Николай АНОВ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕАТРЫНЫҢ ГАСТРОЛЬГЕ ШЫFУЫ ЖӨНІНДЕ
Әміре Қашаубаев концерттік турнемен Еуропаны аралауға жолдама алды. Ол Германияға, Францияға және Англияға ән айтуға шақыртылды. Бірақ Әміре шетелдерге бару сапарынан бас тартып, өз театрының жазғы гастролімен ел аралауды дұрыс деп тапты.
Академиялық орталық мынадай пьесаларды қоюды бекітті:
Майлиннің бір актілі үш комедиясы – «Шаншар молда»,
«Неке қияр», «Ел мектебі»; М.Әуезовтің екі пьесасы «Еңлік
– Кебек» және «Бәйбіше–тоқал»; Н.Ановтың «Мерезден құтқарды»; Шаниннің «Торсықбай»; Оспановтың «Сеңсең бөрік»; Кемеңгеровтің «Алтын сақина» пьесасы.
Спектакльдер ретін төмендегі аталған жерлерде қою ұйғарылды. Түркістанда – 5 спектакль, Шымкентте, Әулиеатада – 8, Пішпекте – 8, Ұзынағашта – 3, Алматыда – 8, Қарқара жәрмеңкесінде – 20, Қарақұмда – 5.
Бұл мемлекет театрының Қазақстан бойынша бірінші гастролі болып отыр. Тәжірибе жинақтылығы қандай? Оны осы сапар көрсетеді. Труппа құрамында талантты әнші Әміренің, әйгілі импровизатор Иса Байзақовтың және дарынды актер Сералының болулары гастрольдің табысты өтуіне кәміл сендіреді. Қазақ көрермендері есімдері көпке белгілі ең жақсы деген әншілерін, артистерін көруге мүмкіндік алып отыр.
(«Советская степь». 1926 жыл, 19 мамыр.)