларға еріп жүрді. Ол Бесбалық түбінде табгаштармен, Інжулі өзенде (Сырдария)— арабтармен, Селенгі жағалауларында — ұйғырлармен және Хішган қия беткейлерінде — татаптықтармен шайқасты. Өзінің ерліктері үшін ол: «Ышбара»— құдіретті және «Бильгя»— дана деген атаққа ие болды. Ол батыр әрі алып балуан болды.
735 ж. Күлишур батыс шекараның қожасы болып, өз мансабының шыңына жетті. Бұл қызмет орнында ол жеті жыл отырды, ал қарлұқтар көтерілгенде «атына мініп, шабуылға ұмтылды, жеңді, аты өлді, тағы басқасына отырды ол әскерлерді бастап барады, қарлұқтар қарлұқтарға барып тағы соғысты өзінің үйіне дейін жеткізді. Қарлұқтар аттарына қонды; осындай әскермен торы қарлұқтар қарлұқтар Эльтебердің өзі келді, оның істер және ерлік жөніндегі жолдасы, Еркіннің ұлы Итянъшур да келді ұрыстарда соның әскері шайқасты, ол қиратты, мұның елін алды, ұлы мен әйелдерін де мұның, Ышбара Білгі Күлишурдың қағанын алды… өлгендер оны қатты соққылады. Жауларға ол бір өзі айбаттана ұмтылды, жау әскерінің қалың ортасына кіріп кетті және өзі де солардың арасында бастырылып өлді…».
Уақыт жонып-мүжіген және жаулар сыйқын кетірген бұл жазуда өз отаны үшін қатал жауларына қарсы кескілескен күреске шыққан көк түріктердің ерлік істері жөніндегі хабар сақталып қалған. Кәрі шал ұрысқа атой сала ұмтылады, атынан айрылады, бірақ ерлік рухын жоғалтпайды. Жазу ақаулы бола берсін, әйтсе де оның үзік-үзік сөздерінен даладағы сағым пердесінен көрінетін бұлдыр кескіндер тәрізді көкжиектің әр тұсынан салтаттылар көрінеді… және олардың бәрі жаулар. Қарлұқтар солтүстікте, оңтүстікте және батыста; шегіну керек, ал артқы жақта үйі және өзінің ханы. Бірақ, әне, хан өлтірілді, мұның үй-іші бала-шағасы тұтқында, міне сол кезде кәрілігі жеткен алып батыр енді жоғалтатын ешнәрсесі жоқ екенін көріп, қалың қолға барып килігеді де, жауларының өзін басып-жаншып тастауына мұрсат береді. Екінші қағанаттың дүниеге келуінің куәгері ол оның апат болуын өз көзімен көргісі келмейді. Дәл осы Күлишур тәрізді түріктер көршілеріне қорқынышты болды, сондықтан да батырлар өздерін ендігәрі ешқашан мазаламауы үшін олар соларға қарсы шайқасқа шықты. Алайда, өз қолбасшыларының бұл өнегесінен түріктердің көбі үлгі ала қойған жоқ. Шайқастан аман шыққан әскерлер ұйғырлардың іздеріне түсіп қууымен «қара құмның» шартына қарай шегініп кетті.
Одақтастар жеңістерін пайдаланып, тездете өздерінің меншікті мемлекетін құрды. Басмалдар көсемі хан болды, ұйғырлардың көсемі — шығыстың, ал қарлұқтардың эльтебері — батыстың жабғысы атанды. Түрік ақсүйектері қателескендерін байқап қалып, Панкүлдің ұлын Озмыш деген құрметті атақпен хан сайлады. 716 ж-дың қантөгісті кезеңдері қайта оралды, бірақ түріктер енді бұрынғыдай емес еді; Күлтегін замандастарының қолынан келген жәйттерге енді олардың балаларының үстемдік құруға деген дәмелері бұрынғысынша зор болғанымен, күш-дәрмендері жетпей қалды. Түріктердің қысылшаңдық жағдайын ескеріп, Империя үкіметі Озмышханға Империя жағына шығуды ұсынды. Озмышхан олай етуден бас тартты. Бірақ басмалдардың, ұйғырлар мен қарлұқтардың бірлескен күштері оны орданы тастап, қашып кетуге мәжбүр етті. Ханның ұлы бастаған бірқатар түріктер (бес мың үй) бұл үмітсіз соғыста қырылғаннан гөрі Империяға бағынғанды артық санады.
Түріктер өздерінің өткен қан төгісті табыстары мен такаппарлығы үшін сазайларын тартуға тиісті еді. 744 ж. басмалдар Озмышханды өлтіріп, оның басын Чаньаньга жөнелтті. Алайда, түріктердің ымыраға келмейтін бөлігі қаруларын тастамай, марқұм Баймәйханның інісі Құлынбекті таққа көтерді.
Әйтсе де түріктердің көбі құрдымға кеткен істері үшін бастарын өлімге тіккілері келмеді. Олардың арасында «ұлы абыржушылық басталды, ақсүйектер басмалдар басшысын хан етіп сайлады». Баймәйханмен бірге тек ежелгі түрік даңқына берілгендердің неғұрлым табанды бөлігі ғана қалды. 744 ж. күрес әлі де жүріп жатты.
Сол уақыттың арасында одақтастар өзара жанжалдасып қалды: ұйғырлардың көсемі Пэйло басмалдарға шабуыл жасап, оларды күйретіп салды. Басмал көсемі Седе Ишиқағанның басы кесіліп, ол Құтлуғ Білгі мен Күлханның құрметті атақтарының Пэйлоға қалдырылуын мойындау ұсынысымен Чаньаньға жіберілді. Талқандалған басмалдардың аман қалғандарын басқарған тайпа ағаманы Бәйтінге қашты; бірақ ол жерден табан тіреп қалу мүмкіндігін көре алмай, халқын тастап, Қытайға кетті. Қарлұқтар қысқан басмалдардың қалғандары ұйғырларға бағыңды.
Бұл астан-кестендік түріктерге әбден оңтайлы-ақ келген еді, бірақ олардың мұны пайдаланып қалуының сәті түсе қоймады. Империядағы әскери қайта құру өзінің жемісін бере бастаған еді. Соның көрінісіндей, империя әскерлері Сахэней тауы маңындағы түріктердің шығыс қанатына Ордостан соққы берді, сөйтіп, апа-тарханның басқаруындағы 11 руды талқандап жіберді. Баймәйхан өз иелігінің батыс жағында, империя армиясын жабдықтаушы қытай базарынан алыс жерде бекініп қалуға тырысқан еді, бірақ қарлұқтар мен ұйғырлар оның соңынан қуып жетті. Түріктер біржолата талқандалғанды. Пэйло Баймәйханның басын Чаньаньга жіберіп, өзін императордың вассалы (тәуелдісі) ретінде мойындады.
Барлық жерде де түріктер қасқырды ұстағандай ұстап алынып, өлтірілумен болды және алтын жалатылып салынған қасқыр басының суреті бар байрақ бұдан кейін дала төсінің еш жерінде ешқашан желбіреген жоқ.
Тірі қалған түріктерді Білгіханның жесірі, Тоныкөктің қызы Побек басқарып, өткеру шартын алдын ала келіскен бойда Қытайға алып келді. Түріктер шекаралық әскер сапына қосылды, ал По-бек патшазада әйел құрметті атағы мен кінәздік киім-кешек, қаражат алды. Адамдарды құтқарғанымен По-бек халықты сақтап қала алмады. Өзге көшпелілер тәрізді түріктер де табгачтармен араласып, солардың ортасына сіңіп кетті.
ЬІзаланып алас ұрған ұйғырлар, жаулары өздерінің кек қайтаруынан құтылып кеткенін көріп, ашуларын түріктер ескерткіштерін құртуға жұмсады. Олар түрік батырлары тас бейнелерінің бастарын жұлды, Күлтегінге арналған ескерткіштің быт-шытын шығарып талқандады және оның мүсінін қатты қиратқаны соншалық, тіпті сол сынықтарынан мүсінін қайта қалпына келтіру мүмкін болмады. Мақсат тек қиратумен ғана тұйықталмады, ал оған қоса — түрік елін және онымен байланысты нәрсенің бәрін қайтадан қалпына келтіруге жол бермеуге тырысушылықта жатты. Және де ұйғырлар өздерінің ежелгі мақсаттарына жетті — көне түріктерден тек олардың есімдері ғана қалды.
