Жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және басқа да салықтар

Жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және басқа да салықтар

 

            Жеке табыс салығының төлеушілері салық жылында салық салынатын табысы бар тұлғалар болып табылады.

            Салық Кодексінде көрсетілген табыстарды есептемегендегі, жеке табыс салығының салық салу объектісі болып келесілер табылады:

            — төлем көзінен салық салынатын (қызметкерлер табысы, бір жолғы төлемдерден алынатын табыс, жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін  зейнетақы төлемдері, ұтыстар түріндегі табыс, стипендиялар, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы);

            — төлем көзінен салық салынбайтын (мүліктік, жеке кәсіпкердің, адвокаттар мен жеке нотариустардың салық салынатын табысы, т.б.)

 

Жеке тұлғалардың салық салынатын табысына мөлшерлемелер

15 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін

Салық салынатын табыс сомасынан 5 пайыз

15 еселенген 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін

15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 8 пайыз

40 еселенген  есептік көрсеткіш 200 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін

40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 13 пайыз

200-600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен

60 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 20 пайыз

600-ден жоғары  жылдық есептік көрсеткіштен

200 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 15 пайыз

           

Жеке табыс салығын банк қызметкерлерімен төлеу табыс көзінен салықты ұстап қалу арқылы жүзеге асырылады. Төлемді жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар оны есептеуді жүзеге асыруға міндетті. Төлеушілер орналасқан жері бойынша салықты төлейді.

            Жеке табыс салығы банк шығыстарына жатады. Бұлар бойынша шығындар есептелінген жағдайда банк келесі жазбаларды жасайды:

  • еңбекақыны есептеу:

Дебет шот 5720 «Еңбекке ақы төлеу және міндетті аударымдар бойынша шығыстар»

Кредит шот 2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»

Кредит шот 2851 «Салық және басқа да міндетті  төлемдер бойынша есеп айырысу» — табыс салығы сомасына

— кейіннен жалақы берген кезде

Дебет шот 2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»

Кредит шот 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

— жеке табыс салығын аударған кезде:

Дебет шот 2851 «Салық және басқа да міндетті  төлемдер бойынша есеп айырысу»

Кредит шот 1051 «Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есеп-шоты бойынша».

Банк әлеуметтік салық төлеушісі болып табылады. Салық салу объектісі ретінде жұмыс берушіге материалдық, әлеуметтік игіліктер немесе басқа да материалдық пайда түрінде көрсетілген табыстарды қоса алғандағы жұмысшыларға ақшалай немесе заттай нысанда төленетін жұмыс берушінің шығыстары саналады. Натуралды түрде алынған қызметкердің табысы:

  • натуралды түрде төленегн еңбек ақы;
  • қызметкердің пайдасына орындалған жұмыс, қызметкер алынған тауарлар;
  • қызметкерлерге тегін көрсетілген қызметтер;
  • Қызметкердің үшінші тұлғадан алынған тауарларының жұмыс берушінің төлеуі.

Материалдық пайда түрінде алынған қызметкердің табысына жататындар:

  • қызметкерге сатылған тауардың құны мен оны сатып алу құнының арасындағы айырма;
  • жұмыс берушінің шешімі бойынша, қызметкердің қарызы немесе міндеттемесі есептен шығарылса;
  • жұмыс берушінің өзінің қызметкерлерін сақтандыру келісім-шарттары бойынша сақтандыру сыйақыларын төлеу бойынша шығыстары;
  • жұмыс берушінің қызметімен байланыссыз шығындарын, қызметкерге жұмыс беруші өтеп бергенде.

 

Әлеуметтік салық ставкалары

 

15 есе жылдық есептік көрсеткішке дейін

Салық салынатын табыс сомасынан 20 пайыз

15 еседен 40 есеге дейінгі жылдық есептік көрсеткіштер

15 есе жылдық есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы артылған  сомадан 15 пайыз

40 еседен  200 есеге дейінгі  жылдық есептік көрсеткіштер

40 есе жылдық есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы артылған  сомадан 12 пайыз

200 еседен 600 есеге дейінгі  жылдық есептік көрсеткіштер

200 есе жылдық есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы артылған  сомадан 9 пайыз

600 еседен жоғары  жылдық есептік көрсеткіштер

600 есе жылдық есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы артылған  сомадан 7 пайыз

 

Салық салынатын соманы анықтау кезінде төленген әлеуметтік салық сомасы есептелінген салық сомасы шегінде шегерімдерге жатқызылады.

Шегерім мына өткізбеде көрініс табады:

Дебет шот 5763 «Әлеуметтік салық»

Кредит шот 2851 «Салық және басқа да міндетті  төлемдер бойынша есеп айырысу».

Әлеуметтік салықты бюджетке аудару:

Дебет шот 2851 «Салық және басқа да міндетті  төлемдер бойынша есеп айырысу»

Кредит шот 1051 «Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есеп-шоты бойынша».

Осы салықтардан басқа банктер мүлік салығын, жер салығын  және көлік құралдарына салынатын салықтарды және т.б. төлейді.

Мүлік салығының салық   салу объектісі болып негізгі құралдар және материалдық емес активтер табылады.

Мүлік салығын есептеу және төлеу кезінде келесі бухгалтерлік өткізбелер жүргізіледі:

— ағымдағы төлемдерді есептеген кезде:

Дебет шот 5765 «Заңды тұлғалардың мүлік салығы»

Кредит шот 2851 «Салық және басқа да міндетті  төлемдер бойынша есеп айырысу».

— ағымдағы төлемдерді төлеген кезде:

Дебет шот 2851 «Салық және басқа да міндетті  төлемдер бойынша есеп айырысу»

Кредит шот 1051 «Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есеп-шоты бойынша».

Банк балансында көлік құралдары болған жағдайда көлік құралдары салығының төлеушісі болып табылады. Салық салу объектісіне мемлекеттік тіркеуге жататын тіркемелер жатпайды.

Банктің бухгалтерлік есебіндегі көлік құралдары салығы бойынша өткізбелер жүргізілу тәртібі:

— ағымдағы төлемдерді есептеген кезде:

Дебет шот 5766 «Көлік құралдарының  салығы»

Кредит шот 2851 «Салық және басқа да міндетті  төлемдер бойынша есеп айырысу».

— ағымдағы төлемдерді төлеген кезде:

Дебет шот 2851 «Салық және басқа да міндетті  төлемдер бойынша есеп айырысу»

Кредит шот 1051 «Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есеп-шоты бойынша».

Жер үшін төлем жер салығы түрінде алынады. Салық салу базасы жер учаскесінің ауданы болып табылады.

Банктің бухгалтерлік есебіндегі жер салығы бойынша өткізбелер жүргізілу тәртібі:

— ағымдағы төлемдерді есептеген кезде:

Дебет шот 5764 «Жер салығы»

Кредит шот 2851 «Салық және басқа да міндетті  төлемдер бойынша есеп айырысу».

— ағымдағы төлемдерді төлеген кезде:

Дебет шот 2851 «Салық және басқа да міндетті  төлемдер бойынша есеп айырысу»

Кредит шот 1051 «Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есеп-шоты бойынша».

 

            Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей   сұрақтарға жауап беріңіз.    

            1.Салық есебінің принциптерін атаңыз.

            2.Банктер Салық Кодексіне сәйкес салықтың қандай түрлерін төлейді ?

            3.Корпортативтік табыс салығы туралы не айтасыз.

            4.Қосылған құн салығын төлеушілер кімдер, салық ставкасы қандай?

            5.Жеке таыс салығының ставкалары қандай ?

            6.Әлеуметтік салық ставкаларын айтыңыз.

            7.Жер салығын есептеуде қандай бухгалтерлік жазба жасалады?

            8.Мүлік салығын есептеуде және төлеуде қандай бухгалтерлік жазба жасалады?

            9.Көлік құралдарына салық салудың объектісі не?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *