Анықтаманы басқа объектілермен салыстыру

Анықтаманы басқа объектілермен салыстыру

 

Объект

Ұқсастық

Айырмашылық

Константалар

мағынаны сақтайды, мәліметтер базасында сақталады

Анықтама бір мәнді ғана емес, ал біртекті объектілердің түгелдей тізімін сақтайды.

Құжаттар

мәліметтер базасында сақталады, реквизиттері бар болады, құжаттар бір-біріне тәуелді болуы мүмкін

Анықтамалар нормативті-анықтама ақпарат сақтайды, ал құжаттар шынайы өмірдің шараларын көрсетеді.Құжатта міндетті түрде күні мен уақыты болуы қажет, құжат кестелік бөлімдер қамтуы мүмкін. Олар анықтамада жоқ. Анықтамалар көп деңгейлі болуы мүмкін, құжатта ондай болмайды (8.0 версиясында кезеңді реквизиттер жоқ, ал мағлұматтар кезеңдік регистрі бар).

Аударым

мәліметтер базасында сақталады, мәндер тізімін сақтайды

Кәсіпорын режимінде анықтамаға көп мәндерді енгізеді, ал мәндер тізімін аудару үшін, Конфигуратор режимінде құрылады. Көбінесе аударымдар Если операторында қолданылады.

МәндерКестесі

жолдары мен бағандары бар (мәліметтер базасында сақталмайды)

МәндерКестесі аралық мәліметтерді компьютерде сақтау үшін арналған. МәндерКесетесі әртүрлі объектілерді сақтай алуы мүмкін. Ал анықтамада барлық элементтер бір типті болады. МәндерКестесі көпдеңгейлі және бір біріне табынуы мүмкін.

МәндерТізімі

мәндер тізімін сақтайды (мәліметтер базасында сақталады)

МәндерТізімі әр түрлі объектілерді сақтай алады, ал анықтамада барлық элементтер бір типті.

 

Құжаттардың тағайындалуы

Құжаттар кәсіпорында болып жатқан барлық жағдайлар туралы ақпаратты сақтау үшін арналған және экономика тұрғысынан мағынасы бар. Құжаттар көмегімен есептік шоттар мен төлемдер бейнелейді, операциялар, бірақ кассада және кадрлық ауысымдар, қойма бойынша қозғалыстар және осыған ұқсас жағдайлар. Мысал болып «төлемдік тапсырыс», «шот», «кірістік үстеме қағазы»; «Кірістік кассалық ордер» және т.б. Әр бір құжат түрі өз түрінің жағдайын көрсету үшін арналған. Бұл оның конфигурацияда бейнеленетін, құрылымын және қасиетін анықтайды.

Құжаттар жүйенің компоненттерімен жүзеге асырылатын негізгі механизм үшін орталық роль атқарады. 1С: Кәсіпорын  жүйесінде құжат негізгі есептік бірлік болып табылады. Әрбір құжат нақты шаруашылық операция жөніндеақпаратты қамтиды және өзінің нөмірімен, күнімен және уақытымен бейнеленеді. Күн және уақыт құжаттың маңызды мінездемесі болып табылады. Өйткені жүзеге асырылған операция қатаң уақыттың тізбегінен құрылады. Барлық құжаттар (түріне қарамастан) бір келкі тізбекті құрайды. Нақты түрде, бұл тізбек жағдайларының тізбегін көрсетеді, өйткені олар нақты түрде болған. Күн ішінде құжаттар тізбегі олардың уақытымен анықталады және бұл жағдайда құжат уақыты құжатты енгізу уақытының нақты бейнеленуін ғана емес сонымен қатар, барлық құжаттарды бір күн ішінде тізуге мүмкіндік береді.

Құжатқа енгізлетін мәліметтер көп жағдайда болып жатқан жағдай туралы ақпаратты қамтиды: мысалы, үстеме қағазында қандай қоймадан қандай тауар және қанша берілгені жөнінде ақпарат; жұмысқа қабылдау жөніндн бұйрықта – қызметкер жөнінде ақпарат, жалақы және басқа да ақпараттар. Құжатқа өзіндік жазудан басқа тағы бір маңызды қасиет оны жүргізу болып табылады. Жүргізу кезінде құжат компонентері мен іске асырылатын механизмдегі жағдайларды көрсету болып табылады. Мысалы, егер «Бухгалтерлік есеп» компоненті құрылса оны құжатта қамтылатын бухгалтерлік есеп ақпаратында жазулар түрінде көрсете отырып, құжат бухгалтерлік операцияны жазу мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *