МИНИЙДIҢ ҚЫЗДАРЫ
Овидийдiң «Метаморфоза» поэмасы бойынша баяндалған.
Беотиядағы Орхомендегiлер де Дионис құдайдың әмiрiн әу дегеннен тани қойған жоқ. Орхоменге ДионисВакхтiң абызы келдi де, барлық қыздар мен әйелдердi орман мен тауға шарап құдайының құрметiне көңiлдi мейрамға шақырды. Ал Миний патшаның үш қызы мерекеге бармай үйiнде, қалдыө олар Дионистi құдай деп танығысы келмедi. Орхоменнiң барлық әйелдерi қаладан саялы ормандарға кеттi. Шырмауықпен өрiлiп, қолдарына тирс ұстаған менадалар сияқты, улап-шулап, тауды аралап, Дионистi мадақтаумен болды. Ал Орхомен патшасының қыздары үйiнде қаннен-қаперсiз жiп иiрiп, тоқыма тоқып отырған. Күн де ұясына қонып, қас қарайды, бiрақ патша қыздары алдындағы iстерiн қайткенде де бiтiрiп тастауға тырысып, жұмысын тоқтатпай жүргiзе бердi. Кенет олардың көз алдында ғажайып бiр нәрсе пайда болды. Сарайда тимпандар мен флейталардың үнi естiлдi де, иiрiлген жiп жүзiм шыбықтарына айналып, меуелi жемiстер өсiп шықты. Тоқыма станоктары жап-жасыл болып кеттi: оларды қалың шырмауық жапты. Барлық жердi де шырын мен гүлдiң хош иiсi алып, патша қыздары бұл ғажайыпқа таңдана көз тiктi. Кенет кеш қараңғылығы түскен кезде бүкiл сарайдың iшiнде үрейлi алаулар қаптап кеттi. Жабайы аңдардың үрейлi үндерi естiлдi. Сарайдың барлық бөлмелерiнде арыстандар, қабыландар, сiлеусiндер мен аюлар пайда болды. Олар сарай iшiнде үрейлi үн шығарып, аласұрып көздерiмен ызғарлы жалын шашты. Үрей билеген патша қыздары шырақдандар жарығын көрмей, аңдардың зәрлi даусын естiмеу үшiн сарайдың ең алыс, қараңғы бөлмелерiне тығылуға тырысты. Бiрақ мұның бәрi де бос далбаса боп шықты, олар еш жерге бой тасалай алмады.
Патша қыздарының денесi семiп, сұрғылт тышқан түгiн жамылды, қолдарының орнына қанат өсiп шыға келдiө Олар жарқанатқа айналды. Сол кезден берi олар күндiзгi жарықтан қашып, қараңғы, дымқыл орындар мен үңгiрлерде жасырынады.