Өзін- өзі ақтау әдісі.

Өзін- өзі ақтау әдісі.  

Кейбір компаниялар инвестициялық шешім жасағанда, белгілі бір мерзім ішінде алғашқы инвестициялар өзінің құнын қайтаратын жобалармен ғана жұмыс істейді. Өзінің құнын қайтару  (өзін-өзі ақтау) әдісі тар мақсатты болып табылады. Бұл әдісте өзін-өзі ақтау кезеңінде ақшалай қаражаттың қалыптасу тәртібі есепке алынбайды және де болашақ ақша ағымдары тіптен қарастырылмайды. Яғни бұл әдіс балама шығындарды қарастырмайды.  

Мысал. Инвестициялаудың негізгі екі көзі бар: А және Б. Әрбір жоба 20 млн. теңге мөлшерінде алғашқы инвестицияны талап етеді және де әрбіреуі бірінші жылдан ақшалай қаражат ағымын бере бастайды.  А жобасы үшін  ақшалай қаражат ағымы 6,5 млн. теңгені құрайды және де бұл жоба 4 жылға жалғасады. Б жобасының ақшалай қаражаты 6 млн. теңгені құрайды, бірақ оның мерзімі 8 жыл. Менеджерлер әдетте А жобасын таңдайды, себебі бұл жоба тез арада өзін-өзі ақтайды, дегенмен де егер таза келтірілген құн әдісін қолданатын болсақ, Б жобасы А жобасына қарағанда тиімдірек.

Активтердің баланстық құнына есептелген орташа пайда.  Кейбір фирмалар инвестициялық жобаларды пайдалылықтың бухгалтерлік пайдасы нормасы көмегімен бағалайды. Оны анықтау үшін жобадан болжанған орташа пайданы (амортизация мен салықтарды шегеріп) инвестициялардың орташа баланстық құнына бөлу қажет. Одан кейін бұл коэффициентті фирманың пайдалылығының бухгалтерлік нормасымен және тағы басқа сыртқы өлшемдермен салыстырады..

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *