Келтірілген құн тұжырымдамасы. Болашақ және ағымдағы құнды есептеу

Келтірілген құн тұжырымдамасы. Болашақ және ағымдағы құнды есептеу

 

Жалдау бойынша операциялар, не болмаса ұзақ мерзімді қаржылық салымдар секілді қаржылық операцияларды бағалауда бухгалтерлік есепте дисконтталған құн ұғымы пайдаланылады. Құн теориясында ең маңызды мәселе – оны анықтаудың әдісі болып табылады. Анықтаудың бірнеше әдісі бар:

1. Таза келтірілген құн.

2. Өзін-өзі ақтау

3. Активтердің баланстық құнына есептелген орташа пайда

4. Табыстылықтың ішкі нормасы

5. Пайдалылық коэффициенті

Ақша қаражаты ағымы дисконтталуының негізгі екі себебі бар: біріншіден, бүгінгі теңге ертеңгі күнге қарағанда қымбаттырақ, ал екіншіден, сенімді теңгеге қарағанда тәуекелдік теңгенің құны аздау. Ағымдық құн инфляцияға байланысты емес, себебі инфляция көрсеткіші 0-ге тең болған жағдайдың өзінде, ақшаның уақыт шеңберінде құны болады. Келтірілген құнның және таза келтірілген құнның формулалары бұл идеяны сандық тілде бейнелейді.

Р. Брейли және С. Майерстің «Корпоативті қаржы қағидалары» атты еңбегіндегі келтірілген құн тұжырымдамасын толықырақ түсінуге мүмкіндік беретін мысал келтірілген.

Мысал. Сіздің көппәтерлі үйіңіз жанып кетіп, сіз тек 50 мың доллар тұратын жер мен қолыңыздағы сақтандыру компаниясының 200 мың доллар сомасына жазылған чекпен ғана қалдыңыз делік. Сіз үйді қайта қалпына келтіруді ойладыңыз, ал сіздің жылжымайтын мүлік мәселелері жөніндегі кеңесшіңіз ескі үйдің орнына жаңа кеңселік үй салуды ұсынды. Құрылысқа кететін шығын 300 мың доллар болуы мүмкін және де жеріңізді 50 мың долларға сата алатыныңызды ескеру өажет. Сонымен бірге сіздің кеңесшіңіз болашақта кеңселік бөлмелердің сұранысы жоғарылап, бір жылдан кейін жаңа үйді сату 400 мың доллар әкелуі болжайды, яғни бүгінгі күні 350 мың доллар инвестициялау нәтижесінде, сіз алдағы жылы 400 мың доллар әкелуін күтесіз. Егер күтілген табыстың келтірілген құны 350 мың доллар инвестиция  сомасынан    асатын болса,  онда бұл ұсынысты қабылдауыңыз қажет. Яғни сіздің алдыңыздағы тұрған мәселе – 400 мың доллардың бір жылдан кейінгі келтірілген құны қанша болады және оның келтірілген құны 350 мың доллардан аса ма деген мәселені ойлану.

Келтірілген құнды табу қиын емес.  Табыстылықтың шекті нормасы немесе балама шығындар деп аталатын мөлшерлеме бойынша ақша қаражатының болашақ ағымын дисконттау ғана қажет.

Дисконт мөлшерлемесі капитал нарығындағы басым табыстылық нормалармен анықталады.  Егерде ақша қаражатының болашақ ағымы сенімді болған жағдайда, дисконт мөлшерлемесі Үкіметтің борыштық міндеттемелері секілді бағалы қағаздар мөлшерлемесіне тең болады. Ақша қаражатының болашақ ағымының   көлемі белгісіз болған жағдайда, күтілетін ақша қаражатының ағымын сәйкес тәуекелділігі бар бағалы қағаздардың табыстылығының нормасы бойынша дисконттау қажет.

Ағымдық және болашақ құнды есептеуде күрделі пайыз қағидаты қолданылады.

Жай пайыздар – алғашқы ақша сомасына қолданылатын пайыздар.

Күрделі пайыздар – қайта қаржыландырылатын пайызға алынатын пайыз, яғни несие немесе қаржы салымы бойынша төленетін пайыз,  негізгі сомаға қосылады және нәтижесінде пайыз  негізгі сомамен қатар алынған пайызға да төленеді.

Болашақ құн – қазіргі таңда инвестицияланған ақша қаражатының болашақтағы құны, яғни күрделі пайыз рәсімін пайдалану нәтижесінде бірнеше жылдан кейінгі инвестицияның құны.

Болашақ құнды есептеуде келесі формула қолданылады:

, мұндағы,

FV – инвестицияның болашақ құны;

PV – ағымдағы құн;

r  — ағымдағы пайыздық мөлшерлеме;

n – пайыздарды есептеу жиілігі.

Мысал. Біздің  жылдық 10 пайызбен ақша салуымызға мүмкіндігіміз бар деп қарастырайық. Бүгінгі салған 1 теңгенің  3 жылдан кейінгі құнын есептейік:

Үшінші жылдың соңында : 1* (1+0,1) *3=1,33 теңге болады.

Егер де бүгін 250 теңгені жылдық 10 пайызбен 8 жылға салатын болсақ, онда бұл салым 250*(1,1)*8=535,90 теңге алып келеді.

Ағымдағы құн – болашақ ақша ағымының дисконтталған құны. Дисконттау әдісін қолдана отырып, біз болашақ ақша ағымының ағымдағы құнын біле аламыз, яғни болашақта белгілі бір мөлшерлеме бойынша белгілі бір соманы алу үшін қазір қанша қаражат салу керектігін біле аламыз.

Ағымдағы келтірілген құнды есептеу үшін келесі формула қолданылады:

, мұндағы,

FV – инвестицияның болашақ құны;

PV – ағымдағы құн;

r  — ағымдағы пайыздық мөлшерлеме;

n – пайыздарды есептеу жиілігі.

Мысал. 5 жылдан кейін 1 теңге алу үшін жылдық 10 пайызбен салатын қазіргі сомамызды анықтау керек, сонда / (1.10) = 1 / 1,61051 = 0,62092.

Алынған нәтиже 5 жылдан кейін 1 теңге алуымыз үшін, біз 0.62092 теңгені жылдық 10 пайызбен салуымыз керектігін көрсетіп тұр. Егер 1000 теңге алғымыз келсе (1000) * (0,62092) = 620,92 теңге салуымыз керек.

Таза келтірілген құн келтірілген құн мен мерзімі жақын ақша қаражаты ағымының қосындысына тең.

, мұндағы,

Со – мерзімі жақын ақша қаражаты ағымы;

С – егер мерзімі жақын ақша қаражатының ағымы инвестициялар, яғни ақша қаражатының кері ағыны болса, онда теріс мәнді болады.

Активтер құнын анықтаудың қалған төрт әдісі таза келтірілген құнының бәсекелестері болып табылады.  Әрқайсысые жеке қарастырамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *