Қымбат намаз

Қымбат намаз
Алланың атын біліп, намазын біле алмай қор болып жүрген Сəрсембай деген бір адамның үйіне молдамын деп бір сұм келеді.
Сəрсембай:
– Молда-еке, маған намаз үйрет, ақысына не аласың? — дейді.
Молда:
– Жиырма қой, — дейді. — Жəне малыңды һəм асыңды тазала. Сонан соң оқисың, — дейді. Сөйтіп, Сəрсембайдың жүз жиырма қойы бар екен. Онан зекет деп үш қой алыпты. Асыңның құшыры деп он қойдан бір қой — он екі қой алыпты. Барлығы отыз бес қойын алыпты. Жəне молдаға күн сайын бір қойдан сойып беріп отырып, Сəрсембай намаз үйренеді. Əуел дəрет алуды үйренеді. Дəрет алудың өзі бірталайға сөзылып, қатынына күн сайын су тасытып, екі иінін жауыр қылады. Онан соң өлдім-талдым дегенде «алда акбар» деп үйренеді. Онан соң «құлқұ алда ақат, самат, жым-жылат, жата- лаука мəсбет, күлді күпуден ақат» деп үйренеді. Жығыларда «ақ қойдың кəлдесі, қара қойдың кəлдесі, мен құдайдың пендесі» деп үйренеді. Осыларды бір айдың ішінде үйреніп те болыпты. Қойды тауысып та болыпты. Бір күні намаз оқымақ болып: «Аяғынан сана, аяғынан сана» деп тұрғанда қатыны кіріп келіп: «Дəрет, дəрет деп шалбардың ауын шіріттің, «алда акбар» деп азғана қойды құрттың.
Енді «бір аяғынан сана» дегенді шығарған екенсің. Ол енді өз басыңа көрінсін», — деген екен.
Кəрімқұл Назарұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *