Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын даярлау. Алдынала жоспарлау процесінде алынған мәліметтер негізінде аудитор жалпы жоспарды дайындауға, оның негізінде тексеру бағдарламаларын дайындауға кіріседі.
Жалпы жоспар дайындау процесі ұйым басшылығымен талқыланады. Бұл аудиторлар мен клиент мамандары жұмысын үйлестіру арқылы аудиторлықтексеру тиімділігіне көмекмесуі мүмкін.
Аудитор аудиттің жалпы жоспарын іске асыруға қажетті жоспарланған аудиторлық процедуралар сипатын, оны жүргізу уақыты мен көлемін анықтап, аудит бағдарламасын дайындап, құжатты түрде толтыруы керек.
Аудит бағдарламасы былай әрекет етеді:
- аудитордың ассистент топтары үшін нұсқаулар тізімі;
- аудиторлық топ жұмысының сапасын бақылау құралы;
- аудит мақсаттарын, өткізу уақытын, таңдау көлемін және әр сферадағы таңдау негізін өзгетуді қажет ететін аудиторлық процедуралар жазбасы.
Бағдарлама аудиторлық тексеру құжаттамасының маңызды бөлігі болып табылады және онда аудиторлық тұжырымдаманы дәлелдеу үшінқажет аудиторлық дәлелдердің маңызды бөліктері жазылады. Ол бақылау құралдары тестілерінің бағдарламасы түрінде және негіз бойынша процедура түрінде құрылады.
Бақылау құралдары тестілерінің бағдарламасы ішкі бақылау мен аудит жүйесінің әрекет етуі туралы ақпаратты жинауға арналған әрекеттер жиынтығының тізімін көрсетеді. Негізбойынша аудиторлық процедуралар бухгалтерлік есепке айналымдар мен шоттар бойынша сальдоның дұрыс көрсетілуін жан-жақты тексеруді қамтиды. Бұл үшін аудитор бухгалтерлік есептің қандай бөлімдерін тексеретінін анықтайды және бухгалтерлік есептің әр бөлімі бойынша аудит бағдарламасын құрастырады.