Несие операциялары есебін ұйымдастыру және тәртібі.
Несиелік операциялар коммерциялық мекеме ретінде банк қызметінің негізгі дәстүрлі активті қызметі болып табылады.
Несиелер ұсыну фирмалардың, кәсіпкерлік компаниялардың, мемлекеттік кәсіпорындардың және жеке тұлғалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттарын қаржыландыру үшін жүзеге асырылатын оның басты экономикалық функциясы болып табылады. Банктер табыстың негізгі мөлшерін несиелік операциядан алады. Көптеген банктерде ссудалық операциялар олардың жиынтық активтерінің жартысынан көбін құрайды және табыстың 70 пайызына жуығын құрайды.
Несиелер несиелендіру процесінде банк пен оның клиентінің өзара қатынасы алдымен келісімдік сипатта жасалады, яғни несие сомасы және проценттік ставкалар мөлшері, оны көрсету әдісі және қайтару мерзімі несиелік келісім-шартта көрсетіледі. Несиелер тек несие қабілетті қарыз алушыларға беріледі.
Ссудалық шоттар жай ссудалық шот және арнайы ссудалық шот болады. Жай ссудалық шоттар бір реттік ссудалар қарыз алушының ағымдағы және есеп айырысу шоттарға есептелгенде және одан жою жүргізілгенде болады; арнайы ссудалық шот сауда, сауда-делдалдық ұйымдармен жабдықтаушылардың есеп айырысу құжаттарын төлеумен және жабдықтаушылардан табысты аударумен, сонымен қарыз жойылуында ашылады.
Әрбір 10-15күнде банк пен клиент арасындағы келісім шартқа сәйкес арнайы ссудалық шотты реттеу жүргізіледі. Бұл үшін дебет және кредит бойынша айналымдар салыстырылады, ал айырма есеп айырысу шотына жазылады немесе одан қажетсіздендіріледі.
Несиелер мерзімі бойынша келесідей түрлерге бөлінеді: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді.
Қысқа мерзімді несие – пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын несиелер. Олар тауарлы-материалдық құндылықтарға, төлемдердің ағымдағы қажеттіліктері мен шығындарына беріледі.
Ұзақ мерзімді несиеге мерзімі бір жылдан асатын несиелер жатады. Берілген несиелер қаржылық активтерді, айналым құралын, негізгі құралдардың қалыптасуы үшін қажеттілігіне беріледі.
Банкте ссуданы рәсімдеу үшін арнайы бөлім – несие бөлімі бар. Оның жұмысшылары несиелік келісім жасауға дейін клиентті зерттейді және талдайды
Осы мақсатта банкке клиент келесілерді ұсынады:
-есепті кезеңнің соңғы күніне бухгалтерлік баланс;
-ссуданың қажетті мөлшері және оны жоюдың техника-экономикалық негізділігі;
-қарыз алушының реквизиттері, ссуда сомасы, мақсаты, қайтару мерзімі көрсетілген өтініш;
-жедел міндеттеме.
Банк клиенке несиені рәсімдеуде кәсіпорынның нотариалды расталған жарғы көшірмесін, құрылтайшылық келісімді, жетекшілердің қолдары және мөрлердің үлгілері бар карточка талап етеді.
Ссудалық операцияларды рәсімдеу келесі тәртіппен жүргізіледі:
-несиелік өтінішті алу;
-өтінішті тіркеу журналындағы есеп;
-несиелік іс рәсімдеу және бөлімге немесе комитетке қарауға жіберу;
-ссудалық шот ашу және ссуданы беру.