НАСЫР ОҚЫҒАН ЖОЛАУШЫ ТУРАЛЫ
Керуен жүрісіменен, яки жаяу жүрісіменен үш күндік жерге бармақшы болған жолаушы аулынан былай шыққан соң, төрт рекет парыз намаздарды екі рекет қылып оқиды. Бесін, екінді, ясағ үшеуінің қарызын ниет айтқанда, пәлен намаздың қасыр парызын оқымаққа ниет қылдым дейді. Егерде бұл қасыр оқушы біреуге ұйып оңыса, сол ұйыған кісі түгел оқитұғын кісі болса, соныменен бірге түгел оқиды. Егерде ғасыр оқымайтұғын кісі ғасыр оқитұғын кісіге ұйып оқыса, ғасыр оқушы имам сәлем бергенде, ғасыр оқымайтұғын ұйығандар түрегеліп, қалған екі рекетін өздері имамсыз оқиды. Әлхам менен сүрені оқымай, үндемей тұрып, онан соң рүкуғ һәм сәжде қылып, ат-тахият оқып намазын бітіреді.
Бірақ, қасыр оқитұғын кісі имам болмақшы болса, мен қасыр оқимын деп айту керек…
Ш.Құдайбердіұлы