Қидандар. Қидандар көк түріктердің сенімді одақтастары болған еді, бірақ Қағанат өзінің өмір сүруін тоқтатқан кезде, оның қарсылық көрсетуі де мәнсіз болып қалды. 745 ж. қиданның бас ағаманы күрес жүргізуін тоқтатты. Ол Сұңғары провинциясының бастығы болды.
Бірақ Маньчжуриядағы шекаралық әскерлердің корпус бастығы Ань Лушань қидандарға шабуыл жасап, оларды тонауын тыймады. Бұған ашынған қидандар көтеріліс шығарды, тек Ань Лушань оларды басып тастады. Алайда, алмастырылған ағаман да қарсылық көрсетуін жалғастыра берді. Қытайлықтар бұл соғыстың тууына себепші болған Ань Лушань деп көрсетеді, ол көтерілісшілерді жуасытып, басшыларының көзіне түсу үшін осындай қақтығысты әдейі ұйымдастырды дейді. Егер бұл шынымен осылай болған еді десек, онда шекаралық әскерлер соғысу мен тонаушылықты көшпелілерден кем көрмейтін жаугершіл тайпалардан құралғандығын да естен шығармауымыз керек. Сондықтан қақтығысу өзінен-өзі-ақ және сөзсіз шықпай қоймас еді. 751 ж. Ань Лушань татаптардан алған жол көрсетушілері бар алпыс мың әскермен қидандарға қарсы соғысуға аттанды.
Осы жорықта едәуір жол жүргеннен кейін (1000 ли—400 км), қатты жаңбыр жауып, сарбаз садақтарының керме баулары су болғаннан созылып, жебе тартуға жарамай әлсіреп қалды. Татаптар қидандар жағына шығып кетті, ал олар имперлік әскерлерге Шара-Мурэни жағалауында шабуыл жасап, оларды тас-талқан етіп жеңді.
754 ж. қидандар ұйғырларға бағынды, сөйтіп, Маньчжурия Империя үшін біржолата жоқ. болды. Осыдан кейін шекарадағы соғыс та тына қалғандықтан, әлгі қақтығысты көшпелілер емес, ал шекара баскесерлері арандатқаны айқын бола түсті.
Батыс өлкесі. Түріктерді жеңу және ұйғырлардың жалған тәуелділігі Империяға аса қымбатқа түсті, себебі ол солтүстік проблемасын шешіп жатқан осы уақыт аралығында батыста арабтар мен тибеттіктер нығайып алды. Әйтсе де өз күшіне сенген қытайдың тұрақты армиясы Орта Азияның солтүстігінен көрінді.
747 ж. батыс уәлиінің көмекшісі, ұлты корей Гао Сянь-чжи тибет патшасының күйеу баласы Суджораджи басқарған Кіші Болуйға жорық жасады. Гао Сянь-чжи Кіші Болуйға таудың жалғыз аяқ жолдары арқылы енді, жергілікті тұрғындарды парамен өзіне. тартып, солардың көмегімен Сои (?) өзеніндегі көпірді қорғап тұрған тибет гарнизонын талқандап тастады. Болуйда Гао Сянь-чжи жұрттың бәрін жібек маталармен сыйлады, Суджуонды берілуге көндірді және раджаға көмекке келген тибеттіктерді тойтарды. Болуйға мың адамдық гарнизон орналастырылды, сөйтіп тибеттіктер үшін Батыс өлкесіне шығатын өткел жабылды.
Гао Сянь-чжидің хабарламасында бұл жеңістің маңызы тым арттырылып жіберілген: «Фолинь [Византия], Даштар [Араб халифаты], барлығы 72 иелік зәрелері ұша қорқып, Қытайға бағынды». Гао Сянь-чжи тек өз үкіметін ғана емес, сонымен бірге өз-өзін де алдаған еді. Табысына рухы көтерілген ол арабтармен күресуге өзі барып килікті.
Соғдының кейбір кішкене сұлтанаттары шабуыл жасап келе жатқан мұсылмандарға қарсы күресуге көмек алармыз деген ниетпен әлі де болса Империяның етегінен ұстады. Бірақ 748 ж. Бәйтіннің уәлиі Ван Чженсян бұқарлықтармен соғысуға шықты. Оның бір ғана табысы Ыстықкөл көлінен алыс емес Суяб қаласын алуы болды . Қала жермен жексен етіле қиратылды. Сірә, бұл табыс та өсіріп айтылған болуы керек. Өйткені кейінірек Гао Сянь-чжи Чач пен Ферғананың қарулы қақтығысына соңғысын жақтап килігіп, 749 ж. Чачты басып алды.
Соғдылықтар араб тонаушыларына қарсы күресу үшін көмек алудың орнына, қытайдың тонаушы-генералдарың алды және де ол генералдар араб әскерлерімен кездесуден қашқалақтауды артық санайтын. Әйтсе де оқиғалар қисыны генералдардың еркінен күштірек болып шығып, ақыры қақтығыс орын алды.
Бастарына іс түскенде Соғды бектері жәрдемсіз қалдырылды, бірақ олардан Империяға деген адалдық бұрынғысынша талап етілді. Гао Сянь-чжи Чачтың қожасын сатқындық жасадың деп қамауға алып, оны Қытайға жөнелтті, онда ол өлім жазасына кесілді. Мұндай қатыгездіктің орын алуына империя қолбасшысының ашқарақтығы себепші болғандығын жұрттың бәрі түсінген еді, өйткені өлтірілген бектің байлықтары соның қолына түсті. Мұның өзі соғдылықтарды арабтардың құшағына біржолата итерді. Өлтірілген марқұмның ұлы Зияд ибн-Салихтың мұсылмандық отрядын ертіп келіп, оған өзінің соғдылық достарын қосып, Талас қаласын қоршауға алды. Гао Сянь-чжи қаладағыларға көмектесуге аттанды, сол жаққа империя тәуелдісі қарлұқтар жабғысы да өзінің атты әскерлерін тартты. Имперліктер жағында ферғаналықтар, қашғарлықтар, құшастықтар — барлығы 30 мың адам шабуылға шықты. Арабтар мен соғдылықтардың саны белгісіз, бірақ сірә, олар да бұдан аз болмаған тәрізді. Екі армия 751 ж. шілдеде Талас өзені маңындағы Атлах деген жерде кездесті. Кескілескен шайқас екі жақ үшін де елеулі нәтижесіз бес күнге созылды. Алайда шешуші сәтте қарлұқтар Гао Сянь-чжи әскерінің тылына соққы берді, сөйтіп, имперліктер күл-талқаны шыға жеңілді. Гао Сянь-чжи Қытайға қашты.
Халифат жеңістің жемістерін пайдалана алмады. Абу-Муслим мен Абуль Абастың Омеядтарға қарсы 750 ж-ғы көтерілістері елдің бүкіл күшін қылғып қойды. Талас маңындағы жеңімпаз Зияд ибн-Салих көптеген астыртын әрекеттердің біріне қатысушы болып шығып, басын айбалта астына салды. Алайда жеңіліс қытайлықтарды қорқытып тастағаны соншалық, олар Батысты басып алмақ ойларынан түңіле бас тартты. Империя күйреу қарсаңыңда тұрды.
Талас шайқасы мұсылман мәдениетінің Орта Азиядағы қытай мәдениетінен басым түскені жөніндегі мәселені шешті деген пікір болды. Әйтсе де бір шайқастың тағдыры тұтас бір елдің даму жолын айқындап бере алмақ емес. Тан империясын Батысқа қытай мәдениетін емес, ал өзінің саяси үстемдігін алып барды. Бірақ онысы жүзеге асыруға болмайтын үміт еді. Көшпелі хандықтардың — ұйғырлар мен қарлұқтардың өшпенділігі жеңілмейтін өшпенділік болатын. Империяның соғыстық қуаты 751 ж. барлық жерде де соққы алды: қидандар имперліктерді шығыста, тибеттіктер мен жаңадан пайда болған мемлекет Наньчжао — оңтүстікте талқандады, ал ішкі қарама-қайшылықтар көп кешікпей Қытайды өз шекарасының ішінде томаға тұйық қалуға мәжбүр еткен астан-кестен өзгерістерге алып келді. Талас шайқасы оқиғалардың ұзын тізбегіндегі бір ғана буын болды.
Қарлұқтар. Этюпсалық жағынан қарлұқтар түркіттерге неғұрлым жақын болғандығына қарамастан, олармен ешқашанда тату тұра алмады. 650 ж. төлес-түркіттердің алтай тарамы құртылған кезде қарлұқтар осы мейірімсіздік істі жүзеге асырған имперлік корпусқа қолдау көрсетті. Бұл қолдаушылық Қытайда олардың империя қол астына өтуі деп қабылданылды, бірақ іс жүзіңде қарлұқтар Тан империясының құрамына тек 657 ж, Батыстүркіт қағанатын жаулап алу кезінде ғана енді.
Империяға тәуелділік қарлұқтар үшін ауыр болған жоқ. Олардың көсемдері қытай шендерін алды, ал өзгелерінің бәрі бұрынғысынша қалды. Екінші қағанат тұсында қарлұқтар өздерінің бостандығын өжеттікпен қорғады және ақырында толық жеңіске жетті. Гао Сянь-чжи әскерлерінің ту сыртынан берген дәл солардың сатқындық соққысы Талас шайқасының тағдырын шешкендігіне қарамастан, олар Империямен одағын сақтап қалғылары келді. Сондықтан, имперліктерге 744 ж. берілген түрік жабғысы Абусы 752 ж. көтеріліс жасап, Шофанды күйреткен кезде қарлұқтар 753 ж. оларға қарсы шығып, батыстан берген соққысы арқылы түрік көтерілісшілерін толық жеңіліске ұшыратқан болатын. Абусы қарлұқтардың қолына тұтқынға түсті, қытайға жөнелтіліп, олар оны зынданға тастаған-ды. Қарлұқ жабғысы «Алтайдың патшасы» деп танылды. Осыдан былай қарлұқтардың тасы жоғары өрмеледі. Олардың бірден-бір бақталасы — түркеш хандығы ыдырай бастады. 756 ж. сары және қара тұқымдар арасында қанды жанжал бұрқ ете қалды . Бұл араздық түркештерді біратала қансыратып тастады, содан 759 ж. қарлұқтардың шабуылы басталғанда түркештер оларға қарсылық көрсете алмай қалды. 766 ж. дейін қарлұқтар Жетісуды, Таласты, Шу өзені аңғарын бағындыруды аяқтап, Батыс Тянь-Шаньға жетті. Түркештердің бір бөлігі қарлұқтарға бағынды, бір бөлігі шығысқа қоныс аударып, ұйғырларға берілді. Осы уақыттан бастап қарлұқтар Орта Азиядағы далалық мәдениетті бірден-бір сақтаушы болып қалды. Олар 960 ж. өздері мұсылман дініне өтіп кеткенше 200 жыл бойы исламның тегеурінін тоқтатып тұрды. Сірә, қажет деп санамаған болар, қарлұқтар Қытаймен қарым-қатынас жасауын қойды.
Алайда қытайлықтар Батыс өлкесіндегі «Төрт бекіністі»— Құшаны, Қарашарды, Хотанды және Қашғарды, сондай-ақ Бәйтін мен Жоңғарияны ұстап қалды. Шато императорға адалдығын сақтады, бірақ Қытаймен екі аралығын ұйғырлар кесіп тастап, солардың жинайтын алым-салығынан жапа шеккен олар ақыр аяғында жеңімпаз Тибетке бағынумен тынды.
Тан империясының батыстағы саясаты сәтсіздікке ұшырады. VIII ғ-дың екінші жартысында Қытай мен Ұлы дала жауласушы екі дүние тәрізді қайтадан бір-біріне қарама-қарсы тұрды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *