Бухгалтерлік ақпараттың классификациясы.

Бухгалтерлік ақпараттың классификациясы.

Бухгелтерлік ақпарат әр түрлі классификацияларына қарамастан келесі түрлерге бөліне алады:

  • ол ақпараттық жүйе қатынасына байланысты кіретін (ішкі, сыртқы), шығатын (ішкі, сыртқы) болып бөлінеді;
  • өңдеу үрдісіне байланысты өңделмейтін және өңделетін (аралық, қорытынды);
  • қалыптасу және өңделу сатыларына байланысты біріншілік және екіншілік;
  • объективтілік дәрежесіне байланысты сенімділік және сенімділік емес;
  • қаныққан дәрежесіне байланысты жеткілікті және жеткілікті емес;
  • мәнділігіне байланысты пайдалы және пайдалы емес;
  • тұрақтылық дәрежесіне байланысты ауыспалы және тұрақты (абсолютті тұрақты, шартты тұрақты);
  • қалыптасу көзінің әсер етуіне байланысты активті және пассивті;
  • идентификация қалыпына байланысты сандық, алфавитті және символдық;
  • егер бухгалтерлік ақпарат сенімді және мәнді болса ғана ол пайдалы болады;
  • қандай да бір нақты тұлғаның қызығушылығын тудырмайтын және жеңіл тексерілетін кәсіпорындағы шаруашылық процестердің толықтығын сенімділік көрсетеді;
  • бухгалтерлік ақпараттың мәнділігі кері байланысқа сүйенетін қажеттілігі мен уақыттылығынан тұрады.

Бухгалтерлік ақпаратқа қабылдаудың біртектілігімен байланысты талаптар, төмендегідей:

Құжат – мәнділігі бойынша әртүрлі, бірақ құрылымы бойынша бірдей көрсеткіштерден тұратын ақпараттар жиынтығы. Хабарлама – белгілер-реквизиттерден ғана тұратын ақпараттар жиынтығы.

Файл (массив) – мәнділігі әртүрлі анық құрылымды хабарламалар немесе реквизиттердің бірнеше көрсеткіштерін қосатын ақпараттар жиынтығы.

Ақпараттық ағын – бухгалтерлік есептің қандайда нақты бөлігіне байланысты массивтер жиынтығы.

Ақпаратық жүйе – тікелей және кері байланыстары бар ақпараттық ағындардан тұратын ақпараттың ең биік бірлік дәрежесі болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *