Аудиторлық құжаттардың масштабы, мазмұны, формасы және типтері. Аудитордың үлгілік жұмыс құжаттары.

Аудиторлық құжаттардың масштабы, мазмұны, формасы және типтері. Аудитордың үлгілік жұмыс құжаттары.

Аудиторлық ұйымдар мен жеке аудиторлар аудиторлық пікірді растайтын дәлелдемелерді ұсынуда маңызды орын алатын мәліметтерді жазбаша түрде рәсімдеуі қажет.

Құжаттама – аудитормен дайындалатын немесе аудитті өткізуге байланысты аудитормен алынып сақталатын жұмыс құжаттары мен материалдары. Жұмыс құжаттары қағазда, фотопленкада тіркелген мәліметтер түрінде, электронды түрде немесе басқадай түрлерде ұсынылуы мүмкін.

Жұмыс құжаттары мыналар үшін қолданылады:

  • аудитті жоспарлау мен жүргізу үшін;
  • ағымдағы тексеруді жүзеге асыру және аудитормен орындалған жұмысты тексеру үшін;
  • аудиторлық дәлелдемелердің негізінде жасалған нәтижелер мен қорытындыларды тіркеу үшін.

Аудитор жұмыс құжаттарын аудиттің жалпы түсініктілігін қамтамасыз ету үшін қажетті толық түрде қарастыруы тиіс. Ол жұмыс құжаттарында аудиторлық жұмыстың жоспары, сипаты, орындалған аудиторлық процедуралардың көлемі мен уақыт шегі, олардың нәтижелері, сонымен бірге аудиторлық дәлелдемелердің негізінде жасалған қорытындылар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс. Жұмыс құжаттарында кәсіби пікірді қажет ететін барлық маңызды мәселелер бойынша аудитордың негіздемелері болуы тиіс. Аудитор күрделі сұрақтарды қарастырғанда немесе аудит үшін маңызды сұрақтар бойынша кәсіби пікірді білдірген жағдайда қорытындыларды жасаған уақытта аудиторға белгілі болған фактілер мен қажетті дәлелдемелерді жұмыс құжаттарына қосуы тиіс.

Аудитор өзінің кәсіби біліктілігін негізге ала отырып әрбір нақты аудиторлық тексеру бойынша құжаттардың көлемін өзі анықтауға құқылы.

Аудиторлық тексерудегі құжаттар егер жұмысты басқа аудиторға беру қажеттілігі туындаса және оның осы тапсырыс бойынша тәжірибесі жоқ болатын болса, ол тек осы құжаттаманың негізінде жүргізілген жұмысты және шешімдер мен қорытындыларды түсінетіндей көлемде болуы тиіс.

Жұмыс құжаттарының формасы мен мазмұны келесідей факторлармен анықталады:

— аудиттелетін тұлға қызметінің сипаты мен күрделілігі;

— аудиторлық тапсырыстың сипаты;

— аудитор қызметкерлеріне нұсқаулар беру қажеттілігі, оларға ағымдағы тексеру жүргізу мен олармен орындалған жұмысты тексеру;

— аудиттелетін тұлғаның ішкі бақылау мен бухгалтерлік есеп жүйелерінің жағдайы мен сипаты;

— аудитті жүргізу процесінде қолданылатын нақты әдістері мен шаралары.

Жұмыс құжаттары әрбір нақты аудиторлық тексерудің жағдайларына және оны жүргізу кезінде аудитордың қажеттілігіне жауап беретіндей түрде жүйеленуі және құрастырылуы қажет. Жұмыс құжаттарын дайындау мен тексеру нәтижелерін көтеру мақсатында аудиторлық ұйымда құжаттаманың жалпы формаларын құрастыру туралы нұсқаулар беріледі. Құжаттауды осылайша стандартизациялау бағыныштыларға жұмысты тапсыруды оңайлатады, сонымен қатар олардың орындаған жұмыс нәтижелерін сенімді басқаруға мүмкіндік береді.

Әдетте, жұмыс құжаттары мыналардан тұрады:

  • аудиттелетін тұлғаның ұйымдастырушылық-құқықтық формалармен және ұйымдастырушылық құрылыммен байланысты ақпараттардан;
  • қажетті құжаттардың, келісімдердің, мәжіліс хаттардың көшірмелерінен;
  • аудиттелетін тұлға өз қыызметін жүзеге асыратын сала туралы ақпараттан;
  • жоспарлау процесі туралы ақпараттан, аудит бағдарламалары мен олардың кез келген өзгерістерімен қоса;
  • ішкі бақылау мен бухгалтерлік есеп жүйелері туралы аудитор түсінігінің дәлелдемелерінен;
  • тәуекелділіктің бағалануын, бақылау құралдарын қолдану тәуекелділігінің деңгейін және бұл бағалаулардың кез келген түзетулерін растайтын дәлелдемелерінен;
  • бухгалтерлік есеп шоттары бойынша қалдықтардың және қаржылық операциялардың талдауы;
  • ең маңызды экономикалық көрсеткіштер және олардың тенденциялары мен өзгерістерін талдау;
  • аудиторлық процедуралардың көлемі, уақыты, сипаты мен оларды орындау нәтижелері туралы мәліметтерден;
  • аудитор қызметкерлерімен орындалған жұмыс кәсіби мамандардың бақылауымен жүзеге асырылғандығы мен тексерілгендігі туралы дәлелдемелерден;
  • аудиторлық процедуралардың орындау уақыты және оларды кім орындағаны туралы мәліметтерден;
  • басқа аудитормен тексерілген бөлімшелер мен еншілес ұйымдардың қаржылық (бухгалтерлік) есептілікке қолданылған процедуралар туралы толық мәліметтерден;
  • аудиттің ең маңызды деген сұрақтары бойынша, аудит процедуралары кезінде аудитормен анықталған қателіктерімен қоса, аудитормен жасалған қорытындыларынан;
  • қаржылық (бухгалтерлік) есептіліктің және аудиторлық қорытындының көшірмелерінен және т.б.

Жұмыс құжаттарына кіретін құжаттар мынадай мәліметтермен рәсімделуі қажет:

  • тексерілетін ұйымның аты;
  • жұмыс құжатының мақсаты,
  • аудиторлық тексерудің орыналу мерзімі;
  • мәліметтің көзі;
  • рет саны;
  • аудитордың қолы, күні.

Жұмыс құжаттарындағы мәліметтер жабық және оларды жариялауға болмайды. Жұмыс құжаттары – аудитордың (аудиторлық ұйымның) меншігі. Бірақ, құжаттардың белгілі бір бөлігі аудитордың еркімен аудиттелетін тұлғаға ұсынылуы мүмкін. Олар бухгалтерлік жазбаларды алмастыра алмайды.

Жұмыс құжаттары папкаларға біріктіріліп архивте 5 жыл сақаталады.

500, 501, 505, 510, 520, 530, 540 ХАС-да аудиторлық дәлелмелерді алу процедуралары бойынша нормативтік талаптар бекітілген. Аудиторға аудиторлық есеп (қорытынды) жасалатын қорытындыларды жасау үшін толық және үйлесімді аудиторлық дәлелдемелер алу қажет. Аудиторлық дәлелдемелер ішкі бақылау мен маңыздылыққа тексеру процедураларын оңтайлы үйлестіру нәтижесінен жасалады. Кейбір жағдайларда дәлелдемелерді тек маңыздылыққа тексеру процедураларының нәтижесінде ғана алуға болады.

Аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін бастапқы құжаттар, есеп жазбалары мен басқа көздерден алынған растайтын ақапарат.

«Ішкі бақылау тестілері» ішкі бақылау мен бухгалтерлік есеп жүйелері жұмысының нәтижелігі мен құрылымы сәйкес екендігі туралы аудиторлық дәлелдемелерді алу мақсатында орындалатын тестілер болып табылады.

«Маңыздылықты тексеретін процедуралар» — қаржылық есептіліктегі маңызды бұрмалаушылықтар туралы аудиторлық дәлелдемелерді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *