Түркіттер мен түріктер (Л. Гумилев)

Түркіттер мен түріктер. Батыс қағанаттағы ақуалды қайтадан қалпына келтірудің осы жұмыста ұсынылып отырған нұсқасы Э. Шаванның әлемдік ғылым қабылдаған концепциясынан мүлде өзгеше. Пікірдегі бұл қайшылық бірнеше терминдерді долбармен түсінуге және Э. Шаванның бір жалпы алғышартына негізделген, бұларды қабылдамай тастау керек, өйткені XX ғ. орыс зерттеулері ол пікірдің дәйексіз екенін дәлелдеді.
Э. Шаван өзінің концепциясын В. Радлов пен Ф. Хирттың: теле-толос сеяньто-сир-тардуш, огор — ұйғыр сияқты (оған өзінің абар-жужаны қосады) дүдәмал теңдестірулерін сын көзімен қарамай, қайтадан көшіре салу негізіне құрған. Теңдестірудің бірінші парының ешбір негізі жоқ екенін В. В. Бартольд айтқан еді, ол, жалпы, Э. Шаванның еңбегін төмен бағалаған, «огорлар» ол Орал өңірінің угорлары деп, өз еңбегінде бұл мәселені М. И. Артамонов анықтап береді, ал абарлар жөніндегі мәселе жоғарыда шешілгенді. Қазір даусыз деп саналатын осы қателерді жөндеу — Э. Шаван еңбегінің синтетикалық бөлімін ескірген деп біледі, бұл бізді бүкіл материалды қайта қарап шығуға мәжбүр етеді. Сонда біз, Э. Шаванның —»батыс түріктері бір халық болып құрылмаған, бірақ федерацияны құрған әртүрлі тайпалардан тұрған» дейтін қағидасы нақтылай түсуді талап ететініне күмән келтірмейміз.
Шаванның түсінуінше түркіттер мен Жетісудың түрік тілді рулары — бірдей, оның оқиғаларды қайта қалпына келтіруінде түркіттерге орын болмай қалады. Бірақ тексеріп шыққанымызда, осындай пікірде болсақ, оқиғалар барысы толық түсіндірілмейді екен, оны жүре келе көреміз. Бұған қоса Б. X. Кармышева этнографиялық жұмыстарымен Орта Азиядан түркіттердің өз жұрағаттарын тапқан. Өзбектер құрамына кіретін ортаазиялық тайпалар аттарының ішінде жергілікті халық «түрік» деп атайтын бір топ тайпалар бар екен, ал олардың ішінде қарлықтар мен барластардан, қалтатай мен мұсабазарлардан басқа, «түрік» атты бір тайпа бар екен. Бұл арада бірінші жәйтта түрік деп XIV—XV ғғ. Мәуреннахрдың ескі түріктілді мекендеушілері айтылады, бұған осында түріктеніп кеткен моңғол текті барластардың бар екені куә, ал сонда тар мағынасында алсақ, олар өзбектерге қарсы қойылады, мұнда Шейбаннханмен бірге Дешти қыпшақтан келген тайпаларды ғана өзбектер деп түсінеді. Екінші жәйтта тар мағынасында алсақ, «түріктер» өздерін тек өзбектерге ғана емес, лоқайларға, кесамырлар мен семиздерге, тіпті қарлықтарға да қарсы қояды. Оларда рулық бөліну жоқ, бірақ солардың бір тобы өздерін түрік-тұғын — деп атайды. Бұл сөзді кәзір жұрттың бәрі түсіне бермейді, оны ескіні білетін көнекөз қариялар моңғол сөзі —»туған»— ту, байрақ — шығарады: бұл тегі «ту ұстаушылар» немесе «бүлікшіл түріктер» дегенді білдірсе керек. Аңыздың айтуынша: «Туғын (дұрысы Тугон — Л. Г.)— бұдан 1200 жыл бұрын өмір сүрген бір батыр сарбаздың аты. Оның шыққан тегі Татарстаннан.
Қалтатай-түріктер руы осы кісінің ұрпақтары болып табылады.
Б. X. Кармышева бұл «түріктер» Орта Азияға, «бәлкім, тіпті қарлықтардың да арғы аталарынан бұрын» келген түріктердің ұрпақтарына жататын болса керек,— деп жорамалдайды. Б. X. Кармышеваның қорытындылары аса дәйекті, ал оның жинаған материалдары айрықша маңызды болып көрінеді. Ол VII—VIII ғғ. (осыдан 1200 жыл бұрын) Орта Азияда біз «Түркіттер» деп атайтын тайпаның болғанын айқын дәлелдейді. Бұл тайпалық этнографиялық ерекшеліктері де біздің пікірімізді қуаттайды. Мұнымен бірге олар соңғы кезге дейін көшпелі мал шаруашылығының машықтарын сақтап келгенге ұқсайды.
И. И. Умняков, «Фахреддин Мүбәракшахтың тарихын түсіндіре келіп, онда аталған түрік тайпаларының тізімін келтіреді, сол тізімдегі бірінші орынды «Түрік» тайпасы алады. Умняков «түрік» сөзінің, XII—XIII ғғ. түріктердің жалпы аты болуымен бірге, «әсілі» одан бұрын айрықша бір түрік тайпасының аты болып келсе керек».
Мұның солай болғаны күмәнсіз. Сол себепті де біз ұсынған шартты термин «түркіт» түсініктер мен аберрацияларды шатыстырып алмауға көмектеседі, тіпті тарихи талдаудың Э. Шаванн секілді алыбының өзі сондай жаңсақтықтың құрбаны болған. Бұған қосатын тағы бір сезім, оның синтетикалық түзілімін қабылдамасам да, В. В. Бартольдтің француз ориенталисі зерттеуінің анализ жасайтын бөлімі жөніндегі теріс пікіріне қосылмаймын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *