ОРЫС КYЙЕУ БАЛА ҚҰЛПЫТАСЫ

ОРЫС КYЙЕУ БАЛА ҚҰЛПЫТАСЫ

– Айтқандарыңыз Әмiре атамыз дүниеден өткен соң, оны есте сақтауда қандайлық шаралар атқарылғандығы жайлы бiлуге жетелейдi. Сөз арнасын осы бағытқа бұрсаңыз.
– Әмiре қайтыс болған соң Қазақстан Халық ағарту Комиссариатының 1934 жылдың 19 қараша күнгi берiлген нөмiрi 540-шы бyйрығында Әмiренiң есiмiн мәңгi есте қалдыру үшiн Қазақ драма театры ауласынан Әмiренiқ ескерткiш мүсiнiн орнату, Республикалық хореографиялық мектепке есiмiн беру керектiгi айтылған. Амал не, бұл бyйрық күнi бyгiнге дейiн iске аспай келедi.
Рас, Алматыда Әмiре атындағы музыкалық қарашаңыраy мектеп болған. Бертiн келе нарық тегеурiнiнде ол ғимарат әркiмдерге сатыла келе қолды болып, ақыры әйгiлi әншi Әлiбек Дiнiшевтiң әншiлiк yйiне айналып отыр. Халық әншiсi ретiнде Әлiбектi де қyрметтеймiз, әрине. Алайда жарты ғасыр бойы музыкалық мектеп болған сол қарашаңырақ ғимарат маңдайшасына “Бұл үй бyрын Әмiре Қашаубайyлы атындағы мектеп болған” деген тақтайша iлсе, құба-құп болар едi.
– Әмiре атамыздың мәңгiлiк мекенi, зираты қай жерде?
– Мына қызықты қараңыз, 1974 жылы фонографқа жазылған Әмiре дауысы табылғанда 40 жыл бойы ескерусiз қалған Әмiре зираты еске алынды. Әмiре атамыз Алматы қаласының, Ташкент көшесiндегi Орталық зиратқа жерленген болып шықты. Жерленген жерi шөп басқан, тайпалған, қырық жыл бойына қараусыз қалған екен. Әмiре мүрдесiнiң табылуына қоғам қайраткерi Сара Есова, академик Әлкей Марғұлан, халық әртiстерi Серке Қожамқұлов, Қанабек Байсейiтов, Жүсiпбек Елебеков, жазушы Сапарғали Бегалин, Әшiмбек Бектасов, Әбiлмәжiн Сапақов ағаларымыз ерекше қолғабыс жасады. Олар: «Әмiре дауысын тапқан баламыз», – десiп, менi ерекше еркелетiп, жiгерлендiрдi.
Осы ағаларымыздың қолымен Партияның Орталық комитетiне, Министрлер Кеңесiне, Мәдениет министрлiгiне Әмiреге құлпытас ескерткiш орнату жөнiнде хат жолданды. Сонымен не керек, 1974 жылғы осы әрекеттерiмiзден де нәтиже шықпады. Әмiре зиратына құлпытасты араға тағы жиырма жылға тақау уақыт салып, әншiнiң қайтыс болғанына 60 жылға тақағанда жеке қорынан 60 мың рубль шығарып, әншi Кенжегyл Сыздықова зайыбы Дмитрий Гусинцов менiң айтуым, көрсетуiм бойынша орнатты. Сөйтіп, 60 жыл өткенде ғана Әмiре қабiрiнiң басына есiмi жазылып, қyлпытас орнатылды. Осылайша, орталықтағы зираттың басын орыс күйеу бала көтердi.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *