Пайғамбар
Қайғырдым, жан қинадым, шындық іздеп,
Елсіз жер, жапан түзде, жүрдім еңіреп.
Тұр едім тоғыз жылдың торабында
Көрінді Жабыраил алдыма кеп.
Көзімді қалды сипап қолыменен
Тездігі ұйқы дағы түспенен тең.
Бүркіттей қорқып қалған аңдаусызда,
Жарқырап нұр төгілді екі көзден.
Жұғысты одан келіп құлағыма,
Дүңгірлеп іші толды айғай-шуға
Есіттім жер мен көктің сілкінгенін,
Ұшқанын періштелер ой мен қырға.
Шуылдап бақа, шаян, құрт-құмырсқа,
Жүргенін быж-быж қайнап терең суда.
Сай-сайды өрлеп біткен бала қайың,
Толықсып гүлденгенін күн-күн сайын,
Жəне де кіріп кетіп аузыма
Тілімді жұлып алды Жабыраил.
Бос сөзге ерінбейтін ұзын тілім,
Кінəлі қиянатшыл болған менің,
Аузыма қатып қалған қанды қолмен,
Жыланның əкеп қойды улы жерін.
Ішімді одан кейін тағы жарды,
Орнықсыз қобалжыған жүректі алды,
Кеуденің тесігінен орнықтырып,
Қыздырып қатты жанған көмір салды.
Өткіздім жансыз болып неше күнді,
Сол кезде жоғарыдан бір үн келді. –
Көзіңді аш, тұр пайғамбар, құлағың сал,
Орнына келтір менің бұйрығымды.
Жүреті Сөзбен жұрттың күйдір, –дейді.
Аралап шөлді, сулы жерді.
А. С. Пушкин