Сыртқы технологиялық орта

Сыртқы технологиялық орта. Іскерлік белсендік пен технология арасында тығыз байланс бар. Аумалы – төкпелі дүниеде кез келген коммерциялық кәсіпорын өмір сүру үшін технологияның соңғы жетістіктерінен хабардарт болуы тиіс, өйткені оның өзі таур немесе қызмет көрсету арқылы өндіріс процесі ретінде де, сондай-ақ жұмыс тәсілін жетілдіру үшін де пайдаланылуы мүмкін.

Жүздеген жылдар бойы америкалық әлеуметтік дамуда бірқатар әлеуметтік сенім қалыптасты. Ал, мұнымен басқарушы санаспай тұра алмады. Бұлардың ең бастылары мыналар:

  1. Сенімділіктің болатын себебі сол, жұмыс істегісі келетін адамдарда алуан түрлі мүмкіндіктер болатындықтан, осы мүмкіндіктерді пайдалану қажет.
  2. Бизнеске сену және кәсіпорын басшысын құрметтеу.
  3. Тұрмыстың барлық саласында, әсіресе, іскерлік қыметте бәсекелестіктің және бәсекелесу қабілетінің қажеттілігіне сену.
  4. Жеке адамдардың нәсіліне, діни сенім мен нанымына қарамаста құрметтеу.
  5. Өз меншікіне иелік ететін билеушіні, оның кәсіптік білімін саясй орынын құрметтеу.
  6. Білімге сені және оны құрсеттеу.
  7. Қисынды (логикалы) процестерге, ғылым мен техникаға сену.
  8. Болып жатқан өзгерістердің маңыздылығына жәнеде бір нәрсені таңдаулы әдіспен істеу үшін эксперимент жасаудың қажеттілігіне сену.

Сыртқы саяси орта. Басқарушының саяси және заңды ортасы әлеуметтік ортамен тығыз байланста болады. әдетте әлеуметтік қысымның және әлеуметтік проблеманың нәтижесіне қабылданады.

Саяси орта, әдетте, саяси және үкмет басшылары мен заң шығарушылардың көзқарасы мен әрекетінің орталығы болғандықтан, мұның өзі әлеуметтік талап пен сенімнің бәсендеуі мен көтерілуіне қарай өзгеріп тұрады.

Сыртқы этикалық орта. Этикалық орта әлеуметтік ортаның құрамдас элементіне жатады да, практикада жалпы қабылданған және қолданылып жүрген жеке бастың жүріс-тұрыс стандарттары жиынтығынан тұрады. Кейде этикалық талаптар заңдарда нақты қарастырылады.

Кез келген әлеуметтік-экономикалық жүйе біршама дербес, бірақ өзара байлансты екі бөліктен тұрады: басқарылатын (басқару объектісі) және басқарушы (басқару субъектісі).

Басқарылатын жүйе деп, ретке келтіру мақсатындабасқару ықпалынжүргізуге арналған объектіні, яғни белгіленген жүйеге жетуге мүмкіндік беретін даму формасын айтады. Оның өзі өндірістің алуан саласындағы процесті жүзеге асырады.

Бақарушы жүйе – бұл техникалық құралдар көмегімен мақсатқа сай ықпал етуді жүзеге асыратын органдар мен жеке жұмыскерлер жйынтығы.

Басқарушы жүйе – бұл «нені» немесе «кім» басқарады, ел басқарылатыны – «нені» немесе «кімді» басқарады. Бұған ұқсас ұғымдар – «басқару субъектісі» мен «басқару объектісі».

Басқаратын және басқарушы жүйелер субъектіден объектіге енетін және объектіден субъектіге шығатын тікелей ақпараттар көмегімен байлансты болып, олардың үнемі әрекеттесуін, жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз етеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *