Қазақ түркілерінде үйлену

Қазақ түркілерінде үйлену
Біз осы нөмірде жоғарыда көрсеткен есімменен биылғы жылғы «Шора» журналының төртінші нөмірінде басылып шыққан бір кеңесті ноғайшадан аударып бастық. Бұл кеңесте қозғалатын мəселе біздің жоғарыдағы ауыр мəселенің біреуі. Бұл мəселені жазғанымызды бəлкім ұнатпағандар да болар. Өйткені жұрттың ата-бабадан мирас болып қалып келе жатқан ғұрып-əдетті бірден тастай қоюы қиын. Сөйтсе де «ауруын жасырған өлер» деген ата-аналарымыздың бір сөзі бар ғой. Кемкемтігімізді өзіміз қарастырып, өзіміз емдемесек, біз үшін кімнің ғана жаны аши қояр екен. Ата-əдеті балалар үшін қымбат зат, қымбат болғанменен өзгерілгіш өмір. Əр заман өзгеретұғындықтан бұрын дұрыс көрінген ғұрып-əдет; келешек бір күнде бұрыс болып көрінуі бұрыннан келе жатқан іс. Мұндай өзгерулер əр заманда болып тұрады. Іликин ақырындықпен болғандықтан көзге түсе қоймайды. Тап осы күнде бұрынғы рəсімдердің бір қатары рəсім болып жұмсалудан қалып бара жатыр. Қалып бара жатқан себебі, екі түрлі: біреуі орыс законына теріс болғандықтан, мысалы барымта секілді, екіншісі шаруашылық бабына тура келмегендіктен мысалы, ас беруі секілді. Осы кезде қазақ ішінде өр жерде-ақ кедей жігіттердің һəм əйелі опат болғандардың үйленулері өте қиындыққа айналып барады. Себебі, қалың мал қымбат, кедейдің оны табарлық халы жоқ. Сондықтан кедей жігіттердің көбі отыз-қырыққа келгенше үйлене алмай жүреді. Қатыны өлген кедей сорлыға жаңадан қалың беріп, қатын алу тағы да керек. Əсіресе ол кісі ер ортасы болған адам болса елге басшы болған бірқатар білімділеріміз: Қазақ кедей болса, орысқа малай болады, орысқа малай болса шоқынады, деп уайымдайды һəм кедей болмас үшін жалғыз шара көшпелі мал бағу деседі. Кедейліктен қатын ала алмаған жігіттердің қатынды болуы үшін шоқынатұғындары да бар екен, мұны тоқтатуға қандай себеп керек?! Білімділеріміздің Бұған да көз салулары, ой жүргізулері тиіс шығар деп білеміз. Бұл туралы біз бұрын біраз ғана сөз қозғап жиып едік. «Айқап» əлі қыз ұзатып бола алмай жүрдеген сөзге ұшырадық… Сондадағы бұл мəселені жазудан өзіміз тыя алмадық. Мəселе өте керекті. Біздің түсінуімізше қазақтар осы мезгілде əйелдердің туысы кем, өлуі артық. Əйелдің туысы кемдігі құдірет ісі болса, өлуінің көптігі біздің тұрмысымыздың қолайсыздығынан болуға деп ойлаймын. Барлық ауыр жұмыс əйел мойнында, əйелдің тəрбиесі де кем. Өздерін жастай күйеуге беру де оларға залал. Соның үшін бұл қалпымызды өзгертпесек, келешек бір заманда нəсіл, несібеміз бітіп кетуге себеп болар деп қорқамыз. Біздің əйелдер мəселесін қозғай беретін себебіміз де осы. Ал енді қазақтың бұл қалпы туралы «Шора» журналы мынаны айтады:
Бұл соңғы жылдары қазақ түркілерінің қысылғандығы əркімге мағлұм. Бұрынғы кең қазақ даласы (сахарасы) хақолменен толып барады, жерлері тарылды. Сол себепті қазақтың малы да азайды. Бұрынғы мың жылқысы бар адамдар қазір бір-екі жүз жылқыға қарап қалды. Бұрын саба-саба қымыз сапырып отырған қазақ кемпірлері қазір кішкентай ғана местерге құйып қымыз сапырады. Оның жартысы сиыр немесе ешкі, қойдың сүті болады. Мінеки, мұныменен қатар бұлардың бұрыннан келген əдет уа рəсімдері (баласына кішкентайынан-ақ құда түсіп қоюлары) заманның тілегіне дұрыс болмай, теріс жөнге жұмсалып тұр.
Бұрынғы заманда қазақтар кішкентайынан құда түскенде малын төлеген. Жер кең, су мол болған. Соның үшін оларға қырық жеті қараны төлеу ауыр болмаған. Олардың бұл рəсімдері қазіргі заманның тілегіне тура келмей отыр. Бұрын бек жеңіл ғана қалың төлеген қазекем қазір тез ғана бере алмай тұр не үшін? Мал жоқ, мал табарға өнер жоқ! Егерде бір қазақ жігіті үйленбек болса, неше жыл хақолда жалшы болып тұрады. Онда қанша алады дейсің? Көп болса жылына отыз сом. Міне, сөйтіп қайын атасына ақырын-ақырын малынтөлейді. Қазірдеқазақ түріктерінде мінез өте бұзылған. Түркілік табиғатында болған уəдешілікті бек азбенен табарсың. Байғұс күйеу бала:
Төлеп біттім, енді қызды аламын дегенде ғана қайын атасы тағы пəлендей ақша, пəлендей қара салады, болмаса қыз жоқ дейді. амал қанша қатын керек. Я жалшы болады, яки борышқа кіреді. Сөйтіп қырық жеті қара елу-алпыс қараларға барып жетеді. Енді амалдап төлеп, алдыма ас бітті, аман ғана болсын, өзі өлсе де қатын жоғалмайды. Бəлки туысқандарына қалады, қатынның ықтияры болмайды. Біз: «пəленше қара төлеп алғанбыз» деседі. Байғұс қатын қай құшақтағанның қатыны болады да қалады. Қазақтарда бұл рəсім мұнша күшті. Əкесі өлген соң, өгей анасын алуға жүрген қазақ жігітін де көргенім бар. Қалайша сен шешеңді аласың, шариғатта жоқ десең. Əкем қара төлеген, ол қара бекерге күйе ме? Біздің қазақтың заңы сол, – дейді. Соңғы жылдары бұл рəсімдер бойынша үйлену соншама қиын болып кетті. Тіпті дін тастап болса да арзан қатын алуға тырысады. Жетісу облысында Алматы төңірегінде Есік есімді станцияда бір жыл ішінде он бес, он алты жан дін тастады. Хақолда жалшы болып жүріп-жүріп қатын ала алмаған жігіттер енді бір амал тапты. Біреудің қатынын азғырып, ертіп алады да келіп шоқынады. Онан соң қазақтар келіп қатынды даулай алмайды. Орыс болған енді, көңіліне шайтан кірген соң, амал қанша, дейді. Асылында анау жігіттің көңіліне бір шайтан кірмеген. Тек қана үйленгісі келген. Үйленейін десе қырық-елуге дейін хақолға жалшы болуға тиіс. Ол екі ортада ғұмырдың ең қызық уақыттары өтіп кетеді. Соның үшін біреудің қатынын алып болса да шоқынуға зорланады. Ей, қазақ, бұл пайдасыз рəсіміңді қой. Аз ғана мал ал да қызыңды бер, шариғатта солай десең:
«Біздің қазақ рəсімінде қыз арзан емес, бес-алты жүз сом алмаған соң не, құдай оны шыдағанға шығарған. Шыдамасаң алма, дейді де қойды. Ақыры мынау болады ғой. Енді оның көңіліне шайтан кірген, – дейді. Ойламайды бұрынғы жері жоқ, бұрынғы суы жоқ, бұрынғы малы жоқ, солардың барлығы бірге жиналып қысқандығын. Мінеки, бұл залалды рəсімдер тұра берсе, қазақ түріктерінде көңілсіз уақиғалар көбейер. Əлбетте, мұның бір шарасына кіріспек барлық түрік көзі ашықтарына парыз-дұр.
Сабыржан Алқормашы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *