Лоро” шоты және “Ностро” шоты.

Лоро” шоты және “Ностро” шоты.

 

Банк корреспонденттегі банктік шот арқылы төлем тапсырмаларымен есеп айырысу құжат айналымының схемасы келесідей:

 

                     Төлеуші банкі                                   Алушы банкі

 

                Төлеуші-сатып алушы                     Алушы-жабдықтаушы

           

      1.Тауарды көрсету немесе қызмет көрсету туралы шарт жасау

            2.Тауарды жеткізу немесе қызмет көрсету жүзеге асырылады.

            3.Төлеуші банк-корреспондентке өзінің есеп айырысу шотының орны бойынша 4 данада толтырылған төлем тапсырмасын көрсетеді. Төлеуші банкінде келесідей жазба жасалады:

            Дебет 2203 “Клиенттің ағымдағы шоты”

            Кредит 2023 “Басқа банктердің корреспонденттік шоты”

            4.Төлем тапсырмасының 2,3- данасы жауапты орындаушыға жіберіледі. 4-данасы операцияны жүзеге асыруды бекітуге төлеушіге беріледі.

            5.Барлық алынған құжаттар негізінде орындаушы корреспонденттік шот бойынша операциялар үшін құжаттар тізімі және жиынтық тапсырма жасалады.

            6.Алушы шотына қаржыларды аудару үшін барлық мәліметтерді байланыс бойынша шартқа сәйкес жібереді.

            7.Банк – респондент барлық қажетті құжаттарды алады, одан кейін төлем тапсырмасы клиенттің банктік шотын жүргізетін есеп-операционды жұмысшыға беріледі.

            8.Келесідей шоттар корреспонденциясы құрылады:

            Дебет шот 1052 “Басқа банктегі банктің корреспонденттік шоты”

            Кредит шот 2203 “Клиенттің ағымдағы шоты”.

“Ностро” корреспонденттік шоты арқылы төлем тапсырмасымен есеп айырысу схемасы:

Төлеуші банкі                                          Алушы банкі

 

Сатып алушы-төлеуші                            Алушы- жабдықтаушы

 

1.Жабдықтаушы немесе сатып алушы арасында шарт жасалады

2.Тауарды жеткізу немесе қызмет көрсетуді шарт негізінде жүзеге асырады.

3.Төлеуші- сатып алушы толтырылған төлем тапсырмасын банкке 4 данада әкеледі.

4.Төлем құжаттарын тексеріп, оған күнімен банк мөрін қояды. 1-дана негізінде жазба жасалады:

Дебет 2203 “Клиенттің ағымдағы шоты ”

Кредит 1052 “Басқа банктегі банктің корреспонденттік шоты”

1-дана қалады, 4-дана төлеушіге қайтарылады.

5.2,3- даналар корреспонденттік шотты жүргізушіге беріледі.

6.Алынған төлем құжаттарына электрноды қолмен шифрленеді, салыстырылады, содан кейін клиенттің банктік шотын жүргізетін есеп-операционды жұмысшыға беріледі.

7.Көрсетілген құжаттар негізінде алушы банкінде жазба жасалады:

Дебет 2023 “Басқа банктердің корреспонденттік шоты”

Кредит 2203 “Клиенттің ағымдағы шоты”

8.Төлем тапсырмасының 3-данасы есеп айырысу шотынан көшірмеге тігіледі және клиент ақша алушыға жіберіледі.

 

 Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей   сұрақтарға жауап беріңіз.    

1.Корреспонденттік шот ашу үшін қандай құжаттар қажет?

  1. «Ностро» шоты қандай шот?

3.Овердрафт деген не?

  1. «Лоро» шоты туралы не білесіз?

5.Банк-корреспонденттегі банктік шот арқылы төлем тапсырмаымен есеп айырысудың құжат айналымы қандай ?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *