Банкаралық депозиттік операциялар.

Банкаралық депозиттік операциялар.

 

Банкаралық депозиттік операциялар да мерзімді және талап етілген болып бөлінеді. Мұндай операциялар, ережеге сәйкес баланстың өтімділігі деңгейі мен есеп айырысуларды реттеу мақсатында жүзеге асырылады.

Басқа банктерден алынған несиелер сомасы 2051 “ҚР Ұлттық банкінен алынған несиелер”, 2052 “Шетелдік орталық банктен алынған несиелер”, 2053 “Халықаралық қаржылық ұйымдардан банкпен алынған несиелер”, 2054 “Басқа банктерден алынған қысқа мерзімді несиелер”, 2056 “Басқа банктерден алынған ұзақ мерзімді несиелер”, 2058 “Басқа банктерден алынған қарыздар және несиелер бойынша банктің мерзімі өткен қарызы”, 2059 “ҚР Ұлттық банкінен алынған  несиелер бойынша банктің мерзімі өткен қарызы” баланстық шоттарында есептеледі.

Банкаралық несиелер бойынша есептеу мен сыйақылар төлеу келесідей банктік  шоттарда есепке алынады:

5110 – Қарыздар боынша сыйақы төлеуге байланысты шығындар;

5111 – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің овернайт қарыздары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығындары;

5112 – Шетелдік орталық банктердің овернайт қарыздары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстары;

5113 – Басқа банктердің овернайт қарыздары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстары;

5121 — Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің талап ету салымдары  бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстары;

5122 — Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мерзімді салымдары  бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстары;

5123 – Шетелдік орталық банктердің мерзімді салымдары  бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстары;

5124 – Шетелдік орталық банктердің мерзімді салымдары  бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстары;

5125 – Басқа банктердің талап ету салымдары  бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстары;

5126 – Басқа банктердің қысқа мерзімді салымдары  бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстары (бір айға дейінгі);

5127 – Басқа банктердің қысқа мерзімді салымдары  бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстары (бір жылға дейінгі);

5128 – Басқа банктердің ұзақ мерзімді салымдары  бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстары.

Аналитикалық есеп әрбір дербес шот бойынша қаржыларды орналастыру мерзімі және проценттік ставкалар дейгейі бойынша жүргізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *