СИЗИФ

СИЗИФ
Гомердiң «Илиада» және Овидийдiң «ҚаҺарман арулар» дастандары бойынша баяндалған.

Барлық жел атаулының әмiршiсi Эолдың ұлы Сизиф өте ежелгi заманда Эфира деп аталған Коринф қаласының негiзiн салушы болды.
Дүйiм Грекияда айлакерлiгi, қулығы мен ептiлiгi жөнiнен ешбiр жан Сизифпен тең түсе алмады. Қулығы арқасында Сизиф Коринфте өлшеусiз көп байлық жинап алдыө оның асыл қазынасының даңқы алысқа тарады. Оған бiрде ажал құдайы қатыбас Танат келiп, оны Аидтың қайғылы патшалығына әкетпекшi болды. Бiрақ ажал құдайының жақындап қалғанын күнi бұрын сезiп қойған Сизиф Танатты айламен алдап соқты да, шынжырмен бұғаулап тастады. Жер бетiндегi адамдар өлмейтiн болды. Ендi ешбiр жерде сән-салтанатты жерлеу деген болмады, жер астындағы патшалық құдайларына құрбандық та шалынбады. Жер бетiнде Зевс енгiзген тәртiп бұзылды. Сол кезде найзағай құдайы Зевс Сизифке құдiреттi соғыс құдайы Арестi жiбердi. Ол Танатты бұғаудан азат еттi, ал Танат Сизифтiң жанын алып, оны шейiттер патшалығына алып барды.
Бiрақ Сизиф құдайларды тағы да алдап кеттi. Ол әйелiне өз денесiн жерлеме және жер асты құдайларына құрбандық шалма деп тапсырды. Сизифтiң әйелерi оның айтқанын екi етпедi. Аид пен Персефона жерлеу кезiндегi құрбандықты ұзақ уақыт бойы күттi. Ал құрбандық болса шалынар емес. Ақырында Сизиф Аид тағының қасына жақындап келдi де, былай дедi:
– Уай, өлгендер жанының әмiршiсi, құдiреттi Зевспен терезесi тең ұлы Аид, менi жарық дүниеге жiбере көр! Мен әйелiме сен үшiн аста-төк құрбандық шал деп әмiр беремiн де, содан соң шейiттер патшалығына қайтып келемiн.
Аид Сизифке сендi де, жер үстiне шығарып қоя бердi. Бiрақ Сизиф Аидтың патшалығына қайтып оралмай қойды. Ол өзiнiң салтанатты сарайында қалып, қара түнек елестер патшалығынан амалын тауып оралғанына, қарапайым адамдардың бiрi болғанына қуанып, шат көңiлмен той тойлай бердi.
Аид ыза болды да, Сизифтiң жанын алып келуге Танатты қайтадан жұмсады. Қарапайым адамдар iшiндегi ең айлакерлерi бiрiнiң сарайына келiп кiрген Танат оның сән-салтанатты той үстiнде думандатып отырғанын көрдi. Құдайлар мен адамдар жек көретiн ажал құдайы Сизифтiң жанын суырып алды да, ол аруақтар патшалығына мәңгiлiк ұшып кеттi.
Өзiнiң жер бетiнде жасаған айла-шарғылары мен алаяқ зұлымдығы үшiн Сизиф о дүниеде ауыр жаза тартады. Ол орасан зор үлкен тас биiк, құлама жарлы құзар биiк тауға қарай домалатуға жазаланған. Сизиф барлық күшiн жинап еңбек етедi. Ауыр жұмыстан оның өн бойынан тер жаңбырдай тамшылайды. Мiне, таудың құзар шыңы да жақынө тағы бiр рет күш салса – Сизифтiң еңбегi де аяқталғалы тұрө бiрақ тас оның қолынан сусып шығып кетедi де, будақ-будақ шаң көтерiлiп, төмен қарай салдыр-гүлдiр құлайды. Сизиф қайтадан жұмысқа кiрiседi.
Сизиф осылайша тасты мәңгi домалатумен болды, бiрақ ол алға қойған мақсаты – тау басына ешқашан да жете алмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *