Табыстылықтың ішкі нормасы немесе дисконтталған ақша қаражаты ағымдарының табыстылық нормасы.Таза келтірілген құн табыстылық нормасы арқылы да көрініс табуы мүмкін, бұдан келесідей ереже шығаруға болады: «Табыстылық нормасы балама шығындардан жоғары барлық инвестициялық мүмкіндікті іске асыру». Бұл тұжырымдаманың мәні дұрыс. Дегенмен ұзақ мерзімді инвестициялық жобаға қатысты мәселе қиындай түседі, себебі ұзақ мерзімді активтердің нақты табыстылық нормасын табудың толық қанағатты әдісі жоқ. Келтірілген құн әдісіне ұқсас, бұл әдіс те ақша қаражатын дисконттауға негізделеді. Сондықтан да оны дұрыс пайдаланғанда тиімді нәтиже береді. Мәселе оның дұрыс қолданылмау мүмкіндігінде.
Пайдалылық коэффициенті немесе тиімділік- шығын коэффициенті. Бұл әдіс болжанған ақша қаражаты ағымының келтірілген құнының алғашқы инвестицияға қатынасымен анықталады.
Пайдалылық коэффициенті = PV / — Co
Бұл әдіс жобаны дисконтталған болашақ ақша ағымдарының инвестицияға қатынасы бірден үлкен болған жағдайда қабылдау қажет. Яғни компаниялар оң мәнді таза келтірілген құны бар жобаларды қабылдауы қажет. Бұл коэффициенттің жалғыз кемшілігі – келтірілген құн секілді қасиеті жоқтығында. Сондықтан да жобаны қабылдау барысында аса мұқият болу қажет.