«ТАҢ» ЖУРНАЛЫ (1925)

ТАҢ» ЖУРНАЛЫ (1925)
«Таң» журналы 1925 жылдың наурыз айынан бастап Семей қаласында шықты. Шығарушылары – Ш.Тоқжігітов, А.Сайдалин, Ш.Жантілеуов, сондай-ақ «Таңның» шығарушыларының бірі ретінде Мұхтар Əуезов те көрсетілген.
«Таң» журналында авторлардың материалдары мазмұнына қарай төмендегі бөлімдерде жарияланды:
«Жалпы саяси бөлім», «Ресми бөлім», «Шаруа бөлімі», «Білім-тəрбие бөлімі», «Əдебиет бөлімі», «Отантану бөлімі».
Журналдың «Ресми бөлімінде» үкіметтің қаулылары мен бұйрықжарлықтары, заңдар мен ережелер б
асылды. Басқа бөлімдер аясында ел ішіндегі оқу-ағарту ісі, білім беру, тəлім-тəрбие, тіл мəселесі, саясиəлеуметтік мəселелер, шаруашылық жайы сөз болды, ғылыми мақалалар жəне əдеби-мəдени туындылар жарық көрді.
Журналдың негізгі бөлімі – əдебиет бөлімі еді. Бұл бөлімде əсіресе М.Əуезовтің қолтаңбасы айқын байқалады. Абайдың, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың жарық көрмеген өлеңдері, Абайдың ұлы Тұрағұлдың Горькийден аудармалары, Сəбит Дөнентаевтың өлеңдері жарияланды.
Қазақтың халық ауыз əдебиеті де көрініс тапты.
1925 жылдың маусым айына дейін 4 саны ғана жарық көрген «Таң» журналы қаражат тапшылығына байланысты шығуын тоқтатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *