ФАЭТОН
Овидийдiң «Метаморфоза» поэмасы бойынша баяндалған.
Әлемде орнатылған тәртiп тек бiр рет қана бұзылып, Күн құдайы адамдарға жарық беру үшiн аспанға шықпай қалды. Бұл былай болған едi. Күн-Гелиостың және теңiздiң әйел құдайы Хетиданың қызы Клименаның Фаэтон деген ұлы бар болатын. Бiрде Фаэтонның туысы, найзағай құдайы Зевстiң ұлы Эпаф оны мазақ қылып, былай дейдi:
– Мен сенiң нұр шапақты Гелиостың ұлы екенiңе сенбеймiн. Сенiң шешең өтiрiк айтады. Әншейiн жай бiр қарапайым адамның ғана ұлысың сен.
Фаэтон қатты ызаланды, екi бетi ұяттан өрттей боп қызарып кеттiө жүгiрiп шешесiне барды да, оның омырауына басын қойып, көз жасын төгiп, намысына тиген сөздi айтты. Шешесi екi қолын нұр шапақты күнге созып былай дедi:
– Оу, ұлым! Бiздi қазiр көрiп, естiп те тұрған және оны өзiң де көрiп отырған Гелиостың атымен ант етемiн. Сенiң әкең сол! Егер мен жалған айтқан болсам, ол маған жарығын түсiрмей-ақ қойсын. Сен әкеңе өзiң бара ғой, сарайы осы арадан алыс емес. Ол менiң сезiмнiң рас екенiн дәлелдеп бередi.
Фаэтон сол бойда-ақ Гелиосқа тартты. Оның алтын, күмiс және түрлi асыл тастармен жарқырап тұрған сарайына лезде-ақ жетiп келдi. Оны Гефест құдайдың әшекейлегенi сондай, сарай кемпiрқосақтың барлық бояуымен құбылып тұрды. Фаэтон сарайға кiрдi, үстiне алқызыл киiм киген Гелиос тақта отыр едi. Бiрақ Фаэтон нұр шапақты құдайға жақындай алмады, оның жай қарапайым адамның көздерi сияқты жанары Гелиостың тәжiнен шығып тұрған жарыққа қарай алмады. Күн құдайы Фаэтонды көрдi де, оған сауал қойды:
– Ұлым, сарайға не шаруамен келдiң?
– Уа, бүкiл әлемнiң жарығы, Гелиос әкем! Тек мен сенi әке деп айта алар ма екенмiн? – деп дауыстап жiбердi Фаэтон. – Менiң әкем екенiңдi дәлелдешi маған. Сенен жалбарынып сұраймын, күдiгiмдi сейiлтшi!
Гелиос нұр шапақты тәжiн басынан шештi де, Фаэтонды қасына шақырып, құшағына қысты:
– Ия, сен менiң ұлымсыңө сенiң шешең Климена жалған айтпаған. Ал сен ендi қайтып күдiктенбеуiң үшiн менен көңiлiң не қаласа соны сұра, Стикстiң киелi суымен ант етейiн, сенiң тiлегiңдi орындаймын.
Гелиостың осыны айтуы мұң екен, Фаэтон Гелиостың алтын күймесiне отырып, Күн құдайының орнына аспанмен жүрiп өтуге рұқсат беруiн өтiне бастады. Нұр шапақты құдай шошып кеттi.
– Ақымағым-ау, сен не сұрап тұрсың!– деп айқай салды Гелиос. – О, мен өз антымды бұза алатын болсам ғой! Сен буынсыз жерге пышақ ұрып тұрсың, Фаэтон.
Бұл сенiң қолыңнан келетiн iс емес. Сен кәдiмгi қарапайым адамсың, бұған адамның әлi келер ме? Тiптi мәңгi жасайтын құдайлар да менiң күймеме отыра алмайды. Ұлы Зевстiң өзi де менiң ат-арбамды басқарып жүре алмайды, ал әлемде одан құдiреттi кiм бар едi! Өзiң ойлап көр: алғашқыда жолдың тым тiк өрлiгi сондай, тiптi, қанатты аттарымның өздерi әрең көтерiледi. Жолдың орта тұсында оның жерден шырқау биiкте болатыны соншалық, төменде көсiлiп жатқан теңiздер мен жерге көзiм түскенде, менiң өзiмдi де қорқыныш билейдi. Ал жол аяқталар кезде Мұхиттың қасиеттi суына құлама жар болып күрт төмен түсетiнi сондай, менiң тәжiрибемсiз арба аспаннан бiр-ақ құлап, күл-талқаны шығар едi. Сен, бәлкiм, жолда талай тамаша нәрсенi көрем деп ойлайтын шығарсың. Жоқ, бұл жол қатерлi жол, ол сұмдық құбыжықтар мен жабайы аңдардың арасымен өтедi. Ол өте тар, қылдай: сәл тайып кетсең болды – сенi қаҺарлы өгiздiң мүйiзi күтiп тұрады, кентавр садағын кезенедi, бiр жағында сұмдық улы бүйi мен шаян43. Аспан жолында сұмдық қорқыныштар көп. Иланшы маған, мен сенiң ажалыңа себеп болғым келмейдi. О, сен менiң көкiрегiме көз жiберiп, сен үшiн қалай қорқатынымды көре алсаң ғой! Айналаңа қарашы, әлемге көз жiбершi, тамаша нәрсе қандай көп! Не тiлесең – соны сұра, мен сенен ештеңе аямаймын, тек күймемдi сұрама. Өйткенi, сен сыйлық емес, жаза тiлеп тұрсың ғой.
Бiрақ Фаэтон ештеңеге құлақ асқысы келмедiө Гелиостың мойнынан құшақтап, өз тiлегiн орындауды өтiнiп жалына бердi.
– Жарайды, сенiң өтiнiшiңдi орындайын, өйткенi мен Стикстiң суымен ант еттiм. Сен сұрағаныңды аласың, бiрақ мен сенi ақылдырақ па деп ойлап едiм, – деп өкiне үн қатты Гелиос.
Ол Фаэтонды күйме тұрған жерге алып келдi. Фаэтон қос доңғалақты арбаға сұқтана көз салды: арба түгел алтыннан жасалған және алуан түстi асыл тастармен безендiрiлген. Мәңгiлiк дәм мен шәрбат берiп бағылған Гелиостың қанатты аттары әкелiндi. Қос доңғалақты арба жегiлдi. Қызғылт саусақты Эос қақпаны ашты. Гелиос күн сәулесiнiң жалыны күйдiрiп кетпеуi үшiн Фаэтонның бетiне қасиеттi май жағып, басына жалт-жұлт еткен тәж кигiздi. Қайғыға толы көкiрегiн қарс айыра күрсiнген Гелиос Фаэтонға ақырғы ақыл-кеңесiн айтты.
– Ұлым, менiң соңғы кеңестерiмдi есiңде ұста. Егер қолыңнан келсе – орындайтын бол. Аттарды қатты айдама, мүмкiндiгiнше делбеге мықты бол. Аттардың өздерiақ құйғытып бередi. Оларды тежеп ұстау оңай емес. Ал жолды, күйме iзiнiң сорабын, сен өзiң де көресiң, ол бүкiл аспан арқылы өтедi. Тым биiк көтерiлме – аспанды, тым төмен түспе – жердi өртейсiң. Оңға да, солға да бұрылма. Сенiң тура жолың жылан мен құрбандық орнының44 дәл ортасымен өтедi. Қалғанының бәрiн тағдырға тапсырдым, тек соған ғана үмiт артам. Ал ендi уақыт та болып қалыпты, түн аспаннан ауып, қызғылт саусақты Эос шығыпты. Делбенi мықтап ұста. Әлi де кеш емес, бәлкiм, сен райыңнан қайтарсың, өйткенi бұл сапар сенiң өмiрiңе қатер төндiрiп тұр ғой. Ой, жерге мен өзiм-ақ жарық берейiншi! Өзiңдi сақташы!
Бiрақ Фаэтон күймеге ырғып мiндi де, делбенi қолына алды. Ол шаттанып, масайраған күйi, әкесi Гелиосқа алғыс жаудырып, тезiрек жолға шығуға асықты. Аттар тұяғымен жер тарпып, танауларынан жалын шашады, қос доңғалақты арбаны жеп-жеңiл зырғытып ала жөнелдi. Тұман арасымен аспанға қарай тiк көтерiлетiн жолмен заулап кеттi. Қос доңғалақты арба аттарға әдеттегiден тым жеңiл болып көрiндi. Мiне, аттар аспанда ағызып келедi, олар ендi Гелиостың дағдылы жолынан шығып, жолсыз, тура заулады. Ал Фаэтон болса, жолдың қайда екенiн бiлмейдi, ол аттарға ие бола алатын емес. Шырқау биiк аспаннан жерге көз салып едi, қорқыныштан өңi құп-қу болып кеттi – жер төменде, тым алыста жатыр едi. Тiзесi қалтырап, көзi қарауытты. Ол әкесiнен қос доңғалақты арбасын сұрағанына өкiне бастады. Ендi не iстеу керек? Ол көп жер жүрiп өттi, алда әлi ұзақ жол бар. Фаэтон аттарға ие бола алар емес, олардың есiмдерiн де бiлмейдi, ал делбемен тежеуге күшi жетпейдi. Ол айналасындағы аспанның қорқынышты аңдарын көрiп, бұрынғыдан да үрейлене түседi.
