Тағы да сияз хақында
Орысша һəм татарша тағылым алған жаңа өспірім жас шəкірттеріміздің көтеріңкі көңілменен жазған сөздері, қазақтың тіршілігінің өсуіне, зораюына көп пайдасының тиюі рас. Олар қазақтың ішкі дініне, адамшылық рухын кіргізушілер, сондадағы қазақтың жұртшылығы, тіршілігі туралы олар əлі жас бала. Неге десеңіз, олардың көбірегі əуелі өздері қазақтың тіршілігінің қалай екендігін білмей жатып, қазаққа ақыл үйрете бастады. Өздері қазақ тіршілігіменен тұрмаған соң, қазақ жайын білмейді, қазақтың тіршілігінің волостный управительдің жұмырығында екендігін олар аңғармайды. Сахарада турған қазақтың арасындада жақсы һəм ақылды адамдар бар. Тəжірибелері көп болған соң олардың қазақтың пайдасы туралы көп оқыған интеллигенттерін жоғары көтеруге шамалары келеді.
Олардың Аллаға əділдік жасауға айналулары кеміген болса, айып оларда емес, қазіргі күндегі қазақтың қалыбында айып. Мен сахарада тұрсам, бəлки жылқы ұрысы болып кетер едім. Неге десеңіз, əркім де сабалғанымнан сабағаным артық деп ойлайды деген екен. Қазақтар хақындағы шыққан закондарды жинап шығарған областной правленияның бұрынғы бір старший советнигі бұл сөз мысқыл секілді айтылған болса да, ішінде зəредей болса да растық бар. Əуелі қазақты адам қатары тіршілігі етерлік қылып тəртіптерді өзгертіңіз, сонан соң оны əр түрлі кінəлары үшін сөгерсіз. Қазақты сифилис ауруы жайылған, барлығы бұзықтыққа айналған, олардың арасында əр түрлі қотыр ауырулары таралған деп айыптасады. Е. Оларды кім емдейді? Балгерлері, бақсылары алдаушылар, школ жаман деп қайғырысады. Е, оларды кім оқытады? Басына сəлде орауға шəкіртпін деуге жанның бəрі оларды оқытады, қалай оқытады? Біреу орманға, біреу отынға дегендей. Белгілі программ жоқ, тексеру жоқ, қазақтың тіршілік интересіне қорған болып кім тұр? Қазақты бөтендердің жəбір-жапасынан кім қорғайды? Подпольный адвокаттар, народный сот хакімінен қазақ қалай құтыла алады? Ақталу үшін ант еткізуменен яки болмаса, волостной управительдің жəрдемімен закон бойынша барлығы да «брадяк» болып табылуға тиіс. Қазақта туған, өлгенді, неке қиылғанды жазатын метрке жоқ. Жер министрі ғылым бабына муафық қазақ жерінің əрбір шұңқырын, сайын өлшеген, сынаған, Іликин қазақтың өзі ескерусіз қалып қойған. Мен өзім оншама діндар адам емеспін, сондадағы əрбір жұрттың дін һəм діни мəселелері барлығын білемін. Қазақтың да діни мəселесі барлығы рас. Мұны Петербордағы жатқан хакімдер бек біледі. Іликин соңғы жылдарда қазақтың ондай мəселелері көлеңкеде қалып, ілгері айқын жерге орналастыру мəселесі шығарылған. Біз көңілді жұбату үшін қазақ сахарасының газет-журналдармен жаңарғанын көргіміз келеді. һəм бұл жаңаруға молдалар ұжмаққа айналғандай айналамыз. Біреудің айналғанын, қиялын бытырату жақсы емес. Алайда ащы расты көрмейміз деп көзімізді жұмуымыз қаншама жақсы? Бұл күнгі қалыпта халықтың тіршілігін қағаз бетіне ғана сыйғызып болмайды. Өткен үшін қайғырып, болуы мүмкін болмаған істі үміт етуден пайда жоқ. Жəне тағы жазушыларымыздың не көшпелі, не егін шаруашылығына таныс болмағандығы, олардың ғылымының шағындығы, өзара татушылығының бірін-бірі күндеуі, аңдуы. Жаңа «Ысырайылымыздың» қандай екендігін ап-анық көрсетпей ме? Мен өзіміздің қазақ халқын сүйемін, ақылды, бейнетқор, бірақ қорқамын осы күнгі Түркия секілді өз балаларының пышағынан жазым таппаса жарар еді! һəм берігіректе хауіптенемін олардың ерлік, жастық қызулығы ақыл жағын басып кетпесе жарар еді деп. Осы күнгі қазақтың жабырқауы – өлер алдындағы жабырқау, болжау жабырқауы емес пе екен деп қорқамын! Зілзала болардың алдында жан-жануарлар тынышсызданады дейді ғой. Біреулердің келешек есігін зорлап ашқысы келеді. Біреулер зорлықпенен өткенді қолдан шығарғысы келмейді. біреулер саудагерлік еткісі келеді де, біреулер өткенді сағынады. Біз қазір де бір сазда тұрмыз. Сіздің болмас оныңыз, шүбəңіз, уайымыңызбен халықты жаңартып болар ма екен?! Мен бұларды жазғанда Сізбен ерегісейін деп жазбаймын, бəлки бұл турада білгенімді айтуымды міндет деп білгендіктен жазамын. Бағызы уақыттарда ақылды, шын ықыласты адамдар да шатасады. Өздері шатасқанын байқамай, сіздің жазған статьяңызды қандай ілтифатпен оқып шыққандығымды һəм қазақтың жаңа туып келе жатқан матБұғатына (баспасына) қаншама құрмет көрсеткенімді білдіру үшін бұл сөздерді жазамын.
Жиһанша Сейдалин