Чекпен және аккредитивпен есеп айырысулар есебі.

Чекпен және аккредитивпен есеп айырысулар есебі.

 

Есеп айырысудың келешегі зор нысаны ретінде чектермен есеп айырысуды айтуға болады. Чек банк клиентінің банкке ақша қаражатын өз шотынан алушы шотына аудару туралы бланкте жазылған жазбаша тапсырмасын білдіретін бағалы қағаз болып табылады.

Чек кітапшасындағы ақшалай қаржылары жабдықтаушылар мен тасымалдаушы кәсіпорындардан және байланыс ұйымдары мен басқа субъектілерінен алынған тауарлық-материалдық қорлардың құнын төлеуге және олардың қызметтері үшін есеп айырысуларға арналған.

Кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелер чек кітапшаларын алу үшін банкке өтініш жазады, сонымен қатар осы өтінішпен бірге кәсіпорын немесе мекеме алатын чек кітапшасындағы соманы депоненттеу үшін банк мекемесіне төлем талап тапсырмасын ұсынуы керек.

        Банк мекемесі чек чек кітапшасының тиісті жеріне ол чек кітапшасы берілетін кәсіпорын немесе мекеменің толық аталуын, ал егер жеке адамға берілсе, оның аты-жөнін жазады. Чек кітапшасындағы соманың жұмсалмаған, яғни пайдаланылмаған мөлшері көрсетіледі. Чек кітапшасы арқылы бір немесе бірнеше жабдықтаушымен есеп айырысуға болады.

        Аккредитив- сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субъектіге қызмет көрсететін банк мекемесіне тауардың жіберілмегендігін немесе қызмет көрсетілмегендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлеу жайлы тапсырмасы.

        Аккредитив тек бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға арналады. Ал аккредитив мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы келісім-шартқа сәйкес бекітіледі.

        Аккредитивтердің өтелінген (депоненттелген) және өтелінбеген түрлері ашылуы мүмкін. Сонымен қатар кері шақырылатын және кері шақырылмайтын болып бөлінеді.

        Тапсырыс берушінің өз шотындағы ақша есебінен немесе қызмет көрсететін банк берген несиесі есебінен жабдықтаушы кәсіпорынға қызмет көрсететін банкке келісім бойынша алдын- ала аударылған қаржысы “өтелінген аккредитив” болып есептелінеді.

        Ал сатып алушы кәсіпорын жабдықтаушы кәсіпорынға қызмет көрсетуші банк мекемесі арасындағы аккредитивте көрсетілген қаржы сомаларын аударуға тек қана келісім-шарт жасалып келісілген,  яғни ақша әзірге аударылмаған болса, ол ”өтелмеген аккредитив” қатарына жатады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *