АШИН МЕН СУЙ
XI тарау
Қағанатты қайта біріктіру. Ұлы жанжал алдындағы жағдайды қалпына келтірген 593 ж. бітімі Суй императорын өзінің бүкіл еңбек-бейнетінің жемісінен айырады. Ол түркіт сұлтандарын бөлшектеп, тізе бүктіруге, сөйтіп олардың алауыздығын сирек берілетін садақасымен қолдап тұрмақшы болғанды ал бірақ мұның орнына император алдына қайтадан Қытайды шығынға батыратын сауда шартын қатал орындауды талап ететін бірыңғай, құдыретті қағанат келіп қасқайып тұрып алады. Бұл-бұл ма, бұған қоса шекара бойынан қытай халқымен айырбас сауда жасайтын базарлар ашу туралы өтініш-талап жібереді. Бұл ісімен олар өз экономикасына тәуелсіз жағдай жасайды да, талас-тартыс туа қалғандай болса, Суй сарайының қызмет-көмегінсіз-ақ, қажетті тауарды өндірушінің қолынан тікелей алатындай етіп қояды. Әсілі, бұл «өтініш» Иранға жасалған жорықпен тегіннен-тегін сәйкес келмесе керек, өйткені ол Қытайға 598 ж. жіберіледі. Таяудағы уақытта өздеріне жібектің аса қажет болатынын түріктер анық білген секілді, өйткені енді көп ұзамай олардың батыстағы туыстары өңмендей Византияға жетеді де, керуендер батысқа жібек матасын, шығысқа — алтынды тасиды әлі. Ян цзянь со жылы Оңтүстік Қытайдағы Чэнь патшалығын бағындырмақ болып, басы қатып жатқан, сол себепті де осындай қолайсыз кезде қарым-қатынасты шиеленістірмегенді жөн деп есептейді. Бірақ хан ордасында жасалып жатқан іс-әрекеттің бәрі бірдей оған ұнай бермесе керек.
Суй сарайына қарсы қам-харекеттің ұйтқысы Чжоу үйінен шыққан ханшайым болатын, ол императордың мұның күллі туған-туысқанын қырып салғанын кешірмейтін. Анау ханшайымның кекті қайтару жөніндегі қиялының бос әурешілік екенім білдіргісі келіп, оған тарту ретінде Чэнь үйі императоры есігінің қымбат бағалы қалқанын жіберткізеді. Ол бұл тартуымен бүкіл Қытайдың өз қоластында екенін сездіргісі келеді, бірақ ол әйелдің отына май құяды. Ханша бұл сыйлыққа мәністі ишаралары бар элегиямен жауап береді. Атақ-құрмет қасыреттен жаралған Тірлік заңы — шөп те Судан нәр алған.
Күні жетсе құдыретің де күл болар,
Көк тіреген күмбездерің құм болар.
Асып-тасып жатсын бүгін мал-мүлік-,
Байлығың да тұра бермес мәңгілік.
Шараппенен көңіл қанша тыншығар,
Лютня да күмбірлер де, бір сынар.
Мен де бір кез патша қызы ем шалқыған.
Келем бүгін көшпендінің артынан.
Жүруші едім дүниені ән ғылып,
Келем, міне, жалғыз өзім қаңғырып.
Тұрақ та жоқ, мұрат та жоқ тағдырда,
Өтіп жатыр бәрі көздің алдында.
Салған әндер жанғыртатын бөктерді,
Тұтқын қыздың жүрегінде дерт болды.
Император осынау мұңлы өлеңнен ханымның бұған әлемдік таңғажайып заңының құрбаны болуға тілеу тілейтінін және ханының қалшиған қалпынан қайтып, ешбір ымыраға келмейтінін тіледі, бірақ мұның есесіне ол тек ханшаға жіберілетін сыйлық санын азайтады, ханшаның ашынасы бар дегенді сылтау етіп, оны лауазымнан айырады, әрине бұл әйелдің ордадағы ықпалын, оның қытай императорына деген өшпенділігін де кеміте алмайды.
Император елден қуылған әйелдің элегиясына айрықша мән береді. 593 ж. хан қосынына Ян Хинь деген біреу келіп кіріп қалды да, Суй режіміне қытайлардың өзі наразы екенін және олардың көтеріліске дайындалып жатқанын айтып береді. Дулан-будан қолма-қол қорытынды жасайды да, 584 ж. келісім шарты бойынша төлеп тұратын алым-салықты жібермей қояды. Ханша Бухардың бегі Ниліханмен (Қара-Сордың немересі, әлгі Бахрам Чубин өлтіретін Янг Соухтың баласы) одақты ретке келтіріп, ордадағы қытайға қарсы партияны нығайтады.
Мұның бәрінің Суй үкіметіне қатерлі болатын себебі, Ян Чиннің сөзі растұғын: Қытайда шынында да Суй әулетіне қарсы күрес етек алған еді. 594 ж. қуаңшылық түсуіне байланысты таптық басталады, бірақ император ашыққан халыққа қазына басынан астық беруден бас тартады. 597 және 600 жж. оңтүстікте алапат көтеріліс бұрқ етеді де, оны басуға 50 мың адамы бар қалың қол жіберіледі. Шамасы, Ян Хинъ бүлікшілер мен түріктер арасындағы дәнекер кісі болған секілді. Суй империясының қысқаштың қос басы арасында қысылып қалу мүмкіндігі болғаны да өтірік еместі. Бірақ осы арада сахнаға қайтадан Чжан-Сун Шэн шығады.
Сына қағылады. 594 ж. Чжан-Сунь Шэн хан ордасына келгенше елші есебінде келеді де, Суй үйіне қарсы бағытталған нағыз қаскүнемдіктің үстінен түседі.- Қасыгөйлерді ханша мен шын ашынасы, соғды Аньсуйкя басқарады екен, бірақ бәрінен де қауыптырағы Ян Хинь еді, Чжан-сунь Шэн оны қайтсе де ұстап алуы керекті. Хан жат жұрттықтың өз қосынында жоқ екенін айтып, оны беруден бас тартады. Тыңшы өзін андытып қойған түркіттердің бірінің көмейіне ақша тығып, соның көмегімен қасыгөйді тауып алады, сөйтіп ханға ханшаның амал-айласын ашып салады. Хан мен бекзаттар ұялғанынан, оған Ян Хинді шығарып береді. Бірақ Чжан-сунь Шэн бұған тоқтамайды. Оның негізгі мақсаты түркіт қағанатын бөліп-жару Солатын, бұл жолы да ол өзіне қажетті бекті таба қояды. Ол тәж-тақтың мұрагері, ханның немере інісі Жанғар — Жәңгір (қытайшасы — Жаньгань) еді.
Солтүстік-шығыста оның енші аймағы, өзінің Төлестер ханы (Тули-хан) лауазымы болған; оған қидандар, хилар (татаптар) мен шивейлердің (татарлар) тәуелді тайпалары бағынған. Чуло-бектің баласы болғасын да оны жақтайтын кісілер көп болған. Ол жалтақ, күншіл де қорқақ адам болады яғни опасыз сатқынға лайық қасиетсіздіктің бәрі бір басынан табылады.
«Юн Юй-люй (Юн Иоллығ)— деп баяндайды Чжан-суні. Шэн, тұрақсыз да залым адам. Тек Дяньгудің (Қара-Сор) дұшпаны болғандықтан да, ол тап кәзір императордың көмегіне ділгер болып жүр. Егер оның өтінішін қабылдасақ, ол күшейіп алғасын, тісін көрсетеді әлі. Егер ханшайымға үйленіп алса, ол осынау неке беретін абырой-атақтың бәрін Дяньгу мен Жань-ганьді жеңуге пайдаланады. Онда оның мансапқорлығын ауыздықтау өте қиын болатынынан сақтану керек. Екінші жағынан алғанда, Жаньгань бізге өзінің адалдығын танытты. Ол да әйелдікке хан қызын сұрайды, оның осы өтінішін орындағанымыз дұрыс болар еді. Оның әскері аз, сондықтан да оны оңтүстікке қоныстандырып, Юн Юй-Люйге қарсы тосқауыл еткеніміз жөн».
Осынау жоспар қабылданып, 597 ж. жүзеге асырылады, Түркіт қағанатының ішінен қытайшылдар партиясы құрылады. Ал, қытайлар жаңа соғысқа әзірленіп жатты, оның болатынына ешкім де күмәнданбайды.
Ханшайымға үйленіп, қыз жасауы белгісіндей етіп, жыл сайын сыйлық алып тұру — түркіт бектері бір соқпай өте алмайтын көздің құрты болатын. Жәңгірге, ол егер Чжоу үйінен шыққан ханшаның көзін құртса ғана, қалыңдық беріледі дей уәде етіледі. Жәңгір әр заманда іске асатын айланы қолданып, ханшаны ханға жамандайды. Арандату әрекеті сәтті шығады. Хан өсекке сеніп қалады да, ашу үстінде ханшаны өлтіреді. Жәңгір әрнәрсені аңғарған, зерек жігіт қой, осы қазадан кейін дереу енші аймағына аттанып кетеді, ал өсектің арты ашылған кезде, ол қауыпсыз жерде жүреді. Бұл жанжалға Суй императоры араласып, өзінің опасызды қолда бар күллі күшімен қолдайтынын білдіреді. Ханның шарасы құрып, кейін шегінеді. Бірақ ол енді түгелдей өзінің жақын атасы Қара-Сор Түріктің (Дяньгу) ықпалына түседі, ал атасы тардуштар ханы (Датухан) лауазымын сақтай отырып, түріктердің іс жүзіндегі билеушісіне айналады. Соғыстың болмай қоймайтыны қытайларға ғана емес, түркіттерге де мәлім болады.
Соғыстың басталуы. Тартыс толғағы жете бастаған шақта жағдай қытайдың пайдасына сәйкес қалыптаса береді. 591 ж. Тогонда қажырлы хан Қуалуй дүние салады, оның ұлы Шифу Қытаймен одақ құрғысы келгені үшін өмірмен қоштасады, қаза тапқан байғұстың інісі Фуюнь 597 ж. бейтарап саясат ұстайды сөйтіп Суй үкіметін батыс шекарасын қорғау қам-қарекетінен босатады. Бұл қытайлықтарға негізгі күш-қуатын Сары өзеннің бойына топтауға мүмкіндік береді.
597 ж. олар өздерінің қолжаулық бегін оңтүстікке, Ордос маңындағы далаға көшіріп қондырады да, оның өз руластарын сатып алуға қажет қаржыны төлеуге келгенде, одан ақшаны аямайды». Қара-Сор да қажетті шараларын қамдайды. Ол өзінің тылын тиянақтауға кіріседі. Түріктерге қарсы бас көтерген Еділ өңіріндегі угорлар жуасытылады. Ондаған мың угорлар — тариах, кочагир мен забендер тайпалары — Паннонияға қашып барып, аварларға қосылады.
598 ж. Қара-Сор бұрынғы достық қарым-қатынасты қайта жаңғырту үшін, Константинопольге, император Маврикийге елшілерін жібереді. Ол өз мемлекеті ішіндегі талас-тартысты басқанын, бүкіл халықтарды бағындырғанын хабарлайды. Мұның Кавказ жағына жортуыл жасаудан бастартуы — Византияның Каспий аймағындағы айла-шарғыларын тоқтатуының төлемі қызметін атқаруы керекті. Қара-Сор Орта Азияны уысынан шығармайды: Пайкентте (Бұқар) оның немересі Ниліхан, Шашта (Ташкентте)— екінші немересі Шегуй отырған. 597 ж. түркіттер шекараға шапқыншылық жасайды, ал 598 ж. кінәз Сюдің қолбасшылық етуімен қытай әскері Линьчжоудан шығады. Соғыс басталып кетеді.
Бейбітшілікпен өткен бес жылды қытайлар жақсы пайдаланады. Шекарадағы офицерлердің бірі, болашақ Тан әулетінің негізін салушы, шыққан тегі жағынан шала түрік Ли Юань аса ірі әскери талант иесі болып шығады. Ол өз сарбаздарын түркіттерден үйреніп алған әскери жаңа тәртіпке зор төзімділікпен тиянақты түрде жаттықтырады; солдаттар киіз үйлерде тұрып, ет жеп, сүт ішуі керекті, атпен жүріп, аңды қаумалап, қоршап ұстауға қатысуы керекті. Ол өз сарбаздарының жауынгерлік сапасы жағынан түркіттерден кем түспеуіне қол жеткізеді. Осынау жаңадан құрылған атты әскерден басқа, қытайларда Жәңгірдің отряді бартұғын, бұл кезде оның опасыздығы көпке мәлім болғанды.
589—90 жж. қысындағы алғашқы қақтығыстар қытайларға сәтті болады, алайда Қара-Сор мен Дуланхан түркіт атты әскерінің икемді ұшқырлығын пайдаланып, Ұлы қамалдың түскей бетіне орналасқан Жәңгірдің қосынына барып лап қояды. Опасыздар абайсызда қапы қалғанымен өздеріне кешірім болмайтынын біліп, жанталаса соғысады. Олардың мұнысы дұрыс болып шығады. Жәңгірдің аға-інілері, бала-шағасы, ағайын-туыстары түгелдей қырылады, оның өзі түн қараңғылығын жамылып, бес салтаттымен және Чжан-сунь Шэнмен бірге әзер қашып құтылады.
Соның ертеңіне оның қасына тағы да жүз қаралы кісі келіп қосылады, бірақ Жәңгірдің сағы сынып, санасы тозған еді, енді ол кейін жалт беріп, өз жақтастарын әкесінің бұрынғы досы Қара-Сор Түрік жағына шығуға азғыра бастайды. Ескі байланысын есепке алып, өз басын аман сақтап қалуға ұмтылған бек қасындағы серіктерінің өміріне төніп тұрған қатерді мүлде ұмытып кетеді. Соңғылары күмілжіп, солқылдақтық жасайды, ал Чжан-сунь Шэн осы уақытты таяудағы бекініс әскеріне жаушы жіберуге пайдаланады. Оның бұйрығымен бекіністе күзет оттары жағылады, одан сескенген Жәңгірге, Чжан-сунь Шэн жыпырлаған маздақтар қалың жаудың қаптап келіп қалғанын білдіреді — деп түсінік береді. Зәресі ұшқан Жәңгір өзін бекініске ертіп әкетуіне көнеді, сол арадан ол император сарайына апарылады. Тап осындай күйкіні түрік тағына отырғызар күн туса, оның Қытайға әрі пайдалы, әрі маңызды болатынын түсіне қоятындай, Ян Цзянь да өте ақылды, көреген кісі еді. Оған сенуге болмайды, бірақ мұны айтқанына көндіріп, айдағанына жүргізу оңай да ыңғайлы. Ал, бұл бек заң мен хан әулетін қатты құрметтейтін халықтың ханының заңды мұрагері ғой. Тіпті күллі күш-қуаты мен қаражат, қару-жарағынан айрылып қалса да, Жәңгір Қара-Сормен басы піспеген түркіттер үшін бас қосатын орталыққа айналғанды. Дуланханның інісі Түзлік те (қыт. Дусулу) соның жағына шығады, ал біраз уақыттан кейін қытай алтыны Жәңгірді қолдаушылар санын көбейте түскенді.
599 ж. жазында Қытай генералдары Гао Фань мен Ян Со Қара-Сормен қақтығысып қалады. Бичуриннің «Қытай тарихында» осынау шайқастың бүкіл тактикалық тармақтарына дейін көрсетілген бір» ғана сипаттамасы бар. Ол 599 ж. шайқасты суреттеп көрсету. Бичуриннің осы еңбегі басылмағандықтан да, сол тексті толық келтіргеннің өзгеше мәні бар.
«Бұрын тудьзуйліктермен (түріктермен) шайқасқан генералдар олардың атты әскерінің линияға екпіндеп келіп кіріп кететінін көретін, олар қолды орналастырғанда, арбалар, жаяу әскер мен атты әскер бірін-бірі өзара қолдап, тиянақтап отыратындай етіп орналастыратын. Айырлылардан батальон-каре құрылатын, атты әскер соның ішінде тұратын. «Бұл ертедегі әдіс,— деді Ян Со,— жеңіске жету үшін аздық етеді». Сол себепті де атты .әскерді алға қойдым. Сонда Датухан .(Тардушхан, Қара-Сор Түрік) қуанышпен былай деді: «Бұл тәңірім ғой мені жарылқаған». Ол атынан түсіп, көкке қарап, тәжім етті. Сосын 10.000 (?) атты әскер тікелей ілгері тартты. Чжулохсу (қытай офицері) «Дұшпан әлі дұрыстап тұрып та үлгірген жоқ, шабуылға шығу керек»— деді де, таңдаулы атты әскермен соларға қарсы шапты. Ян Со одан кейін әскердің басты күшімен лап қойды, сөйтіп тудьзуйліктер күл-талқан етілді. Өлтірілгендер мен жараланғандар хисапсыз көп болды».
Осынау әңгімені талдап қарасақ, түркіттерде қазақтар лавасына ұқсас, атты әскер сапы болған. Шабуылдың мақсаты жау қатарын бұзып өтіп, олар опай-топай болып, әбігерге түскенде қашқандарын кескілеу. Түркіт ханының алдын ала қуанған себебі, ол жау күшінің бөлініп тұрғанын көріп, оны бөлшектеп талқандауды ойлаған. Бірақ қытайлар бұ жолы жеңісті түркіттер қолынан тартып алған. Атты әскердің қарсы шабуылы соққыны жұмсартып, түркіттердің тұтасқан қатарын бұзып, ыдыратып жіберген. Айқасқа енгізілген жаяу әскер санының басымдығымен арпалыс тағдырын шешкен. Мұның үстіне қол-айқаста жаяу әскер атты әскерден күштірек келеді, ол анадан гөрі ептейлі және өзіне соққыны дарыта бермейді.
Шығыс түркіттерден құралған екінші армия, Дуланханның қолбасшылығымен, жемісті әрекет жасап, Жәңгірдің әскерін тықсырып шыдатпағасын, қытайлар оны өз шебіне өткізіп жіберуге мәжбүр болады. Олардың өріс-қонысына теріскей Ордостың даласы мен оған жалғас жатқан Алашан тауының жоталарын береді. Оның қонысын қорғауға қытай әскері жылжытылып қойылады. Император Жәңгірді бауырына тартып, қымбат заттарды аямай, опасыздарға сый-сияпат көрсетеді. Бұл саясат өзін-өзі ақтайды. Жәңгір жақтастарының арасынан Чжан-сунь Шэн тыңшылар таңдап алады. Хан ордасына жасырын жіберілген жансыздар тасалап жүріп, түркіт әскері арасына үрей таратады. Ханның өзі де шебер әңгімешінің әсерімен ой-қиялы қозып, қорқынышты түстерді — аспаннан қан жауғанын, қызыл кемпірқосақ т. б. көріп, бастырылады. Ырымшыл көшпелілер осындай әңгімелерді көп естігесін жүйкелері тозып, қосырай халге түседі. Ақырында Дуланхан өз шатырында өлтіріледі де, моральдық жағынан азып-тозған әскер, анық жеңгелі тұрған жерінде шабуылды тоқтатады (600 ж.).
Қара-Сор Түрік өзін ханмын деп жариялайды, бірақ ол әбден қартайып қажығанды және өзі күні кешеге дейін соғысқан шығыс түріктері арасында оның абырой-беделі мүлде жоқтұғын, сол себепті де әлі де алмағайып болып тұрған соғысты оның жеңіспен аяқтауы неғайбыл болатын.
Бопохан. Қара-Сор Түрік Бопо-хан яғни қаһарман лауазымын алады, бірақ оны жалпы жұрт мойындамайды да, ордадағылар асып-сасып, абыржып қалады. Чжан-сунь Шэн өзінің бүлдіргіш әрекеттерін жүргізе береді оның жансыздары сайын далаға өтіп, теле тайпаларын көтеріліс жасаңдар деп азғыра бастайды. Чжан-сунь Шеннің есебі дұрыстұғын. Халықтың көбі телелерден тұратын, олар шеттерінен еркіншіл ер көңілді батыр келетін, сол себепті де бағыныштылық жай-күйі жандарына бататын. Түркіттер «солардың күш-қуатының арқасында терістіктің шел даласында қаһарман болып көрінетін», яғни оларды қағанаттың ұлылығы үшін қан төгуге мәжбүр ететін. Қағандардың жолы болып, жеңіс шылауында жүргенде, теле тайпалары ағат мінез көрсетпейді, ал бірақ Қара-Сор ел-жұрттың ашу-ызасын қоздырып, толқыта бастағаннан-ақ, олардың адалдығына да ақау түседі.
Жаңа ханның жағдайы өте ауыр болады. Ол хан тағына тәж-тақ мұрагерлігі жөніндегі заңды көзге ілмей келіп отырады, осы қимылымен дұшпандарының қолына қуатты қару: «Озбырға қарсы күрес» ұранын береді.
Оның басты жауы — опасыз Жәңгір тақтың заңды мұрагері болып шығады, ал далаға мырза қолмен мол себіліп жатқан қытай алтыны соның сөзін сөйлейді, сол себепті де уақыт өткен сайын Жәңгірдің таққа отырар құқы күшейе түседі.
Бұған қоса майдандағы жағдай да қиындап, шиеленісе береді. Чжан-сунь Шэннің кеңесі бойынша, қытайлар соғыс әрекеті жайлаған жердегі су көздерін улайды, содан соң түркіттердің шегінуіне тура келеді. Шегінгенде шетінемей, толық тәртіппен шегінеді, бұған шығынның мүлде аздығы — мың адамның өлгені, жүз қаралы кісінің тұтқындалғаны, бірнеше мың малдың тартып алынғаны айқын дәлел бола алады. Қытайлар үшін басқа бір жәйт аса маңызды еді: түркіттер рубасылары Жәңгір жағына өте бастайды. Бірақ Қара-Сор әлі де болса күшті тұғын.
601 ж. ол Қытай жеріне басып кіреді де, генерал Хань Хунның. армиясын талқандайды. Басқа бір отряд Жәңгірдің жұртын ойсырата шауып, көптеген мал-жанды шулатып айдап кетеді. Асығыс құралған қытай әскері түркіттерден олжаны қайтарып алғанымен, жаңа шапқыншылыққа бөгет жасай алмайды.
Жәңгірдің қансыздары телелерді түркіт ханына қарсы көтеріліске айдап салады. Он тайпа қолына қару алады, олардың арасында телелер ғана емес, абарлар да бартұғын. Көтеріліс орасан зор аймақты — солтүстік-шығыста селенгіден бастап, батысында — Тянь-шанға дейін созылып жатқан жерді қамтиды, Көтерілісшілер Батыс түркіттерін талқандайды. Ниліхан қаза тауып, оның інісі Түн-жабғы қашып кетеді, бірақ қағанаттың арбағатайдан әрі жатқан шет аймағы Ашиндер әулетіне адал күйінде қала береді.
Шығыстағы хал бұдан да мүшкіл еді. Қара-Сор өзінің енші аймағынан бөлініп қалады да, шығыс түркіттер оның басына ауыр күн туғанын көріп, ханын бәле-жаласымен бірге алдырып бытырап қашып кетеді, ал татаптар қытайларға бағынатынын білдіреді. Қара-Сор тогондарға қашып барады да, сонда тибеттіктер қолынан қаза табады. Чжан-сунь Шэн, Жәңгірді салтанатты түрде далаға ертіп келіп, заңды мұрагер ретінде оны хан деп жариялаған кезде, оған қарсылық жасайтын жан жоқ еді.
Ниліханның інісі Басытегін өзінің енші аймағы Бұқарды көнбістігімен сақтап қалғысы келеді. Қаза тапқан ағасынан қалған жеңгесін, қытай қызы Сяншиді әмеңгерлік жолымен алған Басы (қыт. Поши) сол әйелімен Қытайға келеді, бірақ бұл жерде ұсталады (604 ж). Батыс түріктердің ханы ақырында Ниліханның балауса ұлы Таман (қыт. Дамань) болып шығады.
Хандарды қорлау. Суй үйінің құдырет-күші тасып, гүлденіп тұрған шағында, оның негізін салған Ян Цзянь дүние салады, император тағына Вэнь-ди (604 ж. шілдесі) отырады, бірақ ол туғызады. Оның баласы Ян Гуан таққа Ян-ди деген атпен не болады. Ол әкесінің жаугершілік саясатын жалғай береді.
604 ж. аяқ кезінде Суй империясы жеңіске толығынан жеткенін мейрам ретінде өткізе алар еді. Қытай қолжаулығы, опасыз Жәңгір Шығыс қағанатының танымал ханына айналады да, со кезден бастап, Батыс қағанаттан біржолата бөлінеді.
Селенга өзені алқабындағы телелер көтерілісі, қытайлардың қолдауы тоқталысымен басылады, бірақ Жоңғария мен Тәрім алқабы шығыс түрік ханының қоластына қайтып келмейді. Олар тек Батыс қағанаты құрамына кірді деген аты болмаса, заты жоқтұғын. Алайда теленің киби (Шығыс Тянь-шанның теріскей жоталарындағы) мен сеяньто (Алтай нуру қыратының түскей жоталарындағы тайпалары өздерінің Шығыстағы туыстарына қарағанда, азаттықты көбірек аңсайтынын көрсетеді. Батыс түркіттерімен екі жыл бойы (605-606) қаржырлы соғыс жүргізіп барып, олар жеңіске жетіп, азаттық алады. Бұл соғыстың сыр-жыры сақталмаған, бірақ соның арқасында Жоңғарияда дербес Теле мемлекеті құрылады да, оның басында киби тайпасының бегі Мохехан лауазымын алған Гелен тұрады. Түркіттер билігіндегі жерге сыналай кіріп, қытайдың далаға тікелей енуіне көпір болған осынау жеңіс қытай мемлекетінің шын көңілден шыққан қолдау-қостауына ие болады. Қытаймен достық Гелен оның солтүстік-шығыс шекарасының қауыпсыз болуын қамтамасыз етеді, өйткені шығыс түркіттерін билейтін Жәңгір тек император мүддесіне сай келетін қимыл-әрекеттерді ғана жасайтын. Жалпы жағдайдың жақсара түсуіне байланысты, телелер кез келген көшпелі қауымға аса қажетті, отырықшы халқы бар — Қарашар, Тұрфан, Хами сияқты нулы-сулы жерлерді алады.
Гелен хан лауазымын алғанымен, Жоңғарияда орнаған тәртіп, түркіттер қабылдаған қатал жүйеге ұқсамайтын. Сеиньтолардың Геленге бағынатын көсемі Ишибо өз тайпасын билеу құқын сақтап қалады. Гаочан кінәздігіндегі әулет те орнында қалады және жоғарғы билеушінің өкіметін күшейту жөнінде де ешбір мәлімет жоқ. Әсілі, Жоңғариядағы теле мемлекетіне тайпалар одағы ретінде қарап, зерттеуге болады.
Шығыс қағанаттағы түріктердің жай-күйін жақсы-жарқын деп айтуға болмасты. Жаңа хан — Жәңгір Ордоста қытай найзагерлерін қалқан етіп, жүріп-тұрып жатты, ол далаға қара көрсетуден қорқатын, ондаған бодандарының біреулері мұны түркіт деп өш болса, екінші біреулері оған қытайдың қолжаулығы, опасыз сатқын ретінде өш болады. Өзінің амандығы, бақ-дәулеті тек қана Қытайдың қолдауына сүйеніп тұрғанын кәміл сезетін Жәңгір, өзінен талап етілетінінен өзге де көп нәрсеге көне беретін. Мәселен, хан император Ян-диге өз бодандарының киім-кешегі мен заңдарын қытай киімі мен заңына өзгертуге күштеп көндіре алатынын айтады. Бірақ Янди оған қарсы шығады, өйткені мұндай жаңалық Жәңгірдің даладағы абырой-беделін бұрынғыдан бетер кемітіп, жана бүліншіліктер туғызуы мүмкін еді, ал Жәңгір қытайларға әлі де керек.
605 ж. қидандардың көтерілісі 20 мың түркіттің көмегімен жанышталады. Мұнымен бірге Жәңгір ордасын солтүстіктің басқа да көшпелілеріне қарсы пайдалануға болар еді.
Қытайдың батысқа баратын дәстүрлі жолын Тогон кесіп тастағанды. Тогонмен қарым-қатынас әманда өте қиынды, ал 603 ж. шамасында Тоғон даладағы Қытайға қарсы күштерді тартудың орталығына айналады. 604 ж. Қытайдың ата жауы — Қара-Сор Түрік аман қалу үшін пананы тап сол жақтан іздейді, бұған қоса «Тәңірі перзенті» алдында бас игісі келмеген татаптар да Кукунор жағасына қашып барады. Жәңгір хан болғаннан кейін түркіттердің Тогонмен одағын бұзады, бұл Тогон патшалығын толығынан тұйықтап тастайды. Бірақ Фуюнь хан Қытайдың болмай қоймайтын басқыншылығына дайындалып үлгіргенді, ал Ян-ди ауыр соғыс ашудан тайқақситын. Ол Тогонды жат қолымен қорлау әдісін табады.
Қытай елшісі батыс түріктердің бала ханына барып, этан шығыс түріктерімен бірігіп шабуыл жасайтынын айтып сес көрсетеді. Сонымен бірге ол, егер батыс түрік ханы өзін Қытайдың вассалымын деп мойындамаса онда оның аманат ретінде ұсталып отырған шешесі жазаланатынын білдіреді. Оған Тогонның ту сыртынан шабуыл жасау үшін әскер жіберу ісі тапсырылады. Оның бұл шарты қабылданады да, 608 ж. түркіттер Тогонға батыстан соққы береді, Тогондар бұл жақтан шабуылды мүлде күтпеген еді. Ешбір қарсылыққа кездеспей, түркіттер Цайдомға бұзып-жарып кіреді де, тау-тасты паналап үлгірмеген жұрттың бәрін қырып салады, сөйтіп олжаға шашетектен кенеледі.
Чулохан, дәлірек айтсақ, оның қамқоршылары неліктен тап осындай пайдасыз, қиянатты әрекет жасауға келісім берген және олар өздеріне жау Мохехан Геленнің жері арқылы қалың әскерін қалай өткізген?— деген сауал туады. Тегі, қытай елшісінің көмегімен түркіттер телелермен бітімге келген тәрізді. Бұл көнбістігі мен көмегі үшін және қағанатты қорлағанын жуып-шаю үшін жасалған қамқорлықтың бір түрі еді. Қалыптасқан хал-ақуал жағдайындағы тарихи фактіні тек осылай ғана түсіндіруге болады. Шынында да 608 ж. кейін Батыс телелерінің батыс түріктермен соғысы пышақ кескендей тыйылады.
Император Ян-ди осы сәтті суыт секіріске қолайлы көреді. 608 ж. қытай әскері соғыс жарияламастан Тогон жеріне басып кіреді. Фуюнь хан өзінің көшпелі халқымен оңтүстікке, «Қарлы тауларға» қарай үдере қашады, ал қалып қойғандарын қытайлар тұтқындап, император кәнизактарына арнап салдырып жатқан павильондар құрылысының жұмысына жөнелтеді. Жаулап алынған жерге Суй үкіметі қылмысты кәззаптарды қоныстандырады да, оған Қытай әкімшілігін орнатады.
609 ж. жер қайысқан қалың қолмен Ян-дидің өзі жорыққа шығып, тау қойнына сіңіп кеткен Фуюн ханды қолға түсіріп алмақшы болады. Бірақ тауға кіргісі келген қолбасылары сол жақтан қайтып оралмайды. Алайда хан Амдога, көшпелі таулықтардың арасына шегінуге мәжбүр болады. Ян-ди Кукунор көлі маңына кідірмей, әскерін бастап, батысқа қарай шеру, тартады да, ешбір қарсылыққа кездеспестен, жиһангер атанады. Гаочан (Тұрфан) Иву (Хами) сияқты 27 уақ сұлтанаттың билеушілері жамырай келіп, оның құзырына бас иеді. Рас, бірақ (олардың ішінде Қашғар, Куч, Хотан мен Қарашардың өкілдері жоқтұғын, бірақ Лобнор мен Черчен-Дарияға дейінгі жер Қытай империясының құрамына кіреді.
Бұл Батыс түрік қағанаты мен жоңғар телелері хандығы жерінің тұтастығына көпе-көрнеу жасалған қиянат еді, бірақ Чулохан Таман мен Мохехан Гелен оған қарсы шығудан жүрексінеді де, Ян-ди қоқиланып Қытайға қайтып келеді.
Суйдік толысуы. 604 ж. таққа отырған кезде кінәз Ян Гуан мұраға шылқыған бай елді ғана емес, көреген әкесінің жеңімпаз даңқын да мирас етіп алған еді. Жолы болғыш билеушілердің табысқа мастанып кетіп, ақылынан адасып қалатын шақтары тарихта талай рет болған, бірақ Ян Гуанның басы өзгенің табыстарынан айнала бастайды. Өзі би, өзі хан болып алғаннан кейін, Ян Гуан жеңістердің қандай қиыншылықтармен, келетінін, қандай жанкешті нартәуекелмен байланысты болатынын ұмытады. Оған дұшпандарының күш-қуаты мардымсыз, өзінің мүмкіндіктері шетсіз-шексіз болып көрінеді, сол себепті де оның хандық құрған кезі құжыған қателер тізбігінен тұрады, сол үшін ол ғұмырынан да, тәж-тақтан да айрылады.
Жоғарыда айтылғанындай, Суй әулеті бүкіл солтүстік Қытайды мекендеушілердің түріктерге қарсы көңіл күйі толқынымен шырқай көтерілген еді, бірақ әлбетте, олардың арасында тобалардың таза ұрпақтары жоқ еді. Бірақ соңғылардың саны да аз еместі, сол себепті де Ян Цзянь олар адал болып жүру үшін, солардың сыңайын батып, өте сыпайы қарым-қатынас жасауды қажет деп білетін. Тобалардың қытайланып кеткен жұрағаттары Ұлы қамал бойын қуалап, Хэбейден Чань-чанға дейінгі жерде жүріп-тұрып жатқан. Олардың арасында ірі-ірі жериеленушілер, Гуань-Лун тобына жататын қытай помещиктері өкімет билігінен ығыстырып жіберген кәсіби жауынгерлер көп болатын. Соңғы әулеттердің кесірлі билігі салдарынан титықтаған Оңтүстік Қытай Ян Цзяннің оңай олжасына айналады, бірақ ол шын мәнінде тәж-тақтың тірегі емес, бағындырылған ел еді. Суй үйінің кіріптары болған түркіт хандарының адалдығы қарта жазылған хаттайды, ал олардың бодандарының қытай атаулыны жақтырмайтыны күмәнсіз еді. Міне осындай әрқилы және мазасыз бодандарды басқару үшін, асқан дана, ең бастысы кішіпейіл, сергек алдияр керекті, бірақ таққа отырарда Ян-ди лауазымын алған тәж-тақ мұрагері ондай кісі емес тұғын. Ол қытайдағы ең қатыгез, безбүйрек билеушінің бірі болады.
Ұлы қамалдың теріскей жағын қоныстанған елдер арасында Суй әулетінің жетекшілік рөлге ие болуы, біріншіден, батыс пен шығыс түркіттері арасындағы бітіспес жаулыққа, екіншіден, жібек маталарына деген сарқылмас сұранымға негізделгенді.
VI ғ. түріктер өздерін бір халықпыз деп сезінетін. 80 жж. жанжал кезінде ханзадалар өзара таласатын еді, ал олардың жасауылдары оп-оңай жеңімпаз жағына шыға беретін. Кара-Сор Түрік қағанаттың екі жағын біріктіріп, бүтін еткенде, бұл іс шығыста ешбір қарсылыққа ұшырамайды, бірақ ол жеңіліп қалысымен, шығыс түріктері жығылғанға — жұдырық деп оны дереу тастап кетеді. Онымен бірге, таза батыс түркіттерінен тұратын, оның нөкері де қаза табады; сөйтіп набыт болғандардың туысқандары мен опасыздар арасында қанды кек жатады. Сол заманның түсінігі бойынша, қайта қосылу мүмкіндігі болмас үшін, осының өзі де жеткілікті болған. Енді қағанаттар арасындағы жауығушылық тек өрши түсуі керекті және әрбір жаңа өлім қатыгез дұшпандықты күшейте түсер еді.
Суй үкіметі өз позициясын нығайта түсу үшін, оған тек даладағы талас-тартыстың жеткіліксіз болатынын сезіп, сатып алу сый-сияпат және мол қонақасы жүйесін кең пайдаланады, кейде бір қонақасының өзі тұтас әскерді ұстау шығынымен бірдей болады. Мәселен, 607 ж. Ян-ди Жәңгірхан мен оның аймағындағы 3500 рубасының құрметіне үлкен той өткізеді. Сонда ханның өзіне 2 мың буат жібек матасын, күймені, арғымақтар мен барабандарды, ән-күй асбаптарын, туларды береді. 3500 рубасы да тарту-таралғы алады. 610 ж. бастап, «вассалдарға» бағышталып, Лоянда жыл сайын ұзақтығы бір айлық мейрамдар өткізіле бастайды. Театр өнерін көрсетуге арналған орасан зор сахна жасалады, 18 мың музыкант үздіксіз күй тартып тұрады. Таңертеңге дейін көз қарықтыра фонарлар жарығы сөнбеген. Дүкеншелер әшекейленіп, тіпті көкөніс сәкілерінің айналасына ши төсектер жайылған. «Вассалдарды» тегіннен-тегін ауқаттандырып, ішкізіп-жегізген, сонда оларды қытайда дүниенің бәрі көл-көсір, шарап пен тамаққа ақша алмайды деп сендірген. Көшпелілер, әсіресе, ағаш діндерін жібек матамен орап қойғандарына қайран қалған. Олар: «қытайда кедейлер де бар, тегі, оларға да киім-кешек жетпейтін шығар, ендеше ағашты жібекпен ораудың керегі не?»— деп сұрайды. Бірақ олардың бұл сұрағы жауапсыз қалады. Ол — ол ма, қытай қаруының Тәрім алқабында табысқа жетуі — сол араның билеушілерін тарту-таралғыға тоғытып тастағанынан еді, ал мұндай жомарттық өте қымбат тұратын. Әлбетте, тіпті байлығына қиял жетпейтін қытайдың өзі мұндай ысырапқорлықты көтере алмайды. Қаражат дағдарысына байланысты, алым-салықтың өсуі Суй императорының тағын шайқалтады. Мұның үстіне әсіре-сыйлампаздық саясаты көздеген мақсатқа жеткізбейді. «Дұшпан көзі» көп байлық ешкімді де алдай алмайды, ал сатқын досқа сенім аз, көп ұзамай Ян-дидің бұл екі шындыққа да көзі анық жетеді.