«ЖАС ТҮРКІСТАН» ЖУРНАЛЫ (1929–1939)
«Жас Түркістан» журналы Парижде, Берлинде 1929–1939 жылдары жарық көрді. Басылым: «Біз, Түркістан тəуелсіздігін ту етушілер, еліміздің еркі жəне жұртымыз Түркістанның бостандығы үшін күресеміз!» деп өзінің күрескерлік бағытын жариялады.
Журналдың бас редакторы – тұлабойы өз елінің азаттығы үшін күрескерлік рухқа толы алаштың азаматы Мұстафа Шоқай. Саяси қуғын-сүргінде жүріп шығарған «Жас Түркістан» журналы халықаралық деңгейдегі басылым болды деуге толық негіз бар. Бұл сөзімізді журналдың 1931 жылғы 25-санындағы: «Жас Түркістанның» тек Еуропа мен Түркияның белгілі жерлерінде ғана емес, соған қоса Иран, Ауғаныстан, Қытай, Жапония, Сирия, Арабстанда да оқырмандары бар. Жақында ғана біз Хижазда тұрушы жерлестерімізден де хат алдық. Ол хатта Еуропада өз ана тілімізде Түркістан ұлттық т
əуелсіздігі міндеттеріне сай келген бір журналдың шығып тұрғандығына сүйініштерін жасыра алмаған. … Москва, Тблиси сияқты үлкен совет орталықтары да «Жас Түркістан» абоненттері» – деген жазбалар айғақтайды.
«Жас Түркістанда» Мұстафа Шоқай советтер еліндегі ұлт істері мен оларға қатысты идеология жұмыстарындағы кемшіліктерді батыл сынады. Өзінің отаршылдыққа қарсы антибольшевиктік күрескерлік мақалаларын жариялады.
Халықаралық «Жас Түркістанда» шетел хабарлары мен олардың қоғамдық-саяси хəлдері кеңінен жазылды, совет режимінің отаршылдық ұстанымы мен халықаралық қатынасы талданды. Түркістан хабарлары да тұрақты беріліп тұрды.
Жалпы, журнал мақалалары «Саяси бөлім», «Əдеби бөлім», «Хабарлар бөлімі», «Шет өлкелерде», «Кітабият» деген бөлімдерге топтастырылды.