ҚҰРБАН ШАЛМАҚ

ҚҰРБАН ШАЛМАҚ
Зекетке малы толған кісіге жылында құрбан күні бір қой шалмақ уәжіп болады. Өзіне тиісті байынан бөлек малы болса қатыны да һәм сүннетіне басқан, яки бір мирастан тиген жас баласының малы болса, зекетке толымды болса оған да құрбан шалмақ әкесіне уәжіп. Біреу өлсе қатыны һәм ер жеткен балалары яки әке-шешесі қалса, шариғат бойынша малын мирас қылып бөлгенде, әр қайсысына зекетке толарлық мал тиетұғын болса, бәріне де құрбан шалмақ уәжіп болады.
Құрбанға қой менен ешкінің он екі айды бітіріп он үшінші айға кіргені жарайды. Қойдың алты айдан өтіп жеті айға кірген токты жарайды деген нашар сөз. Оны шалуға жарамайды, себебі енесімен бірдей болса жарайды деген. Ол енесіменен бірдей болмайды. Оған қарамай, әжептәуір, жарайды деді ғой деп, шала берген жарамайды.
Сиырдың жиырма бесінші айға кіргені жарайды. Түйенің алты жасқа кіргені жарайды. Бір қой бір кісіге жарайды. Түйе менен сиырдың біреуі жеті кісіге шейін жарайды, онан көпке жарамайды. Құлағының яки құйрығының үштен бірінен көбірегі жоқ болса жарамайды. Жілігі татымайтұғын арық мал шалатұғын жерге басып бара алмаған ақсақ қаттырақ ауру мал жарамайды.
Құрбанды құрбан айттың үш күнінің қайсысында шалса да дұрыс. Бірақ алғашқы күн жақсы, онан соң орта күн, онан соң аяқ күн. Құрбан айының басы көрілмесе алдыңғы айды отызға толтырады. О да көрілмесе, онан бұрынғы айды отызға толтырып ауыз ашқан күн менен құрбан шалған күнді қосып ауыз ашқаннан жетпіс күн дегенде шалады. Бұл туралы ораза жайын айтқанда айтылған құрбанның айтының үштен бірін шикідей жарлыларға беріп, бір есесін келгендерге беріп, бір есесін өздері жейді. Терісін бишараға береді. Яки кеп пайдаланатұғын нәрсеге сатады.

Ш.Құдайбердіұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *