САНА» ЖУРНАЛЫ (1923–1924)
«Сана» журналының 1923 жылдың қаңтар айынан 1924 жылдың қарашасына дейін небəрі 3 нөмірі жарық көреді. Түркістан қазақ білім комиссиясының «екі айда бір шығып тұратын тəрбие, білім, əдеби мақалалар жинағы» болған «Сана» Ташкент қаласында шығып тұрды. Бас редакторы – қазақ-қырғыз білім комиссиясының төрағасы Халел Досмұхамедов. «Сананың» бағыты мен мақсаты жайында: «Заманымыз мəдениет заманы, мəдениетке білім жеткізеді: Білім оңайлықпен қолға түспейді. Білім алуға көп еңбек, асқан сабырлылық керек. «Сананы» шығарғандағы мақсатымыз аз да болса, кемшіліктерімізді жойып, елге, мұғалімдерге, жасөспірім шəкірттерге түсінікті сөз беру. Бұл өте ауыр жұмыс. Дегенмен, кіріспеске амал жоқ», – деп жазады журналдың алғашқы нөмерінде бас редактор.
Оқу-ағарту, білім беру саласына бағытталған журналды шығаруға І.Жансүгіров, М.Əуезов, Ж.Аймауытов, Ə.Диваев, М.Тынышпаев, Қ.Кемеңгеров, М.Жұмабаев секілді алаштың азаматтары қатысты.
«Сана» журналының беттерінде халықты білім мен мəдениетке жетелейтін мақалалар, ғылымның түрлі салаларына арналған танымдық дүниелер жарияланып тұрды. Жалпы білім беретін мектептерге енетін пəндер мен олардың жоспарлары басылды, арнайы оқу бағдарламалары мен ұрпақ тəрбиесі, білім берудің ұлттық сипаты сөз болды. Сондай-ақ, қазақ халқының тарихындағы хандар мен бишешендер, сал-серілердің өмірінен сыр шертетін жазбалар мен халық ауыз əдебиетінің озық үлгілерін де көруге болады.
Қазақ халқын озық мəдениетке жетелеу жолында ізденген «Сананың» басты ұстанымы – елді оқу оқып, білім-ғылым мен өнер үйренуге шақыру. Білім беру саласын бір т
əртіпке келтіріп, жүйелеуге ұмтылды.
Кеңестік билік тарапынан «Саясат» бөлімі болмағандықтан, сол күннің, сол таңның көкейкесті əлеуметтік, саяси мəселелерін көтеріп, жаңаны насихаттамағаны жəне ескіні, өткенді сөз еткені үшін» деген айып тағылып, журнал 1924 жылдың қараша айында жабылады.