HAMA3FA ЖАРАМАЙТЫН ХАРАМ, НӘЖІС НӘРСЕЛЕР
Нәжіс нәрселер денеге, яки киімге, яки жайнамазға тисе намазды бұзады. Ол нәжістер екі түрлі: кітапта біреуін ауыр нәжіс дейді. Біреуін жеңіл нәжіс дейді. Ауыр нәжіс дегені — араң, бауыздағанда шыққан қан, арам хайуан һәм арам өлген хайуандардың қаны, сарысуы. Және сідік боқ. Және адамның қаны, сарысу, іріңдері, адамның ауырлығы, тауықтың боғы, асыранды қаздың боғы. Тірі малдың яки арам хайуанның қаны, сарысуы, іріні. Бұлардың бәрі ауыр нәжіс. Мұндайлардан киім де, яки дене де жиырма тиындық күміс теңгенің ауданынан артық тисе, ол нәжісті жуып кетірмей тұрып намазға жарамайды. Егерде жиырма тиыннан кішірек болса жарайды, әйтсе де жуған жақсы.
Жеңіл нәжіс дегені, адал малдың сідігі, арам құстың саңғыруы сықылды. Ондай жеңіл нәжістен киімнің төрттен біріне тисе, намазға жарамайды. Онан кем болса жарайды. Егерде исі сасық болса бұларды жумай болмайды. Қайсысын болса да жуғанда шама келгенше түсін, исін кетіру керек. Тіпті, болмаса өз көңілің тазарды-ау дегенде қоясың. Етік сықылды сығып жуа алмайтұғын қаттырақ икемсіз нәрсені жуғанда сипап жуып тамшы басылғанша қоя тұрып үш мәртебе солай жуса болады. Бір нәрсенің нәжісі тиген жерін ұмытып қалса, көңілменен осы жер шығар деп мөлшерлеп жуса болды.
Ш.Құдайбердіұлы