Банктің есеп-операционды аппаратының құрылуы.
Банктегі бухгалтерлік есеп бөлімшесі (бухгалтерия) оперативті
бухгалтерлік есепті және бухгалтерлік есеп берушіліктерді жасайтын банктің арнайы бөлімшесі. Бухгалтерия банктің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады және бас бухгалтермен басқарылады.
Есепті-операциондық аппарат құрылымында есептік топтар болуы мүмкін, олар экономикалық мазмұны бойынша біртекті шоттарды жүргізеді. Топтардың саны және құрамы банк қызметіне және оның масштабынан тәуелді болады.
Мысалы, кленттердің шоттарын жүргізуді жауапты орындаушылардан тұратын операциялық бөлім жүзеге асырады. Олар банктің сенімді жұмысшылары болып саналады, яғни олар есепті- ақшалай құжаттарды толтырады және қол қояды.
Шоттар және операциялар жауапты атқарушылар арасында бөлінген, арнайы кітаптарға тіркеліп отырады және бухгалтерлер және жұмысшылар қолымен рәсімделеді.
Банктегі есеп –операционды жұмысты банктің бас бухгалтері қамтамасыз етеді, ол ұйымдастырушылық сұрақтармен айналысады және бақылау функцияларын жүзеге асырады.
Бас бухгалтер келесілерді қамтамасыз етеді:
-банкпен жүзеге асырылатын барлық операцияларды бақылау және бухгалтерлік есеп шоттарында бейнелеу;
-клиенттерге есеп айырысу, ағымдағы және басқа шоттарды ашу;
-шоттар бойынша пайыздардың есептелуін бақылау;
-жауапты атқарушылар арасында міндеттерді және бухгалтерлік есеп шоттарын бөлу;
-банк басқармасын жедел ақпаратпен қамтамасыз ету;
-бухгалтерлік есептілікті уақытында құру;
-банктің қаржылық қызметіне экономикалық талдауды жүзеге асыру.
Бас бухгалтер күнделікті келесілерді тексеріп отырады:
-кассалық операциялардың дұрыстығын;
-ақшаның кірістелуінің толықтығын;
-күндік баланс пен айналым жиынтығын;
-ақша-есептік құжаттардың қалыптасу және сақталу дұрыстығын.
Бас бухгалтер бекітіліп берілген шоттар және мөрлерді көрсетумен банктің жұмысшы-бухгалтерлерінің лауазымды нұсқауларын құруға; кітаптарда, журналдарда операцияларды жүргізу және тіркеу тәртібімен таныстыруға және міндеттер мен құқықтарды бөлуге міндетті.
Жауапты атқарушы бухгалтерлердің міндеттері:
-ақшаларды есепке алу, аудару немесе беруге байланысты құжаттарды өңдейді;
-операциялардың заңдылығын тексереді;
-төлемдердің мақсатты тағайындалуын бақылайды;
-чектерді, төлем тапсырмалары мен төлем талап тапсырмаларын рәсімдейді;
-еңбек ақыны есептеу туралы анықтаманы қабылдайды;
-есеп айырысулар тәртібінің орындалуын қадағалайды.
Барлық өңделген құжаттар жауапты атқарушылардың қолымен міндетті түрде расталуы тиіс.
Банктердің мамандануы мен шамасынан және орындалатын операциялар көлемінен бухгалтерлік аппаратты ұйымдастырудың әртүрлі варианттары болады. Банк бухгалтериясының келесідей бөлімдері болады: операциондық, валюталық, несиелік, депозиттік, бағалы қағаздар, банкішілік бақылау және т.б.