Кодтау және классификация жүйесі.
Классификация — әртүрлі белгілер бойынша көпшілікке берілген объектілердің ойдағыдай бөлінуі. Объектілер классификациялары бойынша топтық белгілер: класс, классасты, топ, топасты, түрасты, тип болып аталады.
Классификатор – кодталған объектілер атауларының жүйеленген бірлігі, олардың классификацияланған топтар мен кодтық байланыстары болып табылады.
Классификация жүйесі – бұл объектілердің жиынның жиынастыға бөлінуінің ережелер жиынтығы. Практикада көбінесе классификацияның екі жүйесін: иерархиялық және фасеттік қолданады.
Классификацияның иерархиялық жүйесі болып классификациялық топтар арасындағы иерархиялық қатынас орнайтын классификация табылады. Иерархиялық жүйенің классификациясында әрбір топтың бөлінуі бір негізге байланысты өндіріледі. Әрбір деңгейде алынатын топтардың классификациялары жоғарғы тұрғанға бағынышты және қайталанбайды.
Классификацияның фасеттік жүйесі көпаспектілі жүйе классификациясына жатады.классификацияның фасет-аспектісі классификациялық тәуелсіз топтарын құрылуы барысында қолданылады.классификациялық фасеттік жүйесіндегі топтар тән фасеттерден алынған белгілер комбинациялар арқылы құрылады. Классификацияның фасеттік жүйесін құрғанда фасеттердің біріккен шығаруды және тек қана мәнді белгілерді сорттауды талап етеді.
Кодтау – объектіге кодтық белгінің қойылу процесі. Қайта кодтау – ертерек кодталғанобъектіге жаңа кодтық белгінің қойылуы.
Декодтау – кодтауға кері процесс.
Келесідегідей кодтау жүйесі қолданылады: реттік, сериялық, ұстанымды, шахматтық, қайталану кодтау жүйесі, біріккен.
Кодтау жүйесі – бұл объектілерге кодтарды беруіне байланысты ережелер жиынтығы.
Кодтарға қойылатын талаптар келесідегідей болады:
- мәнділігі бойынша минималды;
- объект туралы қажетті ақпараттан тұратын құрылуына байланысты логикалық;
- бір белгіні белгілейтін болса, бірмәнділік;
- жалпы қабылданған сандық белгілерге үйренген;
- қабылдауға және есте сақтауға қолайлы.
Натуралды сандар бағанына нөмірлер белгілері кемуі немесе өсуі бойынша барлық белгілер кодталғанда кодтаудың реттік жүйесі ең көп жағдайда қарапайым болып табылады.
Артықшылықтары: құрылудың қарапайымдылығы, аз мәнділігі, жазудың тығыздылығы.
Кемшіліктері: белгілеріне байланысты объектілер топтарын қарастырмайды (бір белгіні ғана кодтауға болады), берілген номенклатураның жаңа объектілерінің пайда болуына байланысты келісілген классификацияның бұзылуы болады. Бұл реттік кодтау жүйесінің қолданылуын шектейді.Сериялық кодтау жүйесі (реттік жүйенің модификациясы) қарапайым баламалы номенклатураны кодтау үшін арналған және қандайда бір белгі бойынша жеке топқа белгіленген объектілерге нөмірлер сериясын меншіктеуді болжайды.
Артықтшылықтары: сериялық жүйе разрядтар саны бойынша үнемді, сонымен қатар құрамында қажетті қор бар. Бұл номенклатураны кеңейтумен классификацияның бұзылуынан қашуға мүмкіндік береді.
Кемшіліктері: тек бір белгі бойынша кодтауға болады. Мысалы, негізгі жұмыскерлердің мамандықтарына мамандықтар кодтау кезінде 01-30 дейін нөмірлер сериясы меншіктеледі, көмекші 31-40 дейін, қызмет ету 41-70 дейін және т.б.