Клиентті таңдау және аудитті орындау туралы шешім қабылдау. 

Клиентті таңдау және аудитті орындау туралы шешім қабылдау.  Аудиторлық фирмалар жағымсыз клиенттермен  ынтымақтастық жасауға және қарым-қатынас қажет емес клиенттерге қызмет көрсетуді жалғастыруға міндетті емес. Жаңа клиенттерді таңдау жөніндегі фирма саясаты келесідей элементтерді қамтиды:

            — Көзделген клиент беделін, оның қаржылық жағдайының нақтылығын және оның алдыңғы аудиторлық фирмамен өзара қатынастарын бағалау;

            — Аудиторлық фирманың мүмкін болатын клиентке қатынасының тәуелсіздігін бағалау.

             Аудитті орындау үшін персонал  таңдау. Аудит тиімділігін қамтамасыз ету үшін оны жүргізетін персоналды дұрыс таңдау аса маңызды. Аудитті  сәйкес техникалық дайындығы және қажетті кәсіби қабілетке  ие  адамдар жүргізуі керек.Аудиторлық міндеттемелердің  кең масштабы кезінде тексеруге басшылары бірнеше қызметкерлер, сонымен бірге заң, салық мәселелері бойынша мамандар қатыса алады.

            Жұмыс жағдайларын келісу. Клиент пен аудитор арасындағы қатынас Қазақстан Республикасының  «Аудиторлық қызмет туралы» заңының төртінші бабына сай шарт негізінде құрылады. Кез келген шартты құрмас бұрын  алдынала келіссөздер жүргізіледі.

Аудитті жүргізу жөнінде клиентпен шартқа отыру. Клиент пен аудиторлық фирма аудитті жүргізу туралы шарт жағдайларын түсіну қажет. Түсініксізді айту үшін осы жағдайларды  келісім-хат көмегімен жазбаша түрде тіпкеу қажет.

Маңыздылық пен аудиторлық тәуекелдікті бағалау. Қаржылық есеп беруді  тексеруді жоспарлау кезінде аудитор алдын ала жүргізілетін аудиторлық жұмыстың көлемі мен сипатын анықтайды. Бұл кезде клиент «тәуекелдігі» көп болған сайын, жұмыс көлемі үлкен болатынын ескеру керек. Себебі, аудитор маңыздылықпен тәуекелдікті бағалауы керек.

 Маңыздылықты бағалау аудиторлық тексерудің барлықкезеңдерінде жүреді: аудитті жоспарлау, орындау және аудит нәтижелерінжинақтау. Жоспарлау кезеңінде аудитор баланстар жеке және қаржылық есеп беру үшін жалпы алынған табыстар  мен шығындар туралы есептер бөлімдері үшін маңызды болып табылатындар жайында алдын ала пікір білдіреді.

            Маңыздылықты бағалауды аудитор белгілі бірізділікпен орындайды:

-Маңыздылықты бағалау;

-Маңыздылық  туралы алдын ала   пікір білдіру;

-Есеп беру элементтері  бойынша маңыздылық  туралы пікір білдіру;

-Есеп берудегі жиынтық  қатені бағалау;

-Маңыздылық  туралы алдын ала   пікір білдірумен жиынтық бағалауды салыстыру.

Алғашқы екі пункт жоспарлау кезеңіне жатса, кейінгі екеуі аудиторлық тексеруді  жүргізу нәтижелері болып табылады.

Тәуекелдік мынадай нысандарда болуы мүмкін: клиент тұрақсыз нарық жағдайында жұмыс істеп табысқа жете алмауындағы тәуекелдік, басқарудың жүйелі қателерін немесе ішкі бақылау қателерді таба алмауы және түзетпеуі салдарынан қаржылықесеп беру бұрмаланған тәуекелдік.

Ішкі бақылау жүйесін бағалау.  Барлық тексерулер  кезінде аудитор ішкі бақылаудың әр элементінен аудитті жоспарлауға жеткілікті мәлімет алуы қажет.

Ішкі бақылау жүйесінің элементтері   келесідей байланыста  қарастырылуы  керек:

-шаруашылықты жүргізуші субъект көлемі;

-субъект  бизнесінің мәні;

-қызмет құрылымының қиыншылығы;

-субъектінің ақпаратты беру, өңдеу,сақтау және бағалау үшін пайдаланатын әдісі;

-субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін реттеуші  заңдық және нормативтік  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *