Сақтық принципі. Сақтық принципіне сәйкес активтер мен пассивтер есепте айтарлықтай сақтықпен бағаланады және көрсетіледі, себебі банктің қаржылық жағдайына төніп тұрған қауіпті тәуекелді келесі кезеңге аударып жібермеуге тырысады. Демек:
а) есепті кезеңде аяғына дейін нақты алынған табыстар ғана есеп беруде көрсетіледі;
б) есепті кезеңде немесе өткен кезеңде анықталған күтілетін барлық міндеттемелер және әлуетті жоғалтулар, тіпті есептік мерзімнің аяғынан кейін қаржылық есеп беруге дейін пайда болса да тәуекелді жабуға резервте көрсетілуі керек. Бұндай жағдайда сақтық принципі капитал саласының өсуін мынадай жағдайда ғана мойындайды, осы жағдай толық анықталғанда, капитал сомасынынң азаюы толық анық болғанда таниды.
Материалдылық принцип. Банк басшысына және инвесторға шешім қабылдау үшін пайдалы барлық материалдық немесе маңызды ақпараттар қаржылық есепте көрсетілуі керек.
Егер ақпараттардың жоқтығы немесе бұрмаланып берілуі есеп ақпараттарын беруге пайдаланушының экономикалық шешіміне әсерін тигізе алса, ақпарат материалды болып табылады. Сондықтан материалдылық принципі маңызды емес жағдайларды жаңалықтарды ескермейді, тек барлық маңыздыларды тіркеп отырады.
Сатып-өткізу принципі. Бұл принцип табысты қай кезде есепке алу керектігін анықтайды. Ол бойынша өткізуден түскен табыс ақшаны алған кезде емес, өткізу жүзеге асырылған кезде, яғни қызмет көрсету жүзеге асқан сәтте және тұтынушыға өнімді жеткізген кезден есептеледі.
Сәйкестілік принципі. Бухгалтерлердің негізгі міндеті есепті кезеңдегі пайданы есептеу болып табылады. Пайда дегеніміз берілген есепті мерзімдегі табыс пен шығыс арасындағы айырма. Сәйкестілік принципі есепті кезеңдегі шығыстың есебін реттейді. Оның мағынасы: күрделі табыс алумен байланысты шығыстар әртүрлі шығындардың жиынтығынан тұрады. Яғни табыстар және оған сәйкес шығыстар бір есепті кезеңде көрсетілуі керек.