Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі
Есеп бойынша барлық негізгі операциялар автоматтандырылған: келіп түсу, есепке алыну, амортизацияны жинақтау, жіберу, шығару, түгендеу. Бір айда жинақталған амортизация сомасын бірнеше шоттар немесе аналитикалық есеп объектілерінің арасына бөлу мүмкін. мерзімді пайдаланылатын негізгі құралдар үшін жинақьалған амортизация графигін қолдану мүмкін.
Негізгі және көмекші өндіріс есебі
Негізгі және көмекші өндіріспен шығарылатын өнімдер мен қызметтердің өзіндік құнының есеп айырысуы шикізатты қайта өндіру есебі автоматтандырылған. Бір ай ішінде шығарылған дайын өнім есебі өзіндік құн жоспары бойынша жүргізіледі. Ай соңында шығарылған өнім мен көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құны есептеледі.
Жартылай дайын өнімнің есебі
Жартылай дайын өнімді шығарумен аралық кезеңді болжайтын күрделі технологиялық үрдістер үшін жартылай дайын өнімнің қоймалық есебі мен олардың өзіндік құнының автоматты есеп айырысуы қолданылады.
Жанама шығындар есебі
Жанама шығындарды шығару кезінде өнімдерді (қызметтер) номенклатурасы топ бойынша бөлудің әртүрлі әдістерінің қолданылуы мүмкін. жанама шығындар үшін келесідей бөлу базасы болуы мүмкін:
- шығару көлемі;
- жоспарлы өзіндік құн;
- еңбекақы;
- материалдық шығындар.
Еңбекақы және кадрлық есеп
«Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0»-да персонал қозғалысының есебі жүргізіледі. Еңбек заңы бойынша бірегей қалыпты қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Автоматтандырылған:
- есепте әр жинақтау түрі үшін жеке көрсету әдісін нұсқау мүмкіндігімен кәсіпорынның жұмыскерлеріне еңбекақы жинақтау;
- жұмыскерлермен екіжақты есеп айырысуды, тіпті еңбекақы төлеуді жүргізуді енгізу;
- еңбекақыны депониттеу операциялары;
- атқарушы парақтар бойынша есеп;
- регламентацияланған қажетті есеп беруді құру (салықтық есеп беруді және статистикалық есеп беруді)
ҚҚС есебі
Жабдықтаушылар мен мердігерлерге төленген, соның ішінде ҚҚС есептелмейтін операциялар бойынша және сатып алынатын тауар, қызмет құнына кіретін ҚҚС-на есеп автоматтандырылған. ҚҚСалығынан есеп автоматтандырылған, соның ішінде бейрезиденттерден алынған қызметтері бойынша. ҚҚС салығын есептеу мақсаты үшін бөлек және пропорционалды әдістері ретінде есепке алынатын салықты анықтау әдістерін қолдайды.
307.00 «Салықтық кезең ішінде сатып алынған (есеп беру кварталы) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша шот-фактуралар реестры» қалыпының толтырылуы автоматтандырылған.
Салықтық есеп (табыс салығы бойынша)
Конфигурацияда жалпы бектілген салық салу тәртібін қолдайды. Салықтық есепті жүргізу үшін (корпоративті табыс салығы бойынша) конфигурацияда арнайы шоттар жоспары (салықтық) қосылған. Бұл бухгалтерлік және салықтық есептің мәліметтерінің салыстыруын жеңілдетеді және БЭШ-11 (табыс салығы бойынша есеп) талаптарының салықтық есебі. Сонымен қатар, шоттар жоспары ҚР СК 15 бөліміне сәйкес салықтық есептің спецификасын бейнелейді. Салықтық есептің мәліметтері бойынша автоматты түрде салықтық регистрлер және корпоративті табыс салығы бойынша декларацияларды толтыру үшін мәліметтер дайындайды.
Айдың аяқтаушы операциялары
Ай аяқталуына орындалатын регламенттік операциялар автоматтандырылған, соның ішінде бағамның қайта бағалануы, болашақ кезеңдердің нығындарын есептен шығару, амортизацияны есептеу, қаржылық нәтижелерді анықтау және т.б.