ТАРТЫП АЛҒАН НӘРСЕ ТУРАЛЫ
Тартып алған нәрсені иесін разы қылмай тұрып пайдалануға жарамайды. Бір қойды тартып алып сойса, төлемей тұрып жеуге болмайды. Тартып алған нәрсе бүлінбесе, өзін қайтарарда бүлінсе, яки жоғалса, тартып алған кездегі бағасын төлейді. Өзі әдейі жоғалтса да, яки басқа бір себеппенен жоғалып, яки бүлінсе де төлейді. Егерде біреудің алтын, күміс сықылды нәрселерін тартып алып, сауыт жасап қойса, иесі өзі алады да, сауыт болғандығына еш нәрсе төлемейді. Егерде киімді тартып алып, тоздырып жыртса, төлеуін алса да, жыртылғанын төлесе де, иесі ерікті болады, бірақ жыртығы бек азырақ болса, жыртықтың бағасын төлетеді, тартып алған нәрседен бір артықтық шықса, мәселен, семірген һәм бала тапқан, сүт-жүн шыққан сықылды. Сондайларын тартып алған кісі оз малындай күтпегендіктен жоғалтып, кемітсе төлейді. Ғұрыптан асырып іс қылса, егер де ондай қылмай, басқа бір себеппенен артықтары кетсе, жоғалса төлемейді, бірақ сұрағанда бермей қалып, артынан жоғалтса төлейді. Біреу бір мұсылманның арасын төксе, шошқасын өлтірсе, яки бір аң қамаған жердің есігін ашып жіберіп, аң қашып кетсе, онда төлемейді. Егерде үйін, нәрселерін бүлдірсе төлейді. Мәселен, домбырасын сындырған сықылдылар. Біреу бір кісіні жазықсыз ұрлыққа жығып зиян келтірсе, оны төлейді, бірақ өзіне зияны тиген соң, яки залым кісі болған соң тыйылсын деп шағыстырса, онда төлемейді.
Ш.Құдайбердіұлы