Шын сөзге жан пида
Қазақ газетінің 45 нөмірінде Р. М. Мырза газетке сөз жазушыларға деген кеңесінде «Қазақ» пенен «Айқапта» жазған сөздерін оқып өзге халықтың газетіменен салыстырып қарасақ, біздің артықшылығымыздың білінетін түрі бар көрінеді. Біздің сөз таластыруымыз газеттің бетіне ауатын есепті. «Айқап» арасындағы сияз хақында шыққан сөз айырымын жазады. «Айқап» бас қосу деп сөз бастады. Оған «Қазақ» өз ойын айтты. Пайдалы іс демеді, əліміз келмес, қой жиылыс қылмай баспа бетінде сөйлесек деп сақтық айтты. Бұл сақтық сөзді «Айқап» – «Аққу менен Шаянға» апарып, онан əрі барып «маймыл» шықты деді.
«Шын сөзге жан пида» деп қадірменді Шəкəрім мырза айтқандай қатемізді көрсетушіге біз Жан тəнімізбенен «Алла разы болсын» айтамыз. Бірақ қатемізді көрсетушілер «қатаң мынау» деп көрсетпес бұрын өздері əбден өлшеп, таразыға тартып, сонан соң барып көрсетулерін тілейміз. Өлшеуге салмай, асығыстықпен, яки болмаса жасырын бір жөнменен айтылған сөз болса, əлбетте пендеміз ғой, көңіліміз ауырады.
Р. М. Мырза «Айқапты» – «Аққу мен Шаянға» апарып соқты деп талас сөзді, кекесін-мұқасында бастап жіберуші «Айқап» болды дегендей қылады. Мырза, бұл турада жаңылмаспа екенсіз? .Бас қосуды «Айқап» бастады, оны дұрыс ақыл деп Райымжан Марсиков қостады. Сонан соң ортаға Жиһанша Сейдалин шықты. Ол «Айқап» арқылы жұрт мақұлдаса, мен үш айда ұрықсат аламын, сиязды болдырамын», – деді. Бұлардың бірінде де я кекесін, я мұқасын сөз жоқ еді. Сонан соң Əлихан Бөкейхановтың сөзі «Қазақта» басылып шықты.
Əлихан ол сөзінде Жиһанша Сейдалиннің үш айда ұрықсат аламын деген сөзін кекетіп «Сарышымшық» деген əңгімені бастап шығарды. «Аққу мен Шаян» содан соң шықты. Р. М-ның барлық кінəны «Айқапқа» аударуы ауру бастан сау басқа аударған есепті болмай ма?! Кекесінмұқасынмен айту секілді əңгімелер «Айқаптан» гөрі, «Қазақта» көбірек шыққан еді. Р.М. Ахмет мырзаның, Жиһаншаға жазған жауабын һəм бір қазақ баласының сөздерін оқып көрсе де оларды ауызға алмайды. Біздің сізбен сөз таластыруымыз қырдан көшіп газет бетіне ауатын есепті деп уайымдайды. Онысы дұрыс, бірақ қайтпек керек? Баспасөз «айна» дейді ғой. Кейіп жаман болса, айнаға өкпелеп болмайды. Бұзықтың басы буырылдан деп сол сөз таластыруды шығарушыларымыз қадірменді Əлихан менен Ж. Ш. Сейдалин емес пе? қазақта бір газет, бір журнал бар екен, сөз таласы туралы екеуі де айыпты.
Қадірменді Əлиханның қазаққа көрсеткен асып кеткен жақсылығы да белгілі, Жиһанша Сейдалиннің көрсеткен залалы да белгілі. Сөз таластыруды бастап жіберген үшін екеуі де «мақұл жігіттер» болып табылмайды. Сөзді екеуіне де бірдей айту тиіс емес пе?!
Р.М. өзге халықтың газетіменен салыстырып қарасақ, біздің қазақшылығымыздың білінетін түрі бар көрінеді депті. Шыққалы үш жылға толмаған жас газет пен журналды бірден апарып зор аршынға, салған. Мұнысы да асығыстық емес пе?! Екі жүз жылдан бері қарай баспасөзге ие болып келе жатқан Россия жұртының газет-журналдары сондай таптаза сөз жазып отыр ма?! Мінеки, Р. М. Мырза! Үзеңгіні тең шіремеген соң мұнша сөз жазылып отыр. Сіздің сөзіңізден де қазақшылығыңыз білініп тұр. Жазыңыздар сөз көр. Мүфти, би, земство мəселелері бар дейсіз. Мұныңызға əбден мақұл. Осыларды жазуға газет пен журнал тымақ ұмтылғысы келеді. Бірақ бұларды жазғанда да əркім өз пікірін айтуға бостандық болатын болса, бұлардан да сөз таласы шығады ғой.
Сияз мəселесінде «Қазақ пенен «Айқап» екі түрлі сөйлесе, əлі онша ма күшті дерт емес. Уақытша ғана болған нəрсе, өтті, кетті. «Қазақ» пен «Айқап» арасында сияздан гөрі зорырақ сөз айырымы бар. Мұнысы сөз таласынан шыққан айырым емес, осы күнгі қазақ халқының тұрмысының екі түрлі болғандығынан шыққан айырым, нағыз зор мəселеде шығып тұр. «Айқап» көшпелі норманы қуаттайды. Мүфтілік пенен бірлік мəселесі біріне-бірі едəуір ықылас мəселелер. Мүфтілік болса қазақтың қалың мал, жесір, екінші даулары, шариғатта айырыларға тиісті қазақ əдеті оны көтермейді. Бір қазақ баласы айтқандай қалың мал алудан қазақты оқыту үшін бірлігіміз яғни народный сот ескіше қалатұғын болса, əлгі айтылған даулар да Сыйыса алмайды. Земство жақсы нəрсе. Бірақ ол земстводан пайдалану үшін жұрттың отырықшы болмағы керек. «Қазақ» көшпелі бол деп отыр. Бұл мəселелердің барлығында талас шығармай, қалай ашу керек. Бұларды ашамыз, жұртшылық қыламыз, ел боламыз десек, түбінде бір сияз жасамай реті келмейді ғой.
Сөз аяғында Р. М. Мырзаның «Айқапта да» «а» менен басталып «е» менен аяқталған сөзді көріпті. Онан соң ас ішіп отырған уақытта оқылса жүрек айнып құсарлық сөздер көрінеді дейді һəм біздің қадірменді мырзалар Əлихан, Ахмет, Міржақыптың үкімет жағынан тұтқынға алынғанын олардың бетіне басқандай қылады дейді. Біз бұл сөздерді «Айқаптан» іздесек те таба алмадық. Р. М. Мырзадан өтінеміз, сол сөздер қай нөмірде, қандай сөзден аңғарылады, бізге көрсетсе екен. Əлихан мен Ахмет туралы бірлі-жарымды сөз жазылды, бірақ тоңған бетке қар себілген жоқ еді, Міржақыпты қалайша əкеп тықпалады, оның хақында бірде сөз жазылған жоқ еді ғой.
* * *
1915-інші жылғы 17-інші апрел соң да басқа діндегілердің дін жұмысына кірісу үшін бес ми қазақтың тіршілік-шаруасын төмендетумен дініне қол салуға болады отырған сенат ісі мынау: 1914-і жылғы 12 декабрьден соң да сенаттың қолайлаған жолсыз ережесін қия баспай орнына келтір деген переселен мекемесінің ісі мынау «Үшінші июнь законы» қазақ жер жерік болған кіназдардың, графтардың тілегі қабыл болып, думада дауысымызды шығармайтын қыл үнімізді өшіріп қойды.
Құрметті дума депутаттары! Законды тас-талқан қылып, жолсыз іс ету деген осы. Бұған сіздер ілтифат дума положениясының 35-інші һəм 58інші статьяларындағы айтылған жолға тиісті іс қылар деп үміт етемін.
Бірінші думаның депутаты Əлихан Бөкейханов.
«Қазақ»