Сапаны басқару жүйесі. Аудитор жұмысының сапасын бақылаудың негізгі қағидалары
Аудиттің өзіне қысқаша тоқталсақ, аудит (лат audit-шоттарды тексеру, тексеріс)-шаруашылықты жүргізу субьектілерінің қаржы есеп –қисабына аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар жүргізген тәуелсіз сараптамасы мен талдау. Аудиттік жүргізу барысында жылдық бухгалтерлік (қаржы) есеп-қисабының жай күйі мен мазмұны, меншік нысаны мен қызмет түрлеріне қарамастан банкілердің, қорлардың, биржалардың, компаниялардың, қоғамдар мен басқа да шаруашылық жүргізу субьектілерінің жылдық балансының дұрыстығы мен толықтығы; субьектілердің инвестициялардың қабылдау және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу жөніндегі әлеуметті мүмкіндіктері, кәсіпорындардың жарғылық қорының уақытылы толық құралуы; несие ресурстары мен инновациялардың мақсатқа сай пайдаланылуы; қаржының жай-күйі жөнінде аудиторлық қорытынды жасалады. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар өздерінің кәсіптік қызметімен байланысты басқа да қызметтер, атап айтқанда: бухгалтерлік есепті жалға қою және қалпына келтіру; табыс және қаржы есеп-қисабы туралы жасау; кәсіпорынның активтері мен пассивтерін бағалау; тапсырыскерлерге ақпараттық қызмет көрсету; салық және шаруашылық заңдары жөнінде кеңес беру қызметтерін де көрсетеді.
Сонымен аудитор (лат audit-тындаушы, тексеруші) — аудиторлық қызметпен айналысушы маман болып табылады. Онымен жоғары экономикалық және заң білімі бар мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс істеген және тиісті аттестациядан өткен адам айналыса алады. Аудитордың аудиторлық қызметпен кәсіпкер немесе аудиторлық ұйымның қызметкерлері ретінде жеке айналысуына құқығы бар жеке кәсіпкерлік қызметпен тек лицензия алғаннан кейін және аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың мемлекеттік тізімдемесіне енгізілгеннен кейін ғана айналысуға болады. Оның оқытушылық пен ғылыми жұмысты қоспағанда кәсіпкерлік қызметтің басқа түрлерімен айналысуына тыйым салынады. Пайдақорлық пен шаруашылық қылмыстар үшін сотталған адамдардың аудиторлықпен айналысуына құқығы жоқ. Аудитордың (аудиторлық ұйымдардың): тексеру нысандары мен әдістерін дербес айқындауға; барлық бухгалтерлік тізімдіктерді; шоттарды, қаржы-шаруашылық қызметтің басқа да құжаттарын, активтер мен міндеттемелерді, ақшалай қаражаттың, бағалы қағаздардың, материалдық құндылықтардың нақты болуын және олардың бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік (қаржы) есептемесінің деректерімен сай келуін тексеруге; банкілерден, салық органдары мен өзге де үшінші тұлғалардан тексерілетін кәсіпорынның қызметі туралы аудитті жүргізу үшін қажет тиісті мәліметтер алуға; түрлі саладағы мамандарды шарт негізінде аудитке қатысуға таратуға?; кәсіпорының қажетті құжатаманы табыс етпеген жағдайда тексеруден бас тартуға құқығы бар. Аудиторлар (аудиторлық ұйымдардың): тапсырыс берушіге аудитті жүргізуге өзінің қатыса алмайтындығы туралы хабарлауға; тексерілетін кәсіпорыннан алынған және өзі тексеру барысында әзірлеген құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге; өзі табыс еткен және аудиторлық жұмыс барысында анықталған кез келген ақпараттың және тексеру деректерінің, нәтижелерінің және тапсырыс берушінің қаржылық жай-кұйінің құпия ұстауына кепілдік беруге; тексеру барысында алынған ақпаратты өзінің мақсаты үшін немесе үшінші бір тұлғаның мүддесі үшін пайдаланбауға аудитті жүргізу барысында заңдардың елеулі түрде бузылғандығын, соның салдарынан кәсіпорынның немесе мемлекеттің зиян шеккенін не зиян шегуі мүмкін екендігін айқындайтын фактілер туралы меншік иесіне жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.
Аудит жұмысы, нарықты қатынас жүйесінде дамыған елдерде жедел дамыды. Мысалы, Ұлыбритания, Франция елдерінде аудит міндетті түрде жүргізілетін болды. Оның құқылығын қамтамасыз ету үшін ол елдерде бірінші болып аудит заңы қабылданды.
Шет елдердегі аудит жұмысының мазмұн-мағынасын, ұйымдастыру принциптерін, бақылау-тексерудегі қойылатын талаптарын аудиторларды бекіту, тағы басқа да ерекшеліктерін қарастыратын болсақ, негізінде олардың арасында берілетін бірдей талап қоюшылық бар болады.
Ал, еліміздің аудит жұмысының тиянақты дамуына бірден-бір негіз болған, заң тұрғысынан жұмыс жүргізуге, құқылығын анықтап отырған, 1993 жылы 18 қазан айында жоғары Кеңес қабылдап, бекіткен «Қазақстан Респуббликадағы аудиторлық қызмет» туралы заңы арқылы іске асырылады. Бұл заң аудит қызметін бір жүиеге келтіріп, оның тиімді жүргізілуін қамтамасыз етеді. Осы заңға сүйене отырып еліміздегі аудиттің даму жолы анықталады, шет ел аудит фирмаларымен қарым-қатынас, бірлесіп аудит жүргізу, мамандану жолдары белгіленеді.
Қазіргі кезде біздің елімізде Еуропалық «үлкен алтылық» тобының филиалдары жұмыс істейді. Сонымен қатар біздің елдің аудит фирмасы да қосылып аудит жұмысын жасайды. Қазіргі кезде дүние жүзінің барлық елдерінде аудит қызметін көрсететін алты аудит фирмасы бар. Олар қазір дүние жүзілік «үлкен алтылық» деп аталады.
Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсету рыногы шартты түрде екіге бөлінген: өзінің кәсіби қызметін «Үлкен төрттік» деп аталатын халықаралық аса ірі аудиторлық компаниялар Deloitte Touche, KPMG, Ernest Young, Pricewaterhouse Coopers және жергілікті аудиторлық компаниялар ұсынып отыр. Халықаралық фирмалардың әрқайсысы өздерінің мүшелері ұзақ жылдар бойы аудиттің халықаралық стандарттары бойынша әлемнің көптеген мемлекеттерінде жұмыс істейтін ірі халықаралық топ болып табылады.
Жергілікті аудиторлық компаниялар бүгінгі таңда Халықаралық аудит стандарттарын қолдану және оларды пайдалану тәжірибесін қабылдауды енді ғана бастап отыр.
Аудит осы мемлекетке қабылданған стандарттар мен принциптерге сәйкес болса ғана сапалы аудит ретінде танылады.
Аудитор кәсібінің ерекшелігі – олардың маңызды қоғамдық міндетті қызметті орындайтындығында. Яғни, олар көптеген ақпарат тұтынушылардың бұл экономикалық субъектімен істес болу немесе болмау жөнінде шешім қабылдауына негіз болатын қаржылық қорытынды есептің дұрыстығын дәлелдейді немесе дәлелдемейді. Аудитор үшін баста міндет – аудиторлық қорытындыға сенгісі келетін адамдардың үмітін алдамау. Сондықтан аудитор клиенттің кез келген қыңырлығы мен тілектерін орындауға емес, белгілі бір ережелер мен кәсіби этикалық кодекстің шеңберінде әрекет етуге міндетті.
Клиентке сапалы қызмет көрсету үшін аудиторлық фирмалар өздерінің ұйымдық құрылымдарын басқарудың теориясы мен практикасына, сонымен бірге клиенттерге көрсетілетін қызмет түрлеріне қарай құруға тиісті.