Стратегиялық жоспарлау

Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.

Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.
Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: қорларды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау. 

Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері.

  1. Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды, және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейіндегілердің қатысуы көзделеді.
  2. Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл корпорацияның болашағы үшін жасалады.
  3. Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректкрмен негізделуі тиіс. Қазіргі әлемдегі бизнесмен тиімді бәсекелесу үшін, фирма сапа, рынок, бәсеке және басқадай факторлар туралы толып жатқан ақпаратты ұдайы жинауы, әрі талдауы тиіс.
  4. Стратегиялық жоспар фирманың айқындылығын, дербестілігін білдіреді, мұның өзі олардың белгілі бір жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді.
  5. Стртегиялық жоспарды жасағада, ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы тиіс.

 

  1. Тактикалық жоспарлау түсінігі, мәні және мазмұны

 

Барлық басқару  функциясының  ішінде  жоспарлау  ең  елеулісі  болып табылады, өйткені   мұның  өзі  кез-келген  балама  әрекеттерді  таңдап  алуға  байланысты. Жоспарлау  кәсіпорын  басшылығындағы  негізгі  функциялардың  бірі  ғана  емес,  оның  өзі  жеке  төрт  функцияда (ұйымдастыру, кадрлармен  жұмыс істеу, басшылық, жетекшілік  және  бақылау)  көрініс  табады. Сонымен, басшы  ұйымдастырады,  кадрлармен  жұмыс  істейді,  бағыттайды  және  басшылық  етеді, сондай-ақ  жоспарға  сәйкес  көзделген  мақсатқа  жету  үшін бақылайды.

Жоспарлау  процессінің  өзі  төрт  кезеңінен  тұрады:

— жалпы  мақсатты  ойластыру;

— белгіленген  біршама  уақыт кезеңіне (2, 5, 10 жылға)  арналған нақтылы  мақсатты  айқындау;

— оған жетудің  жолдары  мен  амалдарын  айқындау;

— жоспарлы  көрсеткіштерді  нақты  көрсеткіштермен  салыстыру  арқылы   қойылған  мақсатқа  жетуді   бақылау.

Жоспралаудың мынадай  кезеңдері  ажыратылады:

— бар мүмкіндікті  бағалау;

— басты  міндет немесе  мақсат;

— жоспарлы  ұсыныстар;

— баламалар (альтернативтер);

— баламаларды  қойылған мақсаттармен  салыстыру;

— баламаларды  таңдау;

— қосалқы  жоспарлауды  тұжырымдау;

— жоспарды  цифр  түрінде  көрсету.

Жоспарлау  әрқашанда бұрынғы  деректерге  сүйенеді,  алайда  кәсіпорынның  болашақтағы  дамуын  айқындауға  және  бақылауға  тырысады.

Кәсіпорынның  жоспарлы  жүйесі, кәсіпорынның сан  түрлі   саласының  қызметі  бір-бірінен  айқын  шектелген, жекелеген  жоспардан  тұрады.

Қойылған  мақсатқа  жетуді  көздеу  үшін  жоспарлау  кәсіпорын  қызметінің барлық  маңызды  учаскелерін  қамтитындығын  тағыда  атап  көрсетеміз. Мұның  өзі  барлық  кәсіпорында қолданылады.

Жоспардың  маңызды сатысы – кәсіпорын өндірісінің нақты  бағыттары  бойынша  жоспар  жасау. Онда  жекелеген  міндеттер  қойылып, ақша, сондай – ақ  сандық көрсеткіштері  айқындалады. Мұнда жоспарлау  кезінде  осал  орындар, демек  істің даму  мүмкіндігін шектейтін  салалар  қатыстырылмауы  тиіс.

Батыста  соңғы  жылдары  әдетте  осал орынға  өткізу, қаржылар немесе  жұмысшы  күштері  жатады.

Барлық жоспардың  табыс  және  шығын  бөліктерінің сальдосы (акив  пен  пассив  жиынтығы)  бюджетке, яғни шығын  мен  табыс  жоспарына  енгізіледі, өйткені  мұндайда  негізгі  бағыт  өтімділігі – кәсіпорынның   төлем  қабілетін  сақтау болып саналады.

  1. Фирма  ішіндегі  деректерді  талдау

Өткізуді жоспарлау

Өткен жылдардағы  айналымды  талдау  әдетте  кесте  түрінде  беріледі  де, мұның  өзі көп  жылғы  кезеңді  қамтиды. Айналымды талдауда  мыналар  көрсетілуі  тиіс:

  1. сату айналымы (саны);
  2. сату құны (айналымы);
  3. сату  бағасы (өз өнімдері, бәсеке  өнімдері);
  4. өз  өнімдерінің  өткізу  болжамы;
  5. өткен  жылдары  орын алған  жоспарлы  және  нақтылы   көрсеткіштердің   арасындағы  ауытқулар.

Тауарды өткізу  мынадай  өзгерістер бойынша айқындалады:
         1. тауарлар  және тауар  топтары;

  1. сауда  есебі, және өкілдіктер (сатушылар) есебі;
  2. сатып алушылар  тобы;
  3. тапсырыс (заказ)  саны  мен  жиілігі;
  4. сату  жиілігі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *