Әлкей МАРFҰЛАН ӘМІРЕ

Әлкей МАРFҰЛАН
ӘМІРЕ

Семей қаласындағы атақты әнші Әміре Қашаубайұлының Мәскеудегі Халық ағарту комиссары жолдас Луначарскийдің телеграммасы арқылы, шақыруы бойынша 15 июльде болатын Францияның Париж қаласындағы Дүниежүзілік көрмесіне (әр ұлттың ғұрпымен қойылатын үлгілі әдеби-

1 Мақаланың өз кезеңіне тән қалпын бұзбау үшін түзетуді жөн көрмедік.

сауығына – «этнографический концерт») 27 майда жүріп кетті.
Әміре есен-сау Париж қаласындағы әдеби-сауық көрмесінде ән салатын болса, күншығыс еліндегі Арқаның сұлу әндерін Еуропа композиторларына, әншілеріне сұлулап түсіріп береді деген үміт зор…
1917 жылы еркіндік қайнаған кезде Әміре Семейге келіп, содан бері Семей сахнасында ән салып, сарынының анық мағыналы екендігін талай рет көрсеткен еді.
Әміремен қойылған сауық кешіне сатуға билет жетпей қалатын уақыттар да болатын.
Әміре – қырдың әдемі, сәнді әнін кейінгіге тапсыратын көзі.
Осы жылы апрель айының ішінде Әмірені Орынбордағы қазақ азаматтары шақырып, ондағы Қазақстан съезінің уәкілдігіне арналған сауық кешінде де көркем әнін естіртіп қайтқан.
Мәдениет гүлінің бір жапырағы Әміренің аман жүріп қайтуына тілектеспіз.
(«Қазақ тілі» газеті, 1925 жыл.)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *