Борис ЕРЗАКОВИЧ МҰХТАРДЫҢ АБАЙ ӘНДЕРІН НОТАFА ТYСІРТУІ

Борис ЕРЗАКОВИЧ
МҰХТАРДЫҢ АБАЙ ӘНДЕРІН НОТАFА ТYСІРТУІ

…Алайда, одан кейінгі жылдары Абайға, сол сияқты революцияға дейінгі басқа да көптеген ақындарға, кеңес әдебиетінің, ғылымы мен өнерінің алғашқы қайраткерлеріне деген сыңарезу қате бір саясат өріс алып, Абайдың әндерін концертте орындауға тыйым салынды. Өз басым, мұны 1931- 1938 жылдары “Қазақ радиосында” қазақ музыкалық радио хабарының редакторы әрі пианист болып қызмет істеген кезімнен жақсыбілемін. Абайәндерімузыкалықхабарлармен көпшілік концерттерде бағдарламалардан алып тасталынып жүрді. Сондықтан ол кезде мен оның ән мұрасымен онша таныс емес едім. Сол себепті де радиоға мен жазып алып, нотасын түсірген 500 қазақ әнінің ішінде Абай шығармалары жоқ болатын. Ал, сол кезде маған басқа әндерді айтып берген әншілердің көбінің-ақ репертуарында оның әндері бар еді. Мұның мысалы ретінде бір ғана деректі келтірейін. Мәселен, Е.Г.Брусиловскийдің маған мынандай бір жайды айтқаны бар. Әйгілі халық әншісі Әміре Қашаубаевтың (1888-1934) дүние салардан аз уақыт бұрын өзінен Абайдың екі әнін, атап айтқанда «Біреуден біреу артылса» және «Қор болды жанымын» жазып алуын өтініпті. Абайдың осынау әндері, сөз жоқ, әншінің сол кезде қатты күйзелген жан дүниесін ашып бергендей еді. Достарының дені оны өте жақсы білді. Өз өмірінің соңғы жылдарында басшылықтың күдіктене қарауы және әділетсіздігі салдарынан айтулы әнші басынан көп қиындық кешірді. Оның жан күйзелісі, әсіресе, Франция мен Германияға концерттік сапармен барып келгеннен кейін үдей түсті.
(«Ақиқат» журналынан, 1997 ж.)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *