Автоматтандырылған бухгалтерлік есеп жүргізуге бағьпталған ақпараттық жүйелерді шартгы түрде үш топқа бөлуге болады:
- мини-жүйелер;
- шағын және орта кәсіпорындар үшін әмбебап жүйелер;
- ірі кәсіпорындарға бағытталған кешендік жүйелер.
Мини-жүйелер айналымы үлкен емес және жүйенін жұмыс істеу мүмкіндігіне қойылатын талаптары жоғары емес кәсіпорындарға арналған, оларға есеп теңге түрінде жүргізіледі. Бұл жүйелерге БАС БУХГАЛТЕР, 1С БУХГАЛТЕРИЯ жатады.
Әмбебап жүйелер терең талданыммен сипатталады. Оларда құндық есеп функциясы жүзеге асырылған және олар бухгалтерлік есептің барлық бөлігінде жүргізіледі. Мұндай жүйелерге ЛУКА, ТВС БУХГАЛТЕРИЯ, ПАРУС және тағы басқалары жатады.
Ірі кәсіпорыңдарға бағытталған ірі кешендер мен жүйелер, жергілікті есептеу желісі мен есептің белгілі бір бөлігінде бағытталған: негізгі құралдар; банктік операциялар; касса; жалақы; материалдар; қойма және тағы басқа осы сияқты АЖО-ның жиынтығын береді.
Мұндай жүйелердің сипаттық белгілері деректерді басқару және өндеу құралы, сонымен қатар енгізу және шығару нысандарының қуатты көзі болып табылады. Ондай жүйелерге ЛУКА-ІІРО, ИНТЕГРАТОР, БОСС 1.0, RS — баланс. СУПЕР-МЕНЕДЖЕР және тағы басқалары жатады.
Қазіргі кезде Қазақстанда бухгалтерлік есептің халықаралық тәжірибеге бағытталған реформалау үрдісі белсенді жүргізілуде. Реформа кезеңдерінің бірі 1997 жылдың 1 қаңтарында жасалып, қабылданган бухгалтерлік есептің ұлттық стандартын айтуға болады. Бұл шетелдік капиталы бар фирмаларды және Қазақстан Республикасындағы кәсіпорын-резиденттерінде бірыңғай бухгалтерлік есеп жүйесін жүріізуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық жүйе есебін таңцағанда оның тиімділігін, сенімділігін, бейімділігін, құндық көрсеткіштерін және тағы басқаларын ескеру қажет.