Аспанда сұмдық құбыжық, қаҺарлы бүйi жатқан бiр жер бар – аттар Фаэтонды сонда алып келе жатыр. Бақытсыз жас жiгiт өзiне өлiм себетiн бiздiгiмен айбат көрсетiп тұрған, қара удан тырсиған бүйiнi көрiп, үрейден есi шығып, делбенi қоя бердi. Бас бостандығын сезген аттар бұрынғыдан да бетер самғай түстi. Олар бiресе жұлдыздарға қарай құйғытып, бiресе төмендеп, нақ жердiң үстiмен шабатындай. Гелиостың қарындасы, ай құдайы Селена өз бауырының аттары ешкiмнiң тежеуiнсiз шауып келе жатқанына таңдана қарап тұр. Тым төмендеп кеткен күймеден шыққан жалын бетiн шарпып кеттi. Үлкен бай қалалар, тұтас тайпалар құрып кетiп жатыр. Орманды таулар: екi басты Парнас, саялы Киферон, жасыл Геликон,
Қапқаз таулары, Тмол, Ида45, Пелион, Осса жанып жатыр. Айналаның бәрiн түтiн жапқанө Фаэтон қалың түтiннiң iшiмен қай жерде келе жатқанын көре алар емес. Өзендер мен бұлақтардағы су қайнай бастады. Хор қыздары жылап, қорыққандарынан терең, жасыл үңгiрлерге тығылды. Евфрат, Оронт, Алфей, Эврот46 және басқа да өзендер сарқылдап қайнап кеттi. Ыстықтан жер жарылып, күн сәулесi Аидтың қара түнек патшалығына түстi. Теңiздер сарқыла бастады, ал, теңiз тәңiрiлерi аптап ыстықтан азап шеге бастады. Сол кезде Жер құдайы Гея орнынан көтерiлдi де, айқай салды:
– О, құдайлардың құдайы, найзағай тәңiрiсi Зевс! Нелiктен жер – мен өлуге тиiстiмiн, нелiктен сенiң ағаң Посейдонның патшалығы құрып кетуге тиiс, нелiктен бүкiл тiршiлiк атаулы өшуi керек? Қарашы, Атлас тауы аспан салмағын әрең көтерiп тұр. Аспан мен құдайлар сарайы қирауы мүмкiн ғой. Шынымен бәрi де ең бастапқы қара түнек – Хаос қалпына келмек пе? О, тым болмаса, аман қалғанын оттан құтқарсаңшы!
Зевс әйел құдай Геяның жалбарынған үнiн естiдi, қабағын қаҺарлана түйiп, жарқ еткiзiп найзағайын лақтырды да, соның отымен өрттi өшiрдi. Зевс жай жiберiп күйменi қиратты. Гелиостың аттары бет-бетiмен бытырап кеттi. Күйме сынықтары мен әбзелдерi бүкiл аспанда шашылып қала бердi.
Ал бұйра шашы жалынға оранған Фаэтон аққан жұлдыз тәрiздi әуемен самғап барып, өз елiнен шалғайда, Эридан47 өзенiнiң толқын атқан суына құлап түстi. Гесперида хор қыздары оның денесiн алып шығып жерге көмдi.
Қатты қайғыдан қабырғасы қайысқан Фаэтонның әкесi Гелиос бетiн басып, көгiлдiр аспанда күнi бойы көрiнген жоқ. Жерге тек өрттiң жалыны ғана жарық берiп тұрды.
Фаэтонның сорлы анасы Климена қаза болған ұлының мүрдесiн ұзақ iздедi. Ақырында Эридан жағасынан ұлының денесiн емес, қабiрiн тапты. Қайғылы ана ұлының қабiрi басында көз жасын көл ғып төктi, онымен бiрге Клименаның қыздары – гелиадалар да бауырын жоқтап жылады. Олардың қайғысы шексiз едi. Құдайлар жылап отырған гелиадаларды теректерге айналдырып жiбердi, Эриданға төнген теректер жайқалып тұр, ал олардың шайырға айналған көз жасы мұздай суға тамшылайды. Шайыр қатып, мөп-мөлдiр кәрiптасқа айналып жатыр.
Фаэтон қазасына оның досы Кикн де қатты күйзелдi. Оның жылаған даусы Эридан жағалауын түгел күңiрентiп жатты. Кикидың жұбанышсыз қайғысын көрген құдайлар оны аппақ аққуға айналдырып жiбердi. Сол кезден берi аққу Кики суда, өзендерде және суы мөлдiр көлдерде өмiр сүредi. Ол өзiнiң досы Фаэтонды мерт еткен оттан қорқады.