Қапан БАДЫРОВ
«ЕҢЛІК – КЕБЕК» СПЕКТАКЛІНЕ
ҚАТЫСУШЫЛАР ТУРАЛЫ
«Еңлік – Кебек» спектакліне қатысушылардың кім екендігін анықтамақ болып, алғашқы режиссерлеріміз Серке, Құрманбек, Елубайлардан сұрап, 1961 жылы өзім жазып алған актерлер тізімі әлі сақтаулы. Олар:
1. Абыз – Елубай Өмірзақов; 2. Кеңгірбай – Елубай Өмірзақов; 3. Таңшолпан – (Абыздың әйелі) – Ғазиза Шәлімбекова; 4. Кебек батыр – Хұсайын Оңғарбаев; 5. Еңлік
– Шәмсия Әлібекова; 6. Есен батыр – Рахым Иманбаев; 7. Ыхан (Еңліктің әкесі) – Мұқажан Байтеров; 8. Қалампыр (Еңліктің шешесі) – Жанқия Малабаева; 9. Қараменде — Әбдулхай Абдуллин; 10. Еспенбет би – Серке Қожамқұлов; 11. Көбей би – Сейфулла Байғожин; 12. Жомарт би – Құрманбек Жандарбеков; 13. Кембай – Қапан Бадыров; 14. Жәуетей – Иса Байзақов; 15. Жапал — Әміре Қашаубаев; 16. Матақ — Әбен Мұхамедияров; 17. Жігіт – Дүйсенғали Мырзағалиев еді.
1926 жылдың басында келгендіктен Қалыбек Қуанышбаев бұл тізімге кірмей қалды. Бұл да көне факті, көпшілік біле бермейтін мағлұмат.
(«Естен кетпес есімдер» Алматы, «Өнер», 1981 ж